"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ – ӨРКЕНДЕУДІҢ ӨЗЕГІ

16.10.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен сейсенбіде қалалық Достық үйінде «Ұлтаралық қатынастар мәдениеті — қазақстандық қоғамның табысты дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған шараны қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Исток» балалар мен жастар шығармашылық орталығы өткізді.

{jcomments on}Шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдер, студенттер, этномәдени орталықтар өкілдері, әлеуметтанушылар мен ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар ұлтаралық келісімнің сақталуы, еліміздегі тұрақтылық пен достықты бекемдей түсуде ұлтаралық қатынастың алар орны жайында айтылды. Ал шараға қатысқан мектеп оқушылары мен студенттер жастар ортасындағы келісім мен төзімділік жайында өз ойларын ортаға салды.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев атап өткендей, өзекті тақырып өзара сыйластық, келісім мен бейбітшілік мекеніне айналған Достық үйінде өткізілуі өте маңызды.

— Қазақстан қашанда достық пен бірлігі жарасқан ел болып қала береді. Дөңгелек үстелге болашақта ел тізгінін ұстайтын жасөспірімдеріміздің қатысып отыруы қуантарлық жайт. Өйткені алдыңғы буынның жастармен тәжірибе алмасып, тұрақтылық пен келісім қалыптасқан еліміздің дәстүрін дәріптеу болашағымыз үшін аса қажет. Бүгінде қазақ жерін мекен ететін түрлі ұлт пен ұлыстың барлығы еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Оны жастарымыз да жете түсінулері қажет. Қазір Семей шаһарын сексенге тарта ұлт пен 10 конфессияның өкілдері мекендейді. Олардың барлығы тату-тәтті өмір сүруде. Дегенмен біз мұнымен шектеліп қалмай Елбасының саясатын алдағы уақытта да іс жүзінде дәлелдей отырып, осы бағытта жұмыстар атқара беруіміз керек, — деді А.Садырбаев өз сөзінде.

 

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар еліміздің құқықтық мемлекет тұрғысында дамуының негізі ретінде Конституцияның басты рөліне және көпұлтты мемлекеттің нағыз тетігі болып келетін Қазақстан халқы Ассамблеясының нығайтушы мәніне ерекше тоқталды. Дискуссия кезінде тараптар ұлтаралық қатынастар мәселесіндегі Қазақстан Конституциясы нормаларының және елдің ұстанымдары мен саясатының ерекшелігін атап өтті. Себебі Қазақстан 130-дан астам ұлттан тұратын көпұлттық және көпконфессиялық ел болып табылады. Сонымен бірге жиында Конституцияның баптары мен ережелерін мүлтіксіз орындау негізінде қоғамда төзімділік, бейбіт өмірде тұрақтылықты сақтау қажеттілігі айтылды.

 

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

51 минута бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

1 час бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

3 часа бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

21 час бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС