"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ЗАҢНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

08.12.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының ақпарат орталығында Еңбек Заңдылығы мәселесін сөз еткен іргелі жиын болып өтті. БАҚ өкілдері алдында жақында ғана қайта толықтырылып, жаңарған Заңнама басымдықтары жайлы Қазақстанның салалық кәсіподағының Семей өңірлік мекемесі мамандары жан-жақты түсінік беріп өтті.

Ел Заңнамасы тарапынан орын алған биылғы жылғы басты ерекшелік сол — еліміздегі еңбек нарығын реттейтін жаңа заң жүйесінің қолданысқа берілуі болып отыр. Кәсіподақ саласы басшыларының айтуынша, жаңа Кодекске сәйкес, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастарды өздігінен және ұжымдық шарт арқылы реттеу принциптері қарастырылған. Бірақ Қазақстанда ұжымдық шарт бекіту тәжірибесі бұрыннан бар. Бұл жаңа заңның қолданыстағы тиімділігін тіптен еселей түспек.

Дегенмен аталмыш заң талаптарының көптеген күрделі тұстары да бар. Мәселен, атап айтар болсақ, Кодекс жобасына сәйкес, «өндіріс көлемі, атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызмет көлемінің қысқаруы ұйымның экономикалық ахуалын нашарлатуға ұласса», жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарты бұзылуы мүмкін.

Жиынға қатысушы мамандар жаңа Еңбек кодексіне мұндай негіздеменің енгізілуін ел кәсіпорындарындағы ахуалды нашарлатуы мүмкін экономикадағы қазіргі ауыр жағдаймен түсіндірді. Әрине, нарықтық ахуал өз дегеніне көндіреді. Әйтсе де, Қазақстанның салалық кәсіподағының Семей өңірлік мекемесі директоры Сәбит Ибраевтың айтуынша, жаңа заңда жұмысқа тұрушының мүддесі баса ескерілген. Яғни, ел азаматтарының еңбекпен қамтылу құқығы заңмен қорғалады.

Сонымен қатар Еңбек кодексі жобасы жекеменшік сектордағы жұмыс берушілерге зейнет жасына жеткен қызметкерлерді жұмыстан шығаруға рұқсат беруді ұсынады. Қазір бұл ереже мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге қатысты ғана қолданылады. Бірақ жобада кәсіби біліктілігі жоғары зейнет жасындағы қызметкермен еңбек шартын жыл сайын ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.

– Бұл — зейнет жасына жеткендерді жаппай жұмыстан шығарады деген сөз емес. Біздің ойымызша, жұмыс беруші ең әуелі қызметкердің білікті болуына мүдделі және ондай маманнан айырылғысы келмейді, — дейді сөз алған мамандар.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

19.06.2026
«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

Абай облысында мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды, сарапшыларды, педагогтер мен белсенді әкелерді біріктірген «Әке өнегесі – өмірлік сабақ» атты өңірлік...

Толығырақ...Details

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

19.06.2026
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік наградалармен...

Толығырақ...Details

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

19.06.2026
Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды. Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын...

Толығырақ...Details

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

19.06.2026
Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесін көтерді. Өз сөзінде Президент ауқымды...

Толығырақ...Details

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

19.06.2026
Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада білікті маман тапшылығын жою, оларды қолдау бағдарламасын әзірлеу мәселесін көтерді....

Толығырақ...Details

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

19.06.2026
Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде Президент қазір әділетті, күшті, озық әрі таза Қазақстан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

3 дня бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

3 дня бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

3 дня бұрын

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

3 дня бұрын

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

3 дня бұрын

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

3 дня бұрын

3,6 миллионнан астам қаралым: елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

3 дня бұрын

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

4 дня бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

4 дня бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС