"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЫММЕН СӨЙЛЕСУ КУРСЫНАН ӨТТІ

08.12.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдің әлеуметтік сала қызметкерлері ыммен сөйлесу курсынан өтті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен еркін сөйлесіп, сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін ымдап сөйлесу курсын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырған.

Арнайы курсқа Семей мен Өскемен қалаларының медициналық-әлеуметтік мекемесі мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 45 қызметкері қатысып, үш ай бойы тегін оқып шығыпты. Жобаға қатысқан қос шаһардың мамандары оқуларына аса жауапкершілікпен және ерекше ынтамен көңіл аударған. Ендігі кезекте олар нашар еститін азаматтармен ым-ишара арқылы еркін сөйлесіп, қажетті көмек көрсете алатын болады. Курсты аяқтап шыққан сала мамандарына сертификаттар 3 желтоқсан — Халық-аралық мүгедектер күніне орай берілді. Шара барысында алғаш рет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ыммен орындалды.

Айта кетуіміз керек, шетелдерде нашар еститіндермен арнайы айналысатын қызмет бар, олар мүгедек жандарға кез келген жағдайда көмек көрсетеді екен. Ал елімізде сурдо аудармашылар әзірге тым аз болып отыр. Тек Шығыс Қазақстан облысында ғана 58 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұратын болса, олардың жартысынан астамы нашар еститіндер.

— Ағымдағы жылы Қазақстанда мүгедектердің құқығы бойынша конвенция ратификацияланды.  Бұл мүгедек жандарға қажетті инфрақұрылымдарды, сапалы білім мен еңбекке орналастыру мәселелерін шешуді жіті назарға алуды міндеттейді, — дейді ШҚО БҰҰ Даму бағдарламасының менеджері Рауан Қалиев. – Егер  өңіріміздегі облыстық медициналық-әлеуметтік мекеме мен      Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері ыммен сөйлеудің базалық негізін білетін болса, халыққа қызмет көрсету әлдеқайда арта түсер еді. Бұл игілікті іске көп қаражат та жұмсалған жоқ. Аталмыш жобаға бар болғаны 300 мың теңге ғана бөлінген. Ал оның пайдасы зор  болатынына сенімдімін. Қазір өзге облыстардан әлеуметтік сала мамандарын сурдо аудармашылыққа үйретуді сұраған өтініштер түсіп жатыр, — дейді Рауан Қалиев.

Бұдан өзге БҰҰ Даму бағдарламасы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында кедергісіз орта қалыптастыру мақсатындағы жобаға қолдау көрсеткен. Жоба аясында бөлінген 1 млн. 800 мың теңге қаражатқа мүгедектерге арнайы ұстап жүру тұтқалары, шақыру батырмасы, жол көрсет-кіштер мен арнайы тазалық орны жарақталыпты. Сондай-ақ ғимараттағы сүйеніштер мен бөлмелерге брайль жазуымен жазылған арнайы жол көрсеткіштер орнатылған. Бұл нашар көретіндерге қандай қабатта жүргендері мен қажетті қызмет көрсететін бөлмелердің нөмірін жылдам табуға мүмкіндік бермек. БҰҰ Даму        бағдарламасы өкілдерінің айтуынша, аталған мекеме енді шаһардағы барлық нысандарға үлгі болуы керек. Жоба бастамашылары Семейдегі өзге де әлеуметтік мекемелер өздерінен үлгі алатынына сенімді.

А. САМАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

6 часов бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

2 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

3 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

4 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

5 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС