"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДА ЖАҢАШЫЛДЫҚ БАСЫМ

16.10.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ағымдағы жыл Үржар ауданы бойынша, әсіресе, абаттандыру саласында ерекше маңызға ие болды. Барқытбел баурайындағы жасыл желекке малынған аудан орталығы көркейту бағытында жүргізілген оңды шаралар нәтижесінде қайта жасарды. Бүгінде көркімен көз тартқан келісті Үржарда аудан әкімі Серік Зайнулдиннің бастамасымен бой көтерген көрнекі нысандар ерекше назар аудартады. Жаңашыл әкімнің креативті бастамалары орталық шырайын арттыра түскен. Көңілге көрікті сезім сыйлайтын мұндай әсерлі көріністер әсіресе түрлі атаулы мерекелері мол биылғы жылы ерекше орын алды. Ал аймақ басшысы Даниал    Ахметов кез-келген елдімекеннің көрікті болуы, әсіресе өңірлер орталықтарында сергектік сыйлайтын әдемі нысандардың бой көтеруі, әрі осы арқылы тұрғындарға жоғары эстетикалық талғам қалыптастыруды аймақтарды көркейтудің басты талабы ретінде санайтыны белгілі.

{jcomments on}Тұрғындарының саны 16 мыңнан асатын бір ғана Үржар ауылы — бүкіл Шығыс Қазақстан облысындағы халық саны ең көп ауылдық елдімекен. Халық тығыз қоныстанған құтты өңірдің өңін ашатын шаралар биыл да мол болды. Әуелгі кезекте тазалық пен реттілікті басты орынға қоятын аудан әкімінің «Аудандағы елдi мекендерді көгалдандыру, көркейту, санитарлық  жағдайын жақсарту жөнiндегі екі айлық өткiзу туралы» бастамасы аясында ауқымды істер атқарылды. Айта кетерлігі, бұл шара барлық 27 ауылдық округтерге де тән.

Ағымдағы жылға аудандық бюджет есебінен 49 млн. 761 мың теңге өңірдегі елдімекендерді көркейту бағытында қарастырылған болатын. Көп мәселе қаржыға келіп тірелетіндіктен аталмыш сома арқылы бірқатар мәселелер оң шешімін тапты. Атап айтсақ, 4 млн. 400 мың теңге жолаушы жүргіншілер жолағын төсеуге, 6 млн. 300 мың теңгесі Ауған соғысы ардагерлерінің аллеясын тұрғызуға, 10 млн.  теңге Үржар ауылында «Мәңгілік Ел» аллеясын салуға, 920 мың теңге қаражат аудан халқының жұмыспен қамтылуы туралы ақпаратты электронды табло орнату мақсатында игерілген болатын.

 

Ал Үржар орталығындағы түрлі символикалық монументтер қонақтар мен жергілікті тұрғындарға тағылымды ой салары анық. Мәселен, Үржар апорты қондырылған аялы қол мүсіні бұл өңірдің алманың отаны екендігін айғақтап тұрғандай. Бұл бір есептен үржарлықтарға, әсіресе өскелең буын санасында туған жердің қадір-қасиетін арттырып, өз жерлерінің патриоттары болуларына шынайы септігін тигізетіні анық. Айта кетерлігі, аталмыш идеяның авторы — аудан әкімі Серік Зинабекұлы. Аудан басшысы жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу шараларына ден қоюда ескерткіш-монументтерге ерекше мән беруде. Осыдан біраз бұрын бой көтерген ауған соғысы ардагерлеріне арналған монумент — соның айғағы. Бұдан өзге қазақы нышандағы аспаптар – қобыз бен домбыра бейнесіндегі архитектуралық өнер туындылары да ұлт мұрасына құрметпен қарауға үндейтіндей. Яғни, Серік Зинабекұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан абаттандыру, көркейту шараларының тәрбиелік қыры да бар деген сөз. Осы орайдағы ең көрнекті нысан – «Мәңгілік Ел» стелласы аудан әкімінің сәулет туындыларын орнатудағы ерекше қолтаңбасы саналары анық.

 

Сонымен қатар биыл көшелер жиегін жарықтандыру бағытында да тындырымды жұмыстар жүргізіліп аяқталды. Мәселен, орталықтағы Абылайхан даңғылы бойын жарықтандыруға 10 млн. 500 мың теңге бөлініпті. Тағы бір оңтайлы мәселе, жалпы сипаттағы трансферттер есебінен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 33 млн. 551 мың теңге көркейту және көгалдандыру жұмыстарына бөлінді. Оның аясында Үржар ауылының кіре берісіне «Үржар» деген жазуы бар аркалы қақпа орнатылып, «Мәңгілік Ел» аллеясына тротуар төселді.

Биылғы жылдың үлесіне жататын бірқатар шаралардың арасында Сухой Лог өзені арқылы өтетін көпірдің жанына жасалған арка, Мақаншы ауылындағы көркейтілген «Жеңіс» саябағы мен көше қиылыстарына орнатылған бағдаршам және Көкөзек, Барқытбел сынды бірқатар ауылдардағы жарықтандырылу жұмыстарын айтуға болады.

«Ісім өнсін десең — ретін тап!» дейді хакім Абай. Үржардағы өнімді істің орайымен аяқталуына мемлекеттік бағдарламалар игілігін сәтімен пайдалану да септесті. Ал бұл шара аудан әкімі Серік Зинабек-ұлының жауапты сала мамандары мен ауылдық округ әкімдеріне  әрдайым қадап тапсыратын міндет аясында шешім табуда. Оған да мысал жеткілікті. Мәселен, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде ауданға қарасты 13 ауылдық елдімекендердегі саябақтарды абаттандыру, ауыл көшелерін жарықтандыру мен жөндеуге және білім мен мәдениет нысандарының жөндеу жұмыстарына ағымдағы жылы 73 млн. 851 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, межеленген жұмыстар жүргізілді.

Биылғы жылы абаттандыру бойынша             7 елдімекеннің инфрақұрылымдары жақсартылды. Қарастырылған қаржыға 1 саябақ пен қос бірдей аллеяны абаттандыру, үш елдімекенді жарықтандыру және екі арка орнату жұмыстары жоспарланып, межеленген жұмыстар толықтай жүргізіліп, нәтижелі аяқталды.

Бүгінгі Үржар көркімен көз тойдырады. Өзгерген, өң кірген аудан орталығы мен ауылдық елдімекендер ертеңгі күнге деген сенімді еселейтіндей. Абаттандыру саласындағы жаз бойғы атқарылған жемісті жұмыстың игілікті нәтижесі осындай.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталады

12.02.2026
Абай облысында көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталады

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылға арналған жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі 2026 жылғы 1...

Толығырақ...Details

Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын пысықтауды аяқтады

12.02.2026
Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын пысықтауды аяқтады

Конституциялық Соттың Төрайымы – Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның төрайымы Эльвира Әзімова Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша жүргізілген жұмыстың алдын ала...

Толығырақ...Details

«Respubliсa» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды – Айдарбек Қожаназаров

12.02.2026
«Respubliсa» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды – Айдарбек Қожаназаров

«Respubliсa» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды – Айдарбек ҚожаназаровКонституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respubliсa»...

Толығырақ...Details

Жаңа Конституция орнықты әрі адамға бағдарланған саясаттың негізін қалыптастырады – Асхат Рахымжанов

12.02.2026
Жаңа Конституция орнықты әрі адамға бағдарланған саясаттың негізін қалыптастырады – Асхат Рахымжанов

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, саясаттың өзегіне адамды қоя отырып, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Конституциялық...

Толығырақ...Details

Айдос Сарым: жаңа Конституция жобасы – бірегей тарихи құжат

12.02.2026
Айдос Сарым: жаңа Конституция жобасы – бірегей тарихи құжат

Жаңа Конституция жобасы – сарапшылар мен қоғам өкілдерінің ұзақ әрі тиянақты еңбегінің нәтижесінде әзірленген бірегей тарихи құжат. Ол жалпыхалықтық референдумға...

Толығырақ...Details

Магеррам Магеррамов: Қазақстан Халық партиясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдайды

12.02.2026
Магеррам Магеррамов: Қазақстан Халық партиясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдайды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Конституция...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталады

5 часов бұрын

Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын пысықтауды аяқтады

5 часов бұрын

«Respubliсa» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды – Айдарбек Қожаназаров

5 часов бұрын

Жаңа Конституция орнықты әрі адамға бағдарланған саясаттың негізін қалыптастырады – Асхат Рахымжанов

5 часов бұрын

Айдос Сарым: жаңа Конституция жобасы – бірегей тарихи құжат

6 часов бұрын

Магеррам Магеррамов: Қазақстан Халық партиясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдайды

6 часов бұрын

Сергей Пономарев: жаңа Конституция Қазақстандағы келісім мен бірлікті қамтамасыз етудің сенімді тірегіне айналады

6 часов бұрын

Жаңа Конституцияда өтпелі кезеңнің барлық рәсімдері, мерзімдері мен регламенттері жазылды

6 часов бұрын

Семей қаласында 40 аула аумағында асфальттау жұмыстары жүргізілді

6 часов бұрын

«Ақ жол» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдады

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС