"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ: ЭКОНОМИКАДАҒЫ СЕРПІН»

27.11.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру аясында туындаған «100 нақты қадам» атты Ұлт Жоспары әсіресе бүгінгі жастар үшін елеулі міндеттер жүктейді. Бұл ретте еліміздегі экономика және қаржы саласына маманданып жүрген студент жастарға зор сенім артылып отыр. Апта бейсенбісінде, яғни кеше, қаламыздағы іргелі жоғары оқу орны Қаз ИГЗУ-де «100 нақ-ты қадам: экономикадағы серпін» атты XIV Республикалық олимпиада басталды.

Экономика мамандықтары бойынша тәлім алатын студенттер біліктілігі сынға түсетін аталмыш білім сайысына еліміздің әр түкпірінен сегіз команда сайланып келіпті. Аталмыш шараны ұйымдастырушы Қаз ИГЗУ-дің қаржы — экономика факультетінің деканы, профессор Саябек Зиядиннің айтуынша, бұл жолғы олимпиаданың Семей қаласында өту себебі- өткен жылы Қарағанды қаласындағы Қазпотребсоюз университетінде өткен байқауда жергілікті «Алаш» командасы бас жүлдені еншілепті. Қалыптасқан дәстүрге сай, кезекті білім сайысы жеңімпаз команданың оқу орнында өтеді екен.

Олимпиаданың ашылу салтанатында Қаз ИГЗУ-дің ректоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Шырын Құрманбаева құттықтау сөз сөйледі.

— Құрметті олимпиада қатысушылары, қадірменді меймандар. Экономика саласы мамандықтары бойынша өткізіліп отырған бұл олимпиадаға Қош келдіңіздер дейміз. Дәстүр бойынша аталмыш білім сайысын біздің университетімізде өткізу құзыретімізге беріліп отыр, — деп атап өте келе, сайысқа қатысушы студенттерге жетістік тіледі. Сонымен қатар Қаз ИГЗУ жайлы да мағлұматтармен бөлісіп, таныстырып өтті.

Шырын Асылханқызының айтуынша, қазіргі күні оқу орнында сапалы білім алуға қажетті барлық жағдай жасалған. Мәселен, студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануы үшін дебат клубтары, «Үркер» жастар театры, «Қазақстан жолы» атты тәрбие және білім орталығы жұмыс істеуде. Нәтижесінде бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті маман даярлауда республика бойынша алдыңғы қатарға шығып отыр.

Осыдан кейін олимпиада қазылар алқасының төрайымы Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінен келген мейман, республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Қаржы» секциясының төрайымы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Ынтықбаеваға сөз берілді. Алматылық мейман өз сөзінде қазіргі таңда экономика және қаржы саласын игеруге маманданып жүрген студенттерге көп көңіл бөлініп жатқанын жеткізе кетті. Оның бір себебі — Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары — 100 нақты қадам» атты бағдарламалық құжатында дәл осы сектор бойынша айрықша басымдықтар берілген. Ал бұл ретте студенттердің таным көкжиегін кеңейтіп, өздерінің болашақ мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру үшін аталмыш олимпиаданың берер тағылымы мол болмақ.

Осылайша, республикалық олимпиада ресми түрде басталып кетті. Білім сайысын қамтитын іс-шаралар алдағы үш күнге созылмақ. Оның ішінде кейбір бөлімдерге тоқтала кетер болсақ, студенттер «Бүкіләлемдік сауда ұйымына Қазақстанның кіруі: мәселелері мен келешегі» тақырыбында креативті эссе жазып, экономика пәні бойынша викториналық блиц-турнирде бақ сынайтын болады.

 

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

11 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

12 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

14 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС