"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘРДАЙЫМ АБЫРОЙЛЫ МАМАНДЫҚ

27.10.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазан айының соңғы жексенбісі байтақ еліміз бойынша әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі саналады. Өзіндік ауыртпашылығы мол, аса күрделі сала мамандары жыл сайын осы мезгілде өздерінің төл мерекелерін атап өтеді. Бұл үрдіс биылғы жылы тым кең көлемде көрініс тапты. Себебі, аталмыш мерекенің бес жылдығына орай, қалалық әкімдікте шаһар әкімі Ермак Сәлімов абыройы еселі қызметкерлерді арнайы қабылдап, құттықтады.

Осыдан тура бес жыл бұрын ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш атаулы мереке туралы заңға ресми түрде қол қойған болатын. Содан бергі аралықта осынау күні сала қызметкерлері жетістікті еңбектері жайлы өздерінен есеп алып, құттықтау жиындарын өткізуді дағдыға айналдырған. Алайда бұл шара тек халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелердің өз ішінде ғана өтетін-ді. Биыл бұл үрдіс сәл өзгеріп, тұңғыш рет қала әкімі арнайы қабылдау өткізді.

— Сіздердің еңбектеріңіздің қаншалықты дәрежеде мәнді екенін жақсы білеміз. Ел тұрғындарының әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы аса маңызды мәселе. Қазіргі күні бұл салада бірқатар семейліктер өнімді еңбек етіп жүр. Мұқтаж жандар қажеттілігі үшін өз жандарын сала қызмет ететін мамандардың жан жылуы мол екені анық. Қазіргі күні біз сіздердің еңбектеріңіздің нәтижелі болуына жағдай жасап, барынша қолдау танытудамыз. Осынау төл мерекелеріңіз құтты болсын, — деп атап өткен Ермак      Бидахметұлы аталмыш сала мамандарын ресми құттықтады.

Осыдан соң марапаттауға кезек беріліп, абырой иелерінің мерейлері еселенді. Көп жылғы жемісті еңбегі мен кәсібилігі үшін, әлеуметтік қызметкерлер күнімен Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  әлеуметтік жәрдемақылар секторының бас маманы Бақыт Байдилдинова алғашқы болып қала әкімінің қолынан Алғыс хат алды. Сондай-ақ Семей қаласының зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің қызметкері Гүлбану Әділбаева, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың маманы Жазира Байболова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  кәсіптік оқыту секторының меңгерушісі Айнұр Бураханова, осы бөлімнің қаржы секторының меңгерушісі       Зәуре Нұрмұхаметовалар да жи- налған әріптестерінің  алдында құрметке кенелді.

Өз кезегінде құттықтау сөз тізгіні аталмыш саланың ардагерлері Қанатқали Құндақовқа берілді. Халыққа әлеуметтік тұрғыда қызмет көрсету ісінде ұзақ жылдар бойы еңбек өтілі бар маман өз сөзінде әріптестерін құттықтап өтіп, өзінің ізгі лебізін білдірді.

— Бұл сала мамандарының еңбегі өте ауыр. Себебі әлеуметтік мекемеге ешкім күліп келмейді. Таудай мәселесін арқалап, үміт етіп келеді. Олардың көңілінен шығып, жәрдем жасау үлкен біліктілікті, жан жылуын талап етеді. Әлеуметтік қызметкерден үлкен жауапкершілік талап етіледі. Сондықтан да осынау күрделі қызметте адал еңбек етіп жүрген баршаларыңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын, — деп атап өтті байырғы сала ардагері.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16 часов бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

6 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

6 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС