"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ -ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

24.11.2015

Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне айрықша мән беріліп, бұл салаға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын, Қазақстанның дамуы да орнықты бола түсетінін және Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіретінін атап өткен Мемлекет басшысы: «Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20     пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады»,-деген еді.

Қазір осы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру үшін  тиісті шаралар атқарылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жарияланған мораторий кәсіпкерлік қызметті дамытуға жол ашты және ол үлкен көмек болды. Дегенмен кәсіпкерлердің әлі де болса өз ісін жүргізуде әртүрлі қиындықтарға тап болатыны жасырын емес. Бұл мәселе апта сәрсенбісінде Семей қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығындағы қала кәсіпкерлеріне арналған дөңгелек үстелде талқыланды.

Дөңгелек үстел басындағы пікір алмасуға «Parasat Consulting» ЖШС-нің тәуел- сіз директоры Алмас Есенғұжанов,    Семей қаласы прокуратурасының аға прокуроры Қаныш Матаев, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров, жер қатынастары бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуов, сондай-ақ ШҚО бойынша «Даму» қорының    Семей қаласындағы өкілі Анжела Маслова мен Кәсіпкерлік палатасы Семей қалалық филиалының директоры Ардақ Әділжанов және қаладағы кәсіпкерлер қатысты.

«Parasat Consulting» ЖШС ұйымдастырған дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты — шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекет саясатын жүзеге асыру, әкімшілік кедергілер мен туындаған мәселелердің алдын алу жолдарын талқылау. «Parasat Consulting» ЖШС директорының міндетін атқарушы Саят Есенгужиновтың айтуынша, аталған отырыстың кәсіпкерлерге тигізер пайдасы өте зор. Өйткені шаһар кәсіпкерлері көкейлерінде жүрген сауалдарын сала мамандарына тікелей жолдай алады.

— Әрине, осындай дөңгелек үстелдердің кәсіпкерлерге берер пайдасы мол. Кәсіпкерлердің әлі де болса түрлі кедергілерге кездесіп жататыны жасырын емес. Бұл ретте кейде банк жүйесі мен мемлекеттік басқару жүйесінде де кемшін тұстар кездеседі. Бірқатар мәселелер дөңгелек үстел басында талқыланады. Сонымен қатар кәсіпкерлер  туындаған сауалдарын сала мамандарына тікелей жолдауларына мүмкіндік алды, — дейді «Parasat Consulting» ЖШС-нің өкілі Саят Есенгужинов.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

16.11.2026
Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

Абай облысында 2026 жылдың алғашқы 10 айында 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілген. Өңірде жыл сайын 220 мыңнан астам екпе...

Толығырақ...Details

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

16.11.2026
Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

Халықтың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту Қазақстанның әлеуметтік дамуындағы маңызды міндеттердің бірі болып қала...

Толығырақ...Details

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

16.11.2026
Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

Адамның еркін жүріп-тұруы, тұрғылықты жерін өз қалауынша таңдауы және елден тыс жерлерге шығуы оның негізгі құқықтары мен бостандықтарының қатарына жатады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

1 час бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

15 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

19 часов бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

19 часов бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

19 часов бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

20 часов бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

21 час бұрын

Абай облысында салық түсімдерінің жоспары 102 %-ға орындалды

21 час бұрын

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

3 дня бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС