"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ВЕНА БАЛЫ ІЗГІЛІККЕ ҮНДЕЙДІ

03.11.2015
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда қаламыздағы физика-математика бағытындағы    Назарбаев Зияткерлік мектебінде Вена балы өткізілді. Шараның мақсаты оқушыларды жоғары эстетикаға, мәдениеттілікке тәрбиелеу, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікті қалыптастырумен қатар, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру арқылы өскелең буын бойына мейірім ұялату болатын.

Қайырымдылық негізіндегі аталмыш шараға қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Нұржан Есенжолов, қоғамдық ұйымдар жетекшілері, әлеуметтік серіктес мектептердің директорлары, жас өнерпаздар және қаламыздағы белді кәсіпкерлер мен оқушылардың ата-аналары қатысты.

 

{jcomments on}Игілікті шараның негізгі бөлімінде «Жүректен жүрекке» атты концерт пен «Аялы алақан» қайырымдылық  аукционы ұйымдастырылды. Оның аясында аталмыш білім ордасындағы «Шебер» үйірмесінде шығармашылықпен айналысатын оқушылар жасаған түрлі әшекей бұйымдар саудаға қойылыпты. Бұл ретте кәсіпкерлер және шаһардың ірі өнеркәсіп өкілдері аукционнан шет қалмай, жомарттық танытып, өз үлестерін қоса білді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылықтан түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі балалардың емделуіне жұмсалмақ. Шара нәтижесінде шамамен 320 мың теңге көлемінде қаржы жиналыпты. Бұл қаражатты «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ААҚ Семей филиалының директоры Бағдан Қайыржанов шара қорытындысында, балғындарға жайылған дастарқан басында мүмкіндігі шектеулі алты балаға салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ әрқайсысына планшеттер сыйға тартты.

 

– Вена балы дүниежүзілік ЮНЕСКО ұйымының тізіміне енгені белгілі. Біздің мектебімізде ол екінші жыл қатарынан өтіп отыр. Бұл құндылықты барлық халықтарға ортақ мәдени мұра деп санаймыз. Сондай-ақ аталмыш шара балаларымызды жоғары мәдениеттілікке тәрбиелеуге септігін тигізеді. Бұған қоса осы арқылы оқушыларымызды қоғамның әлеу-меттік жағынан қорғалмаған мүшелеріне қолдау көрсетуге дағдыландыруды көздедік. Себебі әлеуметтік жауапкершілікті қаперден шығаруға болмайды. Ол тек белгілі бір кәсіпкерлерге ғана міндетті болмауы тиіс. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, барлық қоғам өкілдері көмекке зәру жандарға барынша қол ұшын беруге талпынуы қажет. Екінші жағынан, шәкірттеріміздің төрткүл дү-ниенің үздік мәдениет мұраларын біліп, танып, меңгергені абзал, — деді Бағдан Тоқтамысұлы.

«Вена балының» екінші  бөлімінде 9-12  сынып оқушылары Шәмші Қалдаяқовтың «Сен сұлу» әніне классикалық бидің озық үлгілерін көрсетті. Ақ көйлектегі арулар мен сырбаз бозбалалар ырғақпен мың бұрала билеп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Бұдан кейін әр жұп әлемдік ауқымдағы Джо Дассен, Тото   Кутуньо, Лара Фабиан, Уитни Хьюстон, Алла Пугачева және «Муз Арт» тобы сынды өнер иелерінің танымал әуендеріне шыр айнала вальс биледі. Жалпы, бұл әсем көрініске 370-ке тарта оқушы қатысқан екен. «Мейірім мен игілікке толы «Вена балы» келер жылы да өз жалғасын табатын болады»,- дейді  тағылымды шараның ұйымдастырушылары.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

15 часов бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

6 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

6 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС