"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРЖЫГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

17.11.2015

15 қараша — ұлттық валюта — теңге күні. Жыл сайын атап өтілетін осынау кәсіби мерекеге орай, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов өңіріміздегі қаржы саласына өзіндік үлестерін қосып келе жатқан бірқатар мамандарды салтанатты түрде марапаттап, қаржыгерлерді арнайы құттықтады.

Салтанатты жиынға қалалық әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы бөлімдері мен қазынашылық басқармасының қызметкерлері, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы мен банк қызметкерлері қатысты.

Жиын беташарында құттықтау сөз алған қала әкімі Ермак Бидахметұлы:

— Еліміздің экономикалық қуатын еселеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру қаржы саласындағы жемісті еңбекпен тікелей байланысты. Бүгінгі таңдағы бұл же-тістіктерге семейлік қаржы саласы қызметкерлерінің де қосқан үлесі аз емес. Осы орайда сіздерге тілерім: мерекелеріңіз құтты болсын, еңбектеріңіз әрдайым табысты бола берсін. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Ел игілігі жолында әрдайым қарышты қадаммен жаңа жетістіктерге жете беріңіздер, — деді қала  басшысы өз құттықтауында.

Осыдан 22 жыл бұрын 15 қараша күні тәуелсіз Қазақстан мемлекеті өзінің төл валютасын айналымға енгізгені белгілі. Сол кезден бастап бұл күн қаржы саласының кәсіби мерекесі саналады. Кездесуде аталып өткендей, білікті қаржыгерлер ел экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Өйткені бюджеттің сауатты жұмсалуы тікелей осы сала қызметкерлеріне байланысты. Маңыздылығы зор мамандық иелері осылайша, мерекелеріне орай, қала әкімінің марапатына ие болды. Өз саласының үздіктеріне шаһар басшысы «Қазақстан    Конституциясына 20 жыл» төсбелгісі мен қала әкімінің Құрмет грамотасын және алғыс хаттар табыстады. Ал аталмыш сала қызметкерлері өз кезектерінде көрсетілген құрмет үшін қала әкімі Ермак Бидахметұлына алғыстарын білдірді. Солардың бірі — Семей қаласындағы мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының аға маманы Бәтимаш Жетпісбаева.

— Барша қазақстандықтарды Ұлттық валюта — теңге күнімен құттықтаймын. Теңгеміздің  тұғыры қашанда биік болсын. Мерекеге орай қаржы саласының мамандарын арнайы құттықтап отырған Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлына айтар алғысымыз зор. Барша қазақстандықтарға саулық, молшылық, келісім мен тыныштық тілеймін. Еліміздің өркендеу   жолына әлі де қарқынды еңбек ете беретін боламыз, — деді өз пікірінде Бәтимаш Мұқанқызы.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

16.11.2026
Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

Абай облысында 2026 жылдың алғашқы 10 айында 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілген. Өңірде жыл сайын 220 мыңнан астам екпе...

Толығырақ...Details

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

16.11.2026
Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

Халықтың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту Қазақстанның әлеуметтік дамуындағы маңызды міндеттердің бірі болып қала...

Толығырақ...Details

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

16.11.2026
Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

Адамның еркін жүріп-тұруы, тұрғылықты жерін өз қалауынша таңдауы және елден тыс жерлерге шығуы оның негізгі құқықтары мен бостандықтарының қатарына жатады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

2 часа бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

15 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

20 часов бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

20 часов бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

20 часов бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

20 часов бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

21 час бұрын

Абай облысында салық түсімдерінің жоспары 102 %-ға орындалды

21 час бұрын

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

3 дня бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС