"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛДІГІМІЗДІ ШЫҢДАЙ ТҮСЕТІН КЕЗЕҢ

08.12.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жалпы, биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі — әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның даму бағытын айқындап берді. Осындай өтпелі кезеңде халық өзінің ертеңі туралы нақты көзқараста болуы керек. Бұл Жолдаудың бір ерекшелігі сол — өтпелі кезеңде, экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның алдағы жылғы даму траекториясы, реформаларының қандай болатыны нақты көрініс тапты. Біріншіден, Қазақстандағы адами капиталды дамыту мәселелерін Жолдаудың кәсіптік білім беру бөлімінен көре аламыз. 2017 жылдан бастап колледждерде, арнайы білім беру мекемелерінде тегін білім беру ісі ұйымдастырылады. Яғни, бұл -мектеп бітірген жастардың басым бөлігі болашақта белгілі бір кәсіп иесі бола алады деген сөз. Бұл — жұмыссыздықты болдырмаудың бірден-бір жолы.

Екіншіден, әлемдік дағдарысқа орай, ел экономикасының құрылымы өзгерейін деп отыр. Мәселен, бүгінде кейбір салаға сұраныс азая бастаса, керісінше, екіншісіне арта түсуде. Атап айтсақ, әлемде азық-түлікке деген сұраныстың артуы ауылшаруашылық саласы мамандарының қажеттілігін туындатады. Демек, экономикалық дағдарыс жалпы көзқарасты өзгертуге мүмкіндік береді. Күні кеше мұнай өнімдеріне, шикізатқа көңіл бөлсек, енді ауыл шаруашылығына баса мән беру керек. Әрине, бұл салаға осыған дейін де зор көңіл аударылып келді. Ел экономикасының бірден-бір тірегі саналатын бұл салаға ендігі аралықта қарқын алдыратын уақыт келді.

Ал құрылымдық өзгерістерге байланысты Жолдауда көрініс тапқан жайт – «Самұрық Қазына» құрамындағы кәсіпорындарды жекешелендіру мәселесі көтеріліп отыр. Қазіргі қаржы тапшылығын шешудің бірден-бір жолы — жекешелендіру. Бұл — әлемдік тарихта дағдарыстан шығудың сыннан өткен бір түрі.  Бұл шараны әлемнің барлық дамыған елдері қолданып келеді. Біз де сол жолмен жүріп келеміз. Жекешелендіру арқылы қазынаға екі триллионға жуық қаржы түседі деген болжам бар.

Тағы бір жайт — жер мәселесі. Ендігі аралықта жерді өңдеуге қабілеттілігі, мүмкіндігі бар адамдарға жағдай жасалатын болады. Мұның өзі біздің еліміздегі мыңдаған гектар бос жатқан жерлерді ел игілігі жолында игеруге мүмкіндік береді. Инвестор тарту арқылы ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті дамытуға жол ашылады.   Шетелден инвестиция тартамын деген кәсіпкерлер үшін мемлекет тарапынан жағдай жасалатын болады.

Сондай-ақ Жолдау басымдықтарына сай, әлеуметтік ахуал да оң көрініс тапқан. Мәселен, алдағы 1-ші қаңтардан бастап білім саласы, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақылары жоғарылатылмақ. Осы топтағы адамдардың біліктілігін арттыра отырып, бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру міндет. Бұл өз кезегінде білім саласында оң реформалардың орын алуына жағдай жасайды. Яғни, Жолдаудың бұл тарауы аталмыш сала қызметкерлерінің әлеуметтік рөлін көтеруге бағытталып отыр деген сөз.

Шәріпбек ӘМІРБЕКОВ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университетінің ректоры.

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы пысықталды

07.04.2026
Абай облысында туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы пысықталды

Semeytany.kz - Абай облысында жазғы демалыс маусымына дайындық және туристік аймақтардың инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері кеңейтілген аппараттық кеңесте қаралды. Жиынға облыс...

Толығырақ...Details

ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ – СЕРГЕКТІК ПЕН ШЫМЫРЛЫҚ КЕПІЛІ

06.04.2026
ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ – СЕРГЕКТІК ПЕН ШЫМЫРЛЫҚ КЕПІЛІ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің «Семей» шекара басқармасының әскери қызметшілері Салауатты өмір салты күніне орай арнайы спорттық...

Толығырақ...Details

Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артып келеді

06.04.2026
Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артып келеді

Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып, өнім көлемі артып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімінің міндетін...

Толығырақ...Details

Аягөз ауданында денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылып жатыр

06.04.2026
Аягөз ауданында денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылып жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Аягөз ауданында денсаулық сақтау саласы жүйелі түрде дамып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз...

Толығырақ...Details

Аягөзде негізгі көшелер мен жолдар жаңартылады

06.04.2026
Аягөзде негізгі көшелер мен жолдар жаңартылады

Аягөз ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында бірқатар маңызды жоба іске асады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімінің міндетін...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДА КҮТІЛЕТІН ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ ТАРИХИ ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ

06.04.2026
ҚАЗАҚСТАНДА КҮТІЛЕТІН ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ ТАРИХИ ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ

1991 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғандағы кезеңдегі демографиялық деректерді талдау халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық жағдайында түбегейлі өзгерістер...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы пысықталды

20 часов бұрын

Шығыс кентінде 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді

20 часов бұрын

ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ – СЕРГЕКТІК ПЕН ШЫМЫРЛЫҚ КЕПІЛІ

2 дня бұрын

Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артып келеді

2 дня бұрын

Аягөз ауданында денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылып жатыр

2 дня бұрын

Аягөзде негізгі көшелер мен жолдар жаңартылады

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДА КҮТІЛЕТІН ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ ТАРИХИ ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ

2 дня бұрын

Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

2 дня бұрын

Абай облысында жалпыөңірлік тазалық акциясы өтті

3 дня бұрын

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: кінәлілер қамауға алынып, полиция басшылары қызметтен босатылды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС