"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АНАЛАРҒА АЛҚА ТАҚТЫ

22.12.2015

Ел мерекесі Тәуелсіздік күніне орай, қалалық әкімдікте “Алтын” және “Күміс алқа” иегерлері атанған аналарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл шараға Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Зәуреш Исабаева қатысып, мерейге бөленген аяулы жандарға алқа тағып, куәліктер табыс етті.

Жиналған қауым алдында Зәуреш Рамазанқызы өз құттықтау лебізінде аналардың ел демографиясына, халықтың табиғи өсіміне қосып отыр-ған үлесіне тоқтала келе, әр перзенттің жүрегінде алтын әріппен жазылатын аналардың бүгінгі қоғам үшін де мейлінше ардақты екенін жеткізді.

— Аналардың өмірге бала әкелуінің өзі үлкен ерлік әрі бақыт. Сіздер өмірге перзент әкелген бақытты анасыздар. Әрине, баланы өсіру, жеткізу оңай емес. Түн ұйқыларыңызды төрт бөліп, жүрек мейіріміне бөлеп жеткізесіздер. Дана қазақта «Ұл өсіргенің – ұрпақ өсіргенің, қыз өсіргенің — ұлт өсіргенің» деген нақыл сөз бар. Демек, сіздер еліміздің ертеңін, Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі азаматтарын тәрбиелеп жатырсыздар. Ендеше, осынау жолда сіздердің атқарып отырған еңбектеріңіздің орны ерекше деген сөз. Осы үшін де көп балалы аналар мемлекеттің қамқорлығына алынған. Әрқайсыларыңыздың отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Ұрпақтарыңыздың қызық-қуанышына кенеле беріңіздер. Балаларыңыз ертеңгі күні Тәуелсіз еліміздің әлемнің үздік дамыған 30 елінің қатарына енуіне күш салатын қайраткер ұл-қыз болып ер жетсін, — деп ізгі тілек білдіре келе, қала әкімі Ермак Сәлімовтің құттықтауын жеткізіп өтті.

Осыдан соң аналарға алқа тағып, тағы да бір мәрте құттықтады.

Ал келесі кезекте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы  Азамат Амангелдіұлы сөз алып, құттықтау тілегін білдіре келе, ендігі аралықта Алтын және Күміс алқа иегері атанған аналарға ай сайын мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатынын жеткізе келе,  қажетті құжаттар жинастырып, рәсімдеу жолын түсіндіріп өтті.

Бұл жолы абыройға семейлік төрт ана кенелді. Олардың ішіндегі Алтын алқа иегері атанған ең жас ана не бары 31-де ғана екен.  Ал ең үлкені — сегіз бала тәрбиелеп өсірген Насихат апа өз кезегінде әкімдік қызметкерлеріне алғыс білдіре отырып,  аналарға ұрпақ қызығына кенеле берулеріне тілектестік білдірді.

«СТ- ақпарат»

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

16.11.2026
Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

Абай облысында 2026 жылдың алғашқы 10 айында 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілген. Өңірде жыл сайын 220 мыңнан астам екпе...

Толығырақ...Details

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

16.11.2026
Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

Халықтың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту Қазақстанның әлеуметтік дамуындағы маңызды міндеттердің бірі болып қала...

Толығырақ...Details

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

16.11.2026
Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

Адамның еркін жүріп-тұруы, тұрғылықты жерін өз қалауынша таңдауы және елден тыс жерлерге шығуы оның негізгі құқықтары мен бостандықтарының қатарына жатады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

7 минут бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

14 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

18 часов бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

18 часов бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

18 часов бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

18 часов бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

20 часов бұрын

Абай облысында салық түсімдерінің жоспары 102 %-ға орындалды

20 часов бұрын

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

3 дня бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС