"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АТОМ» ЖОБАСЫ АДАМЗАТ ИГІЛІГІ ҮШІН

02.12.2015

Семей қаласы әкімдігінде Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Атом» жобасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарлары талқыланған дөңгелек үстел өтті. Басқосуда, негізінен, Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау мен медициналық қызмет көрсету барысы талқыланды.

Жиынға Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің әлеуметтік көмек департаментінің директоры Арман Өмірбаев, Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Талғат Молдағалиев, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Марина Шаронова, және өзге де қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің өкілдері қатысты.

 

{jcomments on}2012 жылы 29 тамызда Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен «Атом» жобасы құрылып, оны жүзеге асыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Ядролық қарусыз әлем — ол Қазақстанның мақсаты. «Атом» жобасы осы идеяны жүзеге асыруға бағытталған. Аталған жобада Семей сынақ полигонындағы ядролық жарылыстардан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау бойынша іс-шараларды жетілдіре түсуге ерекше көңіл бөлінген. Бұл ретте радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты жарылыстардың медициналық және радиоэкологиялық салдарын анықтауда түрлі зерттеу жұмыстарын да жүргізуде.  Дөңгелек үстелде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің әлеуметтік көмек департаментінің директоры Арман Өмірбаевтің айтуынша, бүгінде сынақтардан зардап шеккен 290 мың 405 адам еңбекақыларына қосымша үстеме ақы алып отыр. Жыл басынан бері осы санаттағы 194 адам баспанаға қол жеткізген. Сондай ақ еліміздің БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенциясын ратификациялауы да өз жемісін беруде.

 

— Қазақстан ТМД елдері арасында «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» заңды бірінші болып қабылдады. Осыған орай қызмет көрсетудің стандарттары енгізілді. Еліміздің 14 өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 47 күндізгі бөлімше ашылды. Өткен жылы аталған бөлімшелер екі мың адамға әлеуметтік қызмет көрсетті. Нәтижесінде балалар үйі мен интернаттардан 492 бала отбасыларына оралды. Жарымжан балаларын күндізгі бөлімшелерге қалдыруға мүмкіндік алған 600-ге жуық ата-ана жұмысқа орналасты, — деді  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің әлеуметтік көмек департаментінің директоры Арман Өмірбаев.

 

Асан МЫРЗАХАН,                                                                                                                                                                               «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

16.11.2026
Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

Абай облысында 2026 жылдың алғашқы 10 айында 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілген. Өңірде жыл сайын 220 мыңнан астам екпе...

Толығырақ...Details

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

16.11.2026
Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

Халықтың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту Қазақстанның әлеуметтік дамуындағы маңызды міндеттердің бірі болып қала...

Толығырақ...Details

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

16.11.2026
Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

Адамның еркін жүріп-тұруы, тұрғылықты жерін өз қалауынша таңдауы және елден тыс жерлерге шығуы оның негізгі құқықтары мен бостандықтарының қатарына жатады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

59 минут бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

14 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

19 часов бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

19 часов бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

19 часов бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

19 часов бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

21 час бұрын

Абай облысында салық түсімдерінің жоспары 102 %-ға орындалды

21 час бұрын

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

3 дня бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС