"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ

13.11.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының есеп беру – сайлау конференциясы өтті. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Бақыт Маржан, ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы міндетін атқарушы Арайлым Ержанқызы және жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты.

Конференцияда «Жас Отан» жастар қанатының осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары жөнінде баяндама жасалды. 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жат-қан жастар ұйымының қатары жылдан- жылға артып келеді. Осы ретте ұйымның ағымдағы жылы атқарған жұмысын қорытындылаған Арайлым Ержанқызы белсенді жастардың мұрындық болуымен шаһарда айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

Оның айтуынша, жыл сайын белсенді жастар дәстүр бойынша соғыс және тыл ардагерлеріне қолғабыс етіп келеді. Сонымен қатар ағымдағы жылы «Бақытты балалық» акциясы аясында көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз отбасыларға  қолдау жасалыпты. Жасотандықтар республикалық, облыстық деңгейдегі ауқымды шараларға да белсенді түрде қатысып отырады. Сонымен қатар құқық қорғау органдары, қалалық әкімдік, ұстаздар мен медицина қызметкерлерімен де тығыз әріптестік байланыс орнатылған. Арайлым Ержанқызының сөзіне сүйенсек, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында да бірқатар танымдық жобалар жүзеге асырылған.

Конференция барысында жасотандықтардың Семейдегі жаңа көшбасшысы таныстырылды. Енді жастар ұйымының көшін Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенті Айдос Төлеуханов бастамақ. Шара барысында алғашқы құттықтау сөзін қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Садырбаев жеткізді.

— Ең алдымен осы уақытқа дейін «Жас Отан» жастар қанатын басқарып келген Арайлым Ержанқызына алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да ол осындай өнегелі істердің  басы-қасынан табыла біледі деген ойдамын. Ал Айдосқа тек қана ақ жол тілейміз, — деді А.Садырбаев. — «Жас Отан» жастар қанатының үш мәрте республикалық съезі өткізілгенде, оның екеуінде семейлік жастар биік мінберден өз тұшымды ойларын білдіргенін атап өткен абзал. Бұл — жақсы жетістік. Ол жерлестеріміздің абыройы қаншалықты дәрежеде екендігін білдіреді. Қаламызда жүз мыңға тақау жастар бар. Олардың бел ортасында сіздер барсыздар. Замандастарыңыздың көкейінде жүрген мәселелерімен сіздер жақын таныссыздар. Ал жиындарға жай ғана қатысып, жаттанды сөздерді ұрандатып айтқаннан пайдалы нәтиже шықпайтынын қаперлеріңізден шығармаңыздар, — деді Айдар Серікқазы-ұлы.

Өз кезегінде жаңадан тағайындалған төраға көпшіліктің алдында өзіне артыл-ған сенімді ақтайтынын жеткізді. Сондай-ақ жастар ұйымының 2016 жылы қолға алатын жоспарлы істері айқындалды.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

12 часов бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

6 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС