"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

08.12.2015

Семейдегі Абай атындағы әмбебап кітапханасында халықаралық мүгедектер күніне орай «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға бейімдеу және оңалту мәселелері талқыланды. Жиынды алғы сөзбен ашқан кітапхана директоры Гүлнара Жігітбаева мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша көңіл бөлініп келе жатқанын, Абай атындағы кітапханада да бірқатар әлеуметтік жобалар іске аса бастағанын атап өтті.

— Абай атындағы кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне баса назар аудару дәстүрі қалыптасқан. Осы мақсатта кітапханада «Книгоноша», «Библиокөмек» әлеуметтік жобалары іске асырылып, «Объектив» атты фотосурет клубы жұмыс жасайды. Бұл бағытта кітапхана қоғамдық ұйымдар, мүгедектер бірлестіктері, әлеуметтік мекемелермен бірлесіп қызмет атқарады, — деген Гүлнара Жігітбаева рухы биік, жігерлі жандардың дендеріне саулық тіледі.

Дөңгелек үстел барысында сөз алған БҰҰ Даму бағдарламасы Семей қаласы бөлімшесінің директоры Жанна Жибраева қаладағы іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалар туралы мағлұмат берсе, шаһардағы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мамандары әлеуметтік қызметтер туралы құлағдар етті. Ал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Құрманғалиев мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мен оларға әлеуметтік қызмет көрсету туралы сұрақтарға жауап берді. Дөңгелек үстел барысында медицина университетінің жанынан құрылған волонтерлық топ өкілдері қала тұрғындарын еріктілер қатарына қосылуға шақырды.

Аталмыш іс-шараға «Көмек», «Қазақ зағиптар қоғамы», «Шырақ» мүгедек әйелдер ассоциациясы, «Тіршілік үміті», «Асыл», «Исток», сынды қоғамдық ұйымдар, Д. Қалматаев атындағы медицина колледжі мен медицина университетінің волонтерлық топтары, сонымен қатар колледждерде білім алып жүрген мүмкіндігі шектеулі студенттер мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Шара соңында волонтерлық топ өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың қатысуымен дайындалған шағын музыкалық бағдарлама ұсынылды.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

16.11.2026
Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

Абай облысында 2026 жылдың алғашқы 10 айында 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілген. Өңірде жыл сайын 220 мыңнан астам екпе...

Толығырақ...Details

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

16.11.2026
Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

Халықтың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту Қазақстанның әлеуметтік дамуындағы маңызды міндеттердің бірі болып қала...

Толығырақ...Details

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

16.11.2026
Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

Адамның еркін жүріп-тұруы, тұрғылықты жерін өз қалауынша таңдауы және елден тыс жерлерге шығуы оның негізгі құқықтары мен бостандықтарының қатарына жатады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

41 минута бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

14 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

19 часов бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

19 часов бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

19 часов бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

19 часов бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

20 часов бұрын

Абай облысында салық түсімдерінің жоспары 102 %-ға орындалды

20 часов бұрын

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

3 дня бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС