"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИГІ БАСТАМА ЖАЛҒАСЫН ТАППАҚ

03.11.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жалпы, Семей қаласын көріктендіру, көркейту мәселесі қашанда күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе ағаш отырғызып, шаһарды жасыл желекпен көмкеруде қоғам болып атсалысу қажет. Міне, осы ретте өткен жұма күні  ЕХРО-2017 көрмесін қолдау мақсатында игілікті шара өтті.

Семей қаласын гүлдендіруге бағыт-талған ағаш отырғызу акциясы шаһардағы жаңадан бой көтерген Жедел медициналық жәрдем ауруханасы аумағында ұйымдастырылды. Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен «Город F» ақпараттық порталы ұйымдастырған акция  ЕХРО-2017 көрмесін қолдау мен шаһарды көгалдандыру мақсатында өткізілді. Бұл игілікті шарадан кәсіпкерлер де шет қалмаған екен. Қаламыздың қалталы азаматтары ағаштар мен жас көшеттерге нәр беретін қара топырақтың жеткізілуіне көмек көрсеткен.       Акцияға аталмыш порталдың белсенділері мен қала әкімінің орынбасары  Надежда Шарова қатысты. 

— Шараны ұйымдастырып отырған жастар ұйымдары мен демеушілерге қала әкімі атынан алғысымды білдіремін. Айта кетуіміз керек, бүгінгі күні «Город F» ақпараттық порталы — 70 мыңнан астам оқырмандары бар ауқымды пікір алмасу алаңы. Бұл атқарушы билік пен халық арасын байланыстырып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік береді. Аталмыш топта қаланың өзекті мәселелері талқыланып қана қоймай, сонымен қатар оларды шешу жолдарының сөз болатыны қуантады. Бүгінгі шара дәстүрлі түрде жалғасын табуы керек. Өйткені біз шаһарымызды жасыл, таза, көрікті әрі әдемі еткіміз келеді, — деді өз сөзінде Надежда Шарова.

«Город F» ақпараттық порталы, жоғарыда айтылғандай, шаһарымыздың өзекті деген мәселелерін көтеріп келеді. Портал семейліктерді біріктіріп қана қоймай, маңызды жаңалықтардан құлағдар етеді. Портал жетекшісі Жасұлан Құрманғалиевтің айтуынша, ағаш отырғызу шарасын аталмыш топтың белсенділері алғаш рет өткізілуде.

— «Город F» ақпараттық порталы осындай акцияны алғаш рет өткізіп отыр. Болашақта жылына екі мәрте ағаш егуді дәстүрге айналдырсақ, қаланы жасылдандыруға өз үлесімізді қос- қан болар едік. Ағаш отырғызу шарасына қолдау білдірген барша семейліктерге алғысымды білдіремін, — дейді            Жасұлан Құрманғалиев.

Акция барысында қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова алғаш болып жас көшет отырғызды. Шаһарымызды гүлдендіруге бағытталған ағаш отырғызу бастамасы қаланың басқа да жерлерінде жалғасын тапса құба-құп. Ең бастысы, табиғатты аялау әрқайсысымыздың міндетіміз екенін ұмытпайық.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

15 часов бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

6 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

6 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС