"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҒА БУЫННЫҢ АЙТАРЫ БАР

11.12.2015
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аға буынның айтары да, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық істері де жеткілікті. Қазіргідей әлемді жайлаған аумалы — төкпелі кезеңде, жүріп өткен жолдары, от кешулері бүгінгі ұрпаққа үлгі болған қанқұйлы соғыстың куәгерлерінің қатары күн өткен сайын азайып барады. Бейбіт кезеңдегі еңбек майданының майталмандарына қамқорлық көрсетуге ықпал етумен қатар, өскелең ұрпақты Отанды қорғауға, ерлік істерге тағзым етуге, адамгершілік пен батылдыққа тәрбиелеу ісінде ардагерлер ұйымдарының ықпалы зор.

Таяуда Үржар ауданының әкімдігінде ардагерлер кеңесінің есеп беру жиналысы өткізілді. Шараға аудан әкімі Серік Зайнулдин, аудандық мәслихат хатшысы М. Бітімбаев, ШҚО ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ғ. Құсанова, еңбек ардагері Т. Жирентаев, аудандық мәслихат депутаттары, мекемелер мен дербес бөлімдер басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Алғашқы сөз кезегі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н. Сандыбаевқа берілді. Аудандағы абыройлы һәм қазыналы қарт, қадірменді ақсақал ең алдымен       Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына тоқталып өтіп, сонымен қатар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау шаралары әр ауылдық округтерде Ж. Айтмахамбет, А.Қуанышев, Ш.Кәкімжанов, Ж.Жақанбаев, О.Бұғыбаев, М.Қамысбаева, Б.Қаспақбаевалардың атсалысуымен жүргізіліп жатқандығын айтып өтті. Белсенді ардагерлеріміз де Елбасы Жолдауынан түйген ойлары мен пікірлерін мерзімдік басылымдар беттерінде жариялап, өз ойларын ортаға салып отыратындықтарын жеткізді.

— Ардагерлер кеңесінің тікелей атсалысуымен барлық елдімекендерде ескерткіштер тазаланып, белгіленген аумақтар бойынша сырлау және көркейту жұмыстары жүргізілді. Алтыншоқы ауылдық округіне қарасты Айтбай ауылында майданда ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Ақан Тоқпаев рухына құрмет көрсетіліп, ескерткіш орнатылды және Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай «Ерлікке бастар намыстар, есімі өшпес арыстар» атты ескерткіш тақта Алтыншоқы ауылына қойылды. Көктерек ауылының тұрғындары үшін «Туған жерге тағзым» акциясы аясында құны 6 млн. теңге тұратын Ардагерлер аллеясы ашылып, Таскескен ауылында «Ер есімі — ел есінде» атты мемориалдық ескерткішке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сол сияқты Қызылту, Шолпан ауылдарында да ескерткіштер орнатылды. Сондай-ақ соғыс және тыл ардагерлері өздерінің өнегелі жолдарымен жастарды таныстырып, ономастикалық комиссияның шешімімен майдангерлердің бірқатарына көше аттары берілді. Жалпы, аудан бойынша 8 көше атауы өзгертілді. Олардың орнына Б.Момышұлы, Ә. Молдағұлова, М.Мәметова, Қ.Қайсенов сияқты батырларымыздың есімдері беріліп, сұрапыл соғыс жылдарында ерлік көрсеткен жерлестеріміз Р.Тұрғамбаев, С.Еділбаев, Ә.Әлхан, С. Байжарасов есімдерімен көшелеріміз өзгертілді. Аудан орталығындағы Горький атындағы орта мектебінің атауы халқымыздың қаһарманы Бауыржан Момышұлының есімімен қайта аталды. Аудан әкімі Серік Зинабекұлының бастамасымен, Жеңістің 70 жылдық мерекесі құрметіне, елге аман-есен оралған ардагерлердің соғыстан кейінгі өмірі мен еңбек жолдары жайлы «Жеңіс деп соққан жүректер» атты кітаптың тұсауы кесіліп, жас ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында таратылды. Сол сияқты аудан әкімінің тікелей басшылығымен Үржар, Таскескен, Мақаншы ауылдарында ардагерлер бас қосып, демалатын үйлер мен арнайы бөлмелер бой көтерді.    Астана күні мерекесі қарсаңында ардагерлерді еліміздің бас қаласына тегін апарып, көріп, тамашалауға жағдай жасалды. Жыл сайын дәстүрлі түрде Алакөл жағалауындағы «Үржарайым» демалыс үйінде ардагерлеріміз демалып, разы болуда. Осындай игілікті істерді аудандық ардагерлер кеңесі қолдап, тілектес болу парызымыз, — деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Сандыбаев.

Жиын барысында ойларын ортаға салған Таскескен ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Ш.Кәкімжанов, аудандық бастауыш ұйымының төрайымы М.Қамысбаева, Үржар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жақанбаевтар атқарылып жатқан жұмыстарға бағаларын беріп, аудан басшылығына алғыстарын білдірді. Конференцияда тиісті қаулы қабылданып, аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысы қанағаттанарлық деп танылды және 27 ауылдық округтің төрағалары мен ардагерлер кеңесі құрамының мүшелері сайланды. Ал облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері ретінде Н.Сандыбаев, Ш.Кәкімжанов, С.Сапаров, С.Қосанұлы сайланды.

Қорытынды сөз алған Үржар ауданының әкімі Серік Зинабекұлы:

— Қазіргі таңда ауданымыздың 13%-дық үлесін зейнеткерлер мен ардагерлер қамтып отыр. Жалпы, облыс бойынша жерінің көлемі мен халқының саны жағынан ірі аудан болып саналамыз. Әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан облыс бойынша 7-ші орындамыз. Алдағы уақытта алдыңғы қатардан көрінеміз деген үмітіміз зор. Өңірде орын алып жатқан жетістіктерге ардагерлердің де қосып жатқан үлестері мол, — деді аудан әкімі. — Облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен ауданымызға келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Елбасымыздың 30 қараша күні Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты Даниал Кенжетайұлы барлық аудан басшыларын жинап, шет мемлекеттерден арнайы инвесторлары шақырып, үлкен инвестфорум өткізуді жоспарлап отыр. Оның бір мақсаты Үржар ауданында үлкен құс фабрикасының  салыну жоспары болып табылады. Қол жеткізген басқа да жетістіктеріміз аз емес. «Юбилейный» ЖШС-де М.Қарашев арнайы жоба бастап отыр. М.Тшанбеков Мақаншы ауылында сүт өнімдері тауарларын дайындауды жолға қоймақ. Бұл — бүгінгі күні мектеп оқушылары мен аудан тұрғындарын сүтпен қамтамасыз етудің бірден-бір жолы, — деп атап өтті.

Аудан әкімі айтып өткендей, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тауарлы-сүт фермаларын құру жөніндегі тапсырмасы Үржар өңірінде тындырымды жүзеге асуда. Мәселен, «Бәтуа» ЖШС ауданымызға 6 млрд. 400 млн. теңгенің инвестициясын тартуда. Осылайша, 400 басқа арналған сүт фермасын ашпақ. Одан өзге 5000 басқа арналған ірі қара бордақылайтын алаң ашылмақ. Аталмыш жобалар төңірегінде Қытайдың белді компаниясымен келісімшартқа қол қойылыпты. Осы ретте 387 млн. теңге қаржы бөлініп, Елтайдан Сартерекке дейінгі аралықта жарықтандыру жүйелерін тартқызуға қол жетті. Бұл жұмыстар нәтижесінде суармалы жерлер 8 мың гектарға дейін көбейіп, жаңадан жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар «Алғабас» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихат депутаты  М.Қалиев 3000 мың мал басын бордақылайтын алаң жасау мақсатында жұмыстар атқаруда. Қазір 1500 басқа дейін жетті. Елбасының тапсырмасына сәйкес, ет өндіріп, экспортқа шығару тиімді және бұл орайда Ресей мемлекетінің нарығы ашық.

Аудан әкімі Серік Зинабекұлы сонымен қатар Қытай инвесторларының қатысуымен  темір-бетон шығаратын зауыт та жақын уақытта ашылып, халық игілігі үшін жұмыс жасайтынын баяндап өтті. Сондай –ақ әлеуметтік сала, оның ішінде қазыналы қарттарға қамқорлық мәселесі жөнінде де сөз қозғады.

— Алдағы уақытта  демалыс орындарына жіберілетін ардагерлердің санын 100 адамға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ауруханалардан ардагерлерге арнап арнайы ем  қабылдайтын бөлме ашылады, — деді аудан басшысы Серік Зайнулдин.

Осылайша, ардагерлер кеңесінің есеп беру жиынына қатыс- қандар маңызды қаулылар қабылдап, алдағы уақытта іске асатын жұмыстар қатарымен танысты. Қандай құрмет көрсетілсе де лайықты ардагерлер арамызда аман жүрсін деген игі тілекпен жиын мәресіне жетті.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

4 часа бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

2 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

3 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

4 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

5 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС