"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛ ЕРТЕҢІ -САЛАУАТТЫ ӨМІРДЕ

08.12.2015

Денсаулық – бұл әр адамның өздігінен бағындыратын биігі. Дегенмен оған жетіп, сол жолдан таймау үшін мамандардың көмегі қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі  бойынша, адам денсаулығы 20 пайыз қоршаған ортаға, 20 пайыз шыққан тегіне, 10 пайыз денсаулық сақтау саласына, 50 пайыз адамның өзіне, мінез-құлық факторына байланысты болып саналады. Міне, осыған қарап-ақ дені сау ұлтты қалыптастыру бірінші кезекте әркімнің өзінен басталатынын аңғару қиын емес. Қалай дегенмен, елімізде азаматтардың денсаулығына мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінеді, осы жолда көптеген игі бастамалар да қолға алынуда. Жылдар бойына маңызды іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы да аталмыш саланы әр кез естен шығарған емес. Бұл жайында   Елбасы халыққа арналған кезекті Жолдауында тағы бір мәрте атап өтті.    Биылғы Жолдауында Елбасы халықтың орташа өмір ұзақтығының артуын ең негізгі жетістік деп санауға болатынын айтты, білікті дәрігерлердің де өз елімізде бар екеніне тоқталды.

«Біздің халқымыз дәл бүгінгідей бақуатты тұрмыс көрген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері, 1300-ден астам денсаулық сақтау нысандары, 1700-ден астам білім беру ошақтары салынды. Олардың барлығы ең соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталды. Аса күрделі оталарды өз елімізде өз дәрігерлеріміз жасайтын деңгейге жеткіздік. Бұл ешқашан болған емес», — деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы жалпы халықтың тұрмысы мен денсаулығының түзелуі нәтижесінде Қазақстанда сәбилердің туу деңгейі өскенін, халқымыздың санының жыл сайын өсуі артқанын жеткізді. Денсаулық сақтау мәселесі мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы қазақстандықтар өмірінің ұзақтығына әсер еткенін атап өтті.

«Бұл – ең негізгі жетістік. Он жылдың ішінде 64 жастан 72 жасқа дейін көтерілу — ешбір елде кездеспеген жағдай. Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін шашау шығармай орындап келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік. Жаңа жылдан бастап  бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа есеппен 30 пайызға дейін көбейетін болады. Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне толық негіз бола алады»,-деп тоқталды.

Ендеше, Елбасы стратегиясын жүзеге асыруда әрбір қазақстандық атсалысуымыз қажет. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін дені сау ұлт болу негізгі қағидамызға айналу керек. Жолдауда айтылғандай, әрбір қазақстандық өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, мінез-құлықын өзгертіп, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанса ғана, биік белестерге жетеріміз анық. Қазақстан көркейе берсін!

Зәуреш МУСИНОВА, Семей қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

16.11.2026
Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

Абай облысында 2026 жылдың алғашқы 10 айында 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілген. Өңірде жыл сайын 220 мыңнан астам екпе...

Толығырақ...Details

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

16.11.2026
Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

Халықтың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту Қазақстанның әлеуметтік дамуындағы маңызды міндеттердің бірі болып қала...

Толығырақ...Details

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

16.11.2026
Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

Адамның еркін жүріп-тұруы, тұрғылықты жерін өз қалауынша таңдауы және елден тыс жерлерге шығуы оның негізгі құқықтары мен бостандықтарының қатарына жатады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

41 минута бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

14 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

19 часов бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

19 часов бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

19 часов бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

19 часов бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

20 часов бұрын

Абай облысында салық түсімдерінің жоспары 102 %-ға орындалды

20 часов бұрын

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

3 дня бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС