"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛБАСЫ БОЛМЫСЫН ӘЙГІЛЕЙДІ

27.11.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу шарасы Семей қаласында ресми түрде басталып кетті. Осы орайда елдігіміздің нышаны саналар елеулі мейрам құрметіне Абай атындағы кітапханада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылығын және әлемдік деңгейде зор ықпалы бар сындарлы саясатын таныстыру һәм насихаттау мақсатында «Әлемдік деңгейдегі тұлға» атты тақырыпта үш бөлімнен тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Аталмыш шараның шымылдығы ең әуелі өңіріміздегі мәдениет саласының ардагері Құсмілия Нұрқасымның Елбасына арнауымен ашылды. Осыдан соң кітап көрмесінің ресми бөлімі орын алды.

Жалпы, Н.Ә. Назарбаевтың сан тараулы өмір жолын бейнелейтін бұл кітап көрмесінің баса атап өтер бірқатар ерекшеліктері бар екен. Мәселен, «Елбасының Нұрлы жолы» атты саяси тақырыпты астар еткен бөлімде Ұлт Көшбасшысының өмір жолы, қарапайым азамат ретіндегі қыры көрініс тапқан. Ал алғаш билікке араласқан жылдарынан бастап жаһандық деңгейдегі көшбасшы ретіндегі келбетін көрсететін әдебиеттер келесі бөлімнен орын алыпты. «Н.Ә. Назарбаевтың қызмет хроникасы» атты бұл бөлімде Тұңғыш Президенттің елімізді басқаруда атқарған ұлан-ғайыр істері мен сұңғыла саясаткерлігін, Тәуелсіздіктің алғашқы қиын-қыстау жылдарынан бастап бүгінгі қарышты даму жолдарындағы атқарған қызметтері жайлы баяндайтын кітаптар оқырман назарына ұсынылыпты. Атап айтсақ, «Размышление о Лидере», М. Қасымбековтің «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Первый Президент Республики Казахстан. Хроника деятельности 1990 — 2011гг», «Кемеңгер», «Қазақстан даму стратегиясы», Н.Ә. Назарбаевтың  «Халыққа арнау. Слово к народу», «Қалың елім, қазағым», «Ой бөлістім халқыммен», «Тарих толқынында» және өзге де кітаптары мен мерзімді басылымдар көрмеге қойылыпты. Әде-биеттер арасында ел Тәуелсіздігінің ал-ғашқы сындарлы жылдарындағы Елбасының қайраткерлік қырын ерекше сомдайтын туындыларға баса мән беріліпті.

Ал Президентіміздің Қазақстанның өз Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалау бағытында мол мағлұмат беретін басылымдар көрменің  «Н. Назарбаевтың сыртқы саясаттағы рөлі» бөлімінен орын алыпты. Бұл ретте, «Әлем Қазақстан туралы, Президент туралы», «Президент Н.А.Назарбаев и современный Казахстан», «Н.А.Назарбаев и внешняя политика Казахстана» кітаптары оқырман қауым үшін маңызды құжаттар болмақ.

Аталмыш көрмеге қаламыздағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері келіп, қойылған туындыларды тамашалады.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

9 часов бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

3 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

4 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

5 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС