"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚЖАЛДЫҢ КЕЛЕШЕГІ ЖАРҚЫН

11.12.2015

Жуырда Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов жұмыс сапарымен Ақжал ауылдық округінде болып, ауылдың жалпы әлеуметтік жағдайымен танысып, мұндағы кен өндіруші кәсіпорындардың жұмысына қанығып, мәселелерін тыңдады.

Ақжал және Бөке елдімекендері, негізінен, кеншілер ауылы болып табылатын. Бұл жердің кенін игеруді ең алғаш 1864 жылы орыс және татар көпестері мен ағылшындар қолға алған екен. Уақыт өте қойнауы алтынға толы өңірдің кенін кең көлемде өндірістік игеруді «Алтайалтын» тресті жүзеге асырды. 1911 жылы академик В. Обручев кен орнының өнімділігін жоғары бағалап, 1914 жылдың өзінде 8 жер асты қойнауын игеру жұмыстары жүргізілген. «Алтайалтын» кен байыту комбинаты кезінде еліміздің бес облысында алтын өндіріпті. Барлық кеніштердің ішінде Ақжал кен орны бай алтынымен сол кезден-ақ ерекшеленіп, танымал болған болатын.

Кен өндірушілердің бүгінгі күні біраз мәселелері бар. Атап айтқанда, мұнда өнімділік азайған. Аталған мәселені шешу, кен орнын жаңғыртуға күш салуды аудан әкімі осы сапары барысында мақсат етті. Жалпы, кен өндіру саласы Нұрлан Бәтташұлы үшін таңсық емес. Осы салада көп жылдар еңбек еткен аудан әкімі кәсіпорындар жұмысын жандандыру арқылы Ақжал ауылының әлеуметтік ахуалын әлдендіруді көздеп отыр.

Нұрлан Бәтташұлы жұмыс сапарында алдымен жергілікті білім ошағының жағдайымен танысты. Ақжал бастауыш мектебіне жергілікті кәсіпорындардың жұмысының тұрақты болмауы кері әсерін тигізуде. Ауылдың негізгі    әлеуеті саналатын «АС Горняк» және «Тасқора» ЖШС-нде еңбек еткен жергілікті тау-кен мамандары жұмыстың жоқтығынан ауылдан көшетіндердің қарасын көбейткен. Осының негізінде оқушылар саны да едәуір азайған екен. Қазір мектепте 24 оқушы ғана білім алуда.  Мектеп директоры  Е.Таширяев келер оқу  жылына 6 жеткіншек мектеп табалдырығын  аттайтынын ғана айтады.

Білім ошағының әр пәндік кабинетін, асханасы мен кітапханасын аралап көрген аудан әкімі мектептің күтімде екенін, оқушылардың білім алуына мүмкіндігі барын атап өтті.

— Бүгінгі таңда туындап отырған мәселе күрделі. Ауылда тұрақты жұмыс көздері болмайынша, халық саны азайып, осының негізінде оқушылар саны да төмендейді. Бұл өз кезегінде мектептің жабылуына әкеледі. Ал ауылдың берекесі мектеп екені жасырын емес. Әйтсе де туындап отырған мәселенің алдын алып, мектеп жұмысын сақтап қалуға күш салу қажет. Ауыл іргесіндегі тау-кен, алтын өндіру бағытындағы жұмыстарды жаң-ғырту ісі қолға алынып жатыр. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді,- деген   Нұрлан Бәтташұлы мектеп басшылығы мен ауыл әкімдігі алдына жаңа міндеттер жүктеді.

Мектептің қолданылмай қалған ғимараты бөлігіндегі мұражайға аудан әкімі ерекше көңіл бөлді. Мұражайда ауыл тарихынан сыр шертерлік жәдігерлер тұнып тұр. Ақжалдың негізін қалаған «Алтайалтын» кен байыту комбинатының тарихынан мол мағлұмат алуға болады. Соғыс ардагері Иван Ландышев, ақын Қалихан Алтынбаев, палуан Қабден Байдосов сияқты тұлғалар жайында көптеген жәдігерлер де осы мұражайда сақталған. Осы ретте Нұрлан Бәтташұлы қолда бар құндылықты сақтап қалу ұрпақ үшін аса қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ «Алтайалтын» комбинатының тарихи жәдігерлерін топтастырып, жеке мұражай ашу ісі де ұйымдастырылатын болады.

Нұрлан Бәтташұлы ауылдағы дәрігерлік амбулатория, округ әкімдігі ғимараттарын аралап, жергілікті «АС Горняк» ЖШС, «Шұғыла голд» ЖШС, «Васильевский» кен өндіруші комбинаты басшыларымен жүздесті. «АС Горняк» ЖШС басшысының орынбасары  А. Мақажановтың айтуынша, кәсіпорын қазіргі күні геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл өз кезегінде серіктестіктің жұмысын же-тілдіру мақсатында іске асатын тың жобалардың бастамасы ретінде бағалануда. Округтегі тағы бір кәсіпорын — «Шұғыла голд» ЖШС өткен жылдан бастап Бөке — Васильевский жер қойнауын бақылау жұмыстарын жүргізуде.

— Қазіргі уақытта бұрғылау жұмыстарын жүргізудеміз,- дейді кәсіпорынның бас инженері С. Лисов. — Әзірге сараптама алтынның аз мөлшерін ғана көрсетіп отырғандықтан, кеніштің көп мөлшерін өңдеп көруді жөн санап отырмыз.

Жер қойнауын зерттеу және алтын өндіруге келісімшарты бар «Васильевский» кен өндіру кәсіпорны да бірқатар жұмыстарды қолға алуда. Участок басшысы И. Винокуровтың аудан әкіміне берген мәліметіне сүйенсек, қазір кен орындарын бұрғылау жұмыстары жүруде. Келер жылы Бөке елдімекені жанынан вахталық жұмыскерлерге арналған кент құрылысы басталмақ.

Жалпы, «АС Горняк» және «Шұғыла голд» ЖШС-рі ауданның мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелген болса, «Васильевский» кен өндіру кәсіпорны басшылығы да өз бөлімшесін Жарма ауданының салық төлеушісі ретінде тіркеуге ынталы.

Кездесуде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жайы да сөз болды. Кәсіпорын басшылары әлеуметтік әріптестік танытуға дайын екендіктерін жеткізді.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

16.11.2026
Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

Абай облысында 2026 жылдың алғашқы 10 айында 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілген. Өңірде жыл сайын 220 мыңнан астам екпе...

Толығырақ...Details

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

16.11.2026
Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

Халықтың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту Қазақстанның әлеуметтік дамуындағы маңызды міндеттердің бірі болып қала...

Толығырақ...Details

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

16.11.2026
Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

Адамның еркін жүріп-тұруы, тұрғылықты жерін өз қалауынша таңдауы және елден тыс жерлерге шығуы оның негізгі құқықтары мен бостандықтарының қатарына жатады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

25 минут бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

14 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

18 часов бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

18 часов бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

18 часов бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

19 часов бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

20 часов бұрын

Абай облысында салық түсімдерінің жоспары 102 %-ға орындалды

20 часов бұрын

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

3 дня бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС