"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕҢБЕК КОДЕКСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЕҢБЕККЕР МҮДДЕСІНЕ САЙ

03.11.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған Ұлт жоспары – 100 нақты қадамын іске асыру жолында жаңа Еңбек кодексін әзірлеу қажеттігі туындаған болатын. Еңбек кодексінің жаңартылған һәм жетілдірілген түрі әзірленіп, тамыз айының соңында Мәжілістегі депутаттар қарауына жіберілген еді. Аталмыш құжат 5 бөлім, 22 тарау және 203 тармақтан құралған. Бұл жөнінде қалалық ақпарат орталығында өткен арнайы баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Баспасөз мәслихатына қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Юрий Осьмаков, Семей аймақтық салалық кәсіподақтардың координациялық кеңесінің төрағасы Сәбит Ибраев, Семей аймақтық білім қызметкерлері кәсіподақтарының заңгері Әлімбек  Куюбаев және облыстық денсаулық сақтау ұйымдары кәсіподақтары басшысының орынбасары Альфия Сайфутдинова қатысты.

 

{jcomments on}Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бағытындағы Ұлт жоспары – 100 нақты қадамының 83-ші қадамында еңбек қатынастарын ырықтандыру, жаңа Еңбек кодексін әзірлеу қарастырылған. 83- қадамдағы тапсырма бойынша ұжымдық еңбек қатынастарын қайтадан қарастыру қажеттілігі туындаған еді. Осы ретте білікті мамандардан жасақталған арнайы топ заң жобасын әзірлеп, қоғам талқысына ұсынған еді. Жаңа Еңбек кодексінің алғашқы нұсқасымен танысқан кәсіподақ өкілдері онда жұмыс берушілерге едәуір басымдылық берілгенін алға тартып, өз ой – пікірлерін білдірген екен. Осы олқылықтарды түзеу мақсатында  түрлі деңгейдегі кәсіподақтар 200-ге тарта ұсыныс жіберіп, оның 117-сі мақұлданған.

 

— Жаңа Еңбек кодексіне сәйкес қатардағы қызметкерлердің құқығын қорғауда кәсіподақтардың рөлі зор болмақ. Сондай-ақ жаңа Еңбек кодексінің шеңберінде жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы теңдік жақсара түсетініне сенімдіміз. 150 бапқа қысқарған кодекс бойынша жұмысқа тұрған азамат басшысымен ақылдасып еңбек шартын өзіне ыңғайлы етіп толтыруына мүмкіндік береді. Дей тұрғанмен бастапқы кезеңде, құжатты талқылау барысында, біз оның кейбір тұстарын  әлі де жетіл-діре түсу керектігіне көз жеткіздік. Ол әсіресе демалыс және мереке күндері істелетін қосымша жұмыс турасында болды. Мәселен, алғашқы жобада артық сағатқа төленетін үстемеақыны қысқартып тастау көзделген болатын. Бұл орайда біз, Республикалық кәсіподақтар ретінде, өз ұстанымымызды білдірдік. Бірқатар келіссөздерден кейін үстемеақының көрсеткіші 1,5% деңгейінде қалатындығы шешілді. Мәселен, түнгі уақытта жұмысқа шығатын қаншама азаматтар бар. Ал тәуліктің бұл мез-гілінде жұмыс істеудің денсаулыққа  кері әсері бар екені мәлім. Сол себепті бұл санаттағы жұмысшылардың жалақысы лайықты деңгейде болуы қажет. Бұған қоса еңбек шарттарын қадағалау мақсатында қоғамдық бақылау күшейе түседі деп жоспарланып отыр. Осы ретте қоғамдық инспекторлардың рөлі айрықша болмақ, — деп атап өтті Семей аймақтық салалық кәсіподақтардың координациялық кеңесінің төрағасы С. Ибраев.

Мәжілісмендердің қарауынан өткен жаңа Еңбек кодексі таяу арада ҚР Парламенті Сенатының талқылауына жіберіледі деп көзделуде.

Ж. СҮЛЕЙМЕН,

«Семей таңы

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

15 часов бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

6 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

6 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС