"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АРДАГЕРЛЕР ӘРДАЙЫМ ҚАМҚОРЛЫҚТА

16.10.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Үлкенге ізет, қарттарға қамқорлық – қандай қоғам болмасын, қай кезде де керек қасиет. Ұлтымызға тән бұл ұлықты үрдіс бүгінгі күні де жергілікті атқарушы билік тарапынан шынайы көрініс табуда. Соның бір айғағы ре-тінде, қала әкімі Ермак Сәлімов бастаған әкімдік өкілдерінің «Мейірімділік» айлығы аясында қаламыздағы қос қарияның шаңырағында болып, қарттар үйіне баруын айтуымызға болады.

{jcomments on}Алдымен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Қазақстан Республикасының Халық әртісі Күләш Сәкиева мен соғыс ардагері Герасим Махтеевтің шаңырағында болып, қарияларды мерекемен құттықтады.

Қыз Жібек, Баян, Еңлік, Ақтоқты, Майра сынды көптеген кейіпкерлердің рөлін сомдаған Халық әртісі Күләш Сәкиева биыл 95 жасқа толды. Күләш Сырымбетқызы қос бірдей «Құрмет белгісі» және «Парасат» орденінің иегері. Семей және Зайсан қалаларының «Құрметті азаматы», театрдың тарланы һәм сахнаның саңлағы. Жақында ғана 95 жылдық мерейтойын атап өткен өнер иесі өзін сергек сезінеді. Өнер жолын Жамбыл театрында бастаған Күләш апа Семейдегі үлкен театрға 1952 жылы келді. Міне, сол жылдан бері Семейдің қара шаңырағында қаншама рөлді сомдады. Бір өнер ордасында 70 жылға жуық еңбек етіп, 300-ден астам арулар бейнесін сомдап, өнер сүйер қауымның ізгі ілтипатына бөленген жан. Күләш Сырымбетқызы мереке аясында арнайы келген шаһар басшысына зор алғысын білдірді. Еліміздің өркендеу жолында еңбек етіп жүрген барша азаматтарға өзінің ақжарма тілегін жеткізді.

Өз кезегінде қала әкімі Ермак  Бидахметұлы Халық әртісі Күләш Сырымбетқызына мерекелік сый-сияпаттарын тарту етті.

Сонымен қатар шаһар басшысы соғыс ардагері Герасим Махтеевтің үйіне барып, арнайы мерекемен құттықтады. Герасим Махтеевтің жасы қазір 98-де. Сұрапыл соғыс жылдары майданның басынан соңына дейін жауға қарсы тұрып, Украина, Белоруссия, Польша, Чехославакия елдерін азат етуге қатысып, жеңісті Австрияда қарсы алған екен. Қала басшысымен әңгімелесу  кезінде     Герасим Махтеев мүмкіндігінше қоғамдық шараларға белсене араласып, қаладағы Зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы жанындағы хор ұжымының құрамында болғанын, сол жерде Мария Мазуркинамен танысып, кейін үйлену тойларын жасағанын да жеткізді.

 

Ал түстен кейін Ермак Бидахметұлы қаладағы қарттар үйіне арнайы барды. Бұл шаһар басшысының аталмыш әлеуметтік мекемеге жаңа қызметке тағайындалғалы бергі алғашқы бас сұғуы. Сондықтан да болар, Ермак Бидахметұлы әуелгі кезекте қарттар үйінің ішкі жабдықталуы мен жарақтандырылуы, қызмет көрсету үрдісіне назар аударып, күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып шықты.

 

Қазіргі күні Гүлмира Идаятқызы жетекшілік ететін бұл мекеме егде жастағы адамдар үшін қамқорлық пен ізгілік ұялаған жылы мекенге айналған. Тағдырдың жазуымен осында келіп паналаған қариялар қамсыз тіршілік кешуде. Олар үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Ғимаратқа жылу қазанның 2-і күні беріліпті. Бір қараған адамға аталмыш мекеме медициналық орталықты еске түсіреді. Оның себебі, қарттар үйінің бірінші қабатында оңалту, емшаралар жүргізу бөлімдері орналасқан. Қала әкімі Ермак Сәлімов осындағы әлеуметтік-психологиялық көмек беру бөлімі мен физиоемдеу кабинеті, массаж бөлмелерін аралап шығып, қызмет көрсету барысымен танысты. Бөлімдердің жабдықталуы, жаңа технологиямен жарақтандырылу жайы туралы сауалдар қойды.

Ал нысанның екінші қабатында жатын бөлмелер орын тепкен. Мұнтаздай таза палаталарда қариялар тақталы ойын түрлерін ойнап, өзара әңгіме-дүкен құруда.

Ермак Бидахметұлы республика көлемі бойынша өтіп жатқан қамқорлық айлығы аясында осында тұрақтаған Анна Солонскаяға амандық сұрап, сәлем бере кірді. Ғұмырын қаламыздағы түрлі өндіріс орындарында бейнетті еңбекпен өткізген кейуана бүгінде 101 жасқа толып отыр екен. Қала әкімін жылы шыраймен қарсы алып, құттықтай келген жандарға алғысын жаудырып жатты. Осынша жасқа келсе де, құлағы да жақсы естиді, көзі де жақсы көреді екен. Таяққа сүйеніп мекеме ішін қыдырыстап та қайтатын көрінеді. Өз кезегінде мықты денсаулық тілеген қала әкімі сый ретінде әжелерге лайық  оқалы жаулық сыйға тартты.

Шаһар басшысы құттықтаған келесі жан 96 жасқа толып отыр-ған Ханымбүбі Ескендірова болды. Ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған әжей әкімдік өкілдері келген сәтте «Қазақстан» ұлттық арнасынан күндізгі жаңалықтарды тамашалап отыр екен. Өзіне арнайы келген қала әкімін көргенде ерекше қуанғанын жасырмады. Алғыс, ілтипатын жаудырып, тіпті, баталы тілек те білдірді.

Ермак Сәлімов сонымен қатар қарттар үйіндегі мұражай жұмысымен де танысты. Түрлі тарихи фотосуреттермен газет тігінділері, құжаттар мен деректер қойылған бұл кабинет мазмұнымен де құнды. Мұнда әсіресе, әр жылдарда қарттар үйінің тұрғыны болған, Жеңісті жақындатуға елеулі үлес қосқан майдангерлер өмірі жайлы тұщымды дүниелер қойылыпты. Сонымен қатар, патефон, сарбаз каскасы сынды жәдігерлер де бар.

Сапарының соңында қала әкімі өз әсерімен де бөлісті.

— Еліміз бойынша өтіп жатқан айлықтың берері мол. Соның аясында қарттар үйі  мекемесінің жұмысымен танысып шықтық. Көрсетіліп жатқан қызмет көңілден шығады. Мұның барлығы қорытындылай келгенде ел Президентінің қарттарға қамқорлық жасау туралы тапсырмасының тиянақты жүргізіліп жатқанын айғақтайды, — деді өз сөзінде шаһар басшысы Ермак Бидахметұлы.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

28.04.2026
Абай облысында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Абай облысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері...

Толығырақ...Details

Облыста жерді игеру мен көші-қон мәселесі күн тәртібіне шықты

28.04.2026
Облыста жерді игеру мен көші-қон мәселесі күн тәртібіне шықты

Semeytany.kz – Бүгін облыс әкімі Берік Уәли төрағалығымен өткен әкімдік отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу, қоныс аударушыларды қабылдау және...

Толығырақ...Details

Семейдің даму жоспары талқыланды

28.04.2026
Семейдің даму жоспары талқыланды

Semeytany.kz – Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында Семей қаласын дамыту жоспары қаралды. Жиында қала әкімі Әділет Қожанбаев...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасы мен вокзалдарды жаңарту барысы қаралды

28.04.2026
Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасы мен вокзалдарды жаңарту барысы қаралды

Semeytany.kz – Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновмен кездесті. Жиынға өңірлік басқарма...

Толығырақ...Details

Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды

27.04.2026
Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды

Ұлыбританияның Хэрогейт қаласында Institution of Engineering and Technology ұйымдастырған беделді UK First Lego League Championship халықаралық робототехника чемпионаты өтті. Қазақстан...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

27.04.2026
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды. Бұдан кейін Президентке жауапты мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

13 часов бұрын

Облыста жерді игеру мен көші-қон мәселесі күн тәртібіне шықты

14 часов бұрын

Семейдің даму жоспары талқыланды

14 часов бұрын

Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасы мен вокзалдарды жаңарту барысы қаралды

14 часов бұрын

Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды

1 день бұрын

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

1 день бұрын

Семейде санитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 41 өтініш түсті

1 день бұрын

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

1 день бұрын

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

1 день бұрын

Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС