"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТ МҰРАТЫ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.11.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Р. Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде «Мұратымыз – Мәңгілік Ел» ұранымен «Патриоттық тәрбие мен инновациялық технология – қазіргі заманауи білім берудің негізі» тақырыбында қалалық жастар форумы өтті.  1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған шараға қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Нұржан Есенжолов,  Р. Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің директоры Думанғазы Арғынғазин және қаланың белсенді студент жастары қатысты.

Форумды өткізудегі басты мақсат – заманауи білім берудегі инновациялық технологияларды қолдану арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Жиынның ашылу салтанатында кіріспе сөз алған колледж директоры                                       Д. Арғынғазин Елбасының «Қазақстан — 2050» Стратегиясында мемлекетімізді 30 дамыған елдің қатарына қосу туралы бастамасы қоғам тарапынан қолдау тапқанын жеткізіп, осы жолда жастардың да жұдырықтай жұмыла атсалысулары қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ форумда қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Н. Есенжолов та лебіз білдірді.

— Құрметті студенттер! Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 24 жыл толғалы отыр. Сіздер бақыттысыздар. Себебі осындай тұғыры биік дербес мемлекеттің азаматтарысыздар. Біз көрші елдермен достық қарым-қатынастамыз. Бұл әуелі Мемлекет басшысының ұстанған салиқалы сарабдал саясатының арқасы деп білуіміз қажет. Осы жиынға қатысушылардың барлығына сәттілік тілеймін. Ең бастысы, форумнан өздеріңізге пайда алып қалуға тырысыңыздар. Барлықтарыңызды алдағы келе жатқан 1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күні және еліміздің басты мейрамы Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын, — деді Нұржан Ерғалиұлы.

Пленарлық отырыс барысында қатысушылар Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы мен Бес институционалды реформаны жүзеге асырудағы «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы турасында баяндама жасап, стратегиялық жоспарды орындауда шаһар жастарын бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға үндеді. Мәселен,               Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің студенті, іс-шара ұйымдастырушыларының бірі Балнұр Мұқанова Ұлт Көшбасшысының қолға алған реформалары қазақ елін кемел келешеке жеткізетінін дәйекті түрде атап көрсетіп, жастар әрдайым Қазақстан Президентін қолдайтынын айтып өтті.

— Біз осы шараны өткізу арқылы жастар бойындағы патриотизмді ұштауды көздеп отырмыз. Бүгінде елімізде білім беру саласы жақсы жолға қойылған. Мәселен, оқыту барысында түрлі инновациялық технологиялар қолданылады. Жастардың көшбасшылық қабілетін арттыруға қолайлы мүмкіндіктер қарастырылған. Осы форумнан студенттер пайдалы ой түйеді деген сенімдемін, — дейді Б. Мұқанова.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

9 часов бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

3 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

4 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

5 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС