"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САХНА ТӨРІНДЕ — «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ»

16.10.2015

Жуырда қаламыздағы Мәдениет сарайында мүгедектер күніне орай «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен және қалалық әкімдіктің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы «Екі жұлдыз» шығармашылық фестивалінің гала-концерті өтті.

{jcomments on}Айта кету керек, аталмыш шара Елбасы Н.Назарбаевтың мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, қоғамға бейімдеу саясатын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ, олардың  арасынан дарындыларды анықтау, шығармашылық қабілеттерін ашу және жетілдіруге жағдай жасау, мүгедек балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған болатын. Ал бұл мәдени шараның басты ерекшелігі — мүмкіндігі шектеулі жандар сахна төріне шығып, әртүрлі сайыстардың лауреаттары мен дипломанттары атанған қалалық Мәдениет үйінің әртістерімен, кәсіпқой әншілермен жұптасып өнер көрсетеді. Бұл сөз жоқ қамкөңіл жандарды қанаттандыратыны анық.

Фестивальге «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нен, «Асыл» қоғамдық ұйымдарынан және көмекші мектеп-интернаттардан мүмкіндігі шектеулі балалар мен аймағымызға әйгілі өнерпаздар қатысты.

Байқау бағдарламасына вокал бойынша үш кезеңнен тұратын шығармашылық сайыс кіреді екен. Сайысқа қатысу үшін 25 тапсырыс беріліпті, соның ішінен екінші кезеңге 16 жұп өткен-ді. Олар жас ерекшелігіне байланысты үш санатқа бөлініпті. Ал сайыскерлерді қалалық Мәдениет үйінің директоры, Балалар және жастар шығармашылық сарайының вокалдық студиясының жетекшісі, музыкалық колледждің хор дирижері кәсіби түрде бағалады. Міне, осылайша, екінші кезеңнен кейін санат бойынша 12 жеңімпаз анықталып, олар аталмыш гала-концертке жолдама алған болатын.

 

Бұл күнгі мерекелік іс-шараға көрермен ретінде қалалық әкімдік тарапынан арнайы қонақтар, өңірімізге қарасты барлық денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің, әлеуметтік қорғау және бағдарламалар бөлімінің өкілдері, сондай-ақ «Исток», «Асыл» қоғамдық бірлестіктерінің мамандары мен тәрбиеленушілері шақырылған еді. Шараға сонымен қатар мүгедектерге үнемі демеушілік көмек көрсетіп жүрген жеке кәсіпкерлер мен әлеуметтік қызметкерлер де келді.

 

Аталмыш фестиваль барысында байқағанымыз, мүмкіндігі шектеулі болса да, байқауға қатысушы өрендер кәсіби әншілерден кем ән айтпайды екен. Мәлім болғандай, олардың барлығы да арнайы жаттықтыру орындарына барып, өнерлерін ұштап жүрген ынталы жандар болып шықты.

Гала-концерт дарынды ұл-қыздардың табиғи таланттарын ұштап, болашақта қоғамнан лайықты орын табуға көмектесетіні айқын.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

16.11.2026
Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

Абай облысында 2026 жылдың алғашқы 10 айында 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілген. Өңірде жыл сайын 220 мыңнан астам екпе...

Толығырақ...Details

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

16.11.2026
Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

Халықтың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту Қазақстанның әлеуметтік дамуындағы маңызды міндеттердің бірі болып қала...

Толығырақ...Details

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

16.11.2026
Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

Адамның еркін жүріп-тұруы, тұрғылықты жерін өз қалауынша таңдауы және елден тыс жерлерге шығуы оның негізгі құқықтары мен бостандықтарының қатарына жатады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

3 часа бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

17 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

21 час бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

21 час бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

21 час бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

22 часа бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

23 часа бұрын

Абай облысында салық түсімдерінің жоспары 102 %-ға орындалды

23 часа бұрын

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

3 дня бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС