"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫС ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

22.12.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор»,- деген екен өз заманында Міржақып Дулатов. Әлбетте, бүгінде баспасөздің қоғам үшін орны да, жөні де бөлек. Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір де қалам ұстаған қауым. Қашанда елдің мұңын мұңдайтын, жетістігі болса жар салатын, жаңалыққа жаны құштар жандардың басын қосатын дәстүрлі журналистер форумы болып өтті.

Жыл сайын байланыс және ақпарат қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын форумның, уақытымен қатар, форматы да өзгеше болды. Олай дейтініміз- маусым айының соңғы сенбісінде өр Алтайдың төріне жиналатын қалам ұстаған қауым биыл жыл аяғында бас қосты. Жалпы, биылғы салтанатты басқосуға облыс бойынша жүзге тарта журналист жиналды.

Облыстық журналистер форумына ШҚО-ның әкімі Даниал Ахметов арнайы қатысты, өңір журналистикасының өркендеуіне өзіндік үлес қосқан бірқатар әріптестеріміз марапатқа лайық деп танылды.

Алдымен облыс әкімі Даниал         Кенжетайұлы журналистер алдында сөз алды. Аймақ басшысы қалам ұстаған қауымның қоғамдағы алар орнына тоқталып, олардың еліміздің дамуына, кемшіліктердің жойылып, олқылықтардың түзелуіне оң әсерлерін тигізіп келе жатқанын айтып, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қой жылын табысты аяқтауға тілектестігін білдірді.

— Халық пен биліктің арасындағы дәнекерге айналған БАҚ өкілдерінің қоғамдағы рөлі ерекше. Еліміздің, облысымыздың экономикасын дамытуда, қоғамның өркендеуінде журналистердің қосып отырған үлесі зор деп білемін. Біздің алдымызда күрделі кезең тұр. Әлемдік дағдарыстың белең алған шағында Сіздерге де артылатын жүктің салмағы ауыр. Өйткені халық сіздер арқылы ақпаратқа қанығады. Осы ретте Сіздер объективті тұрғыдан кәсіби шеберліктеріңізді көрсететіндеріңізге сенімдімін, — деді Даниал Кенжетайұлы.

Жағымды жаңалықтың жаршысына айналып, аймағымыздың тыныс-тіршілігі жайлы ақпарат таратуда белсенділік танытып, облыстағы журналистика саласының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген бірқатар журналистер мен БАҚ ұжымдарын облыс әкімі Даниал Ахметов арнайы  марапаттады. Осы ретте өңір журналистикасын дамытуға және қоғамдық – саяси іс – шараларды жария етуге қосқан үлесі үшін Даниал Ахметов «Семей таңы» — «Вести Семей» газеттерінің директоры Риза Молдашеваны Шығыс Қазақстан облысының грамотасымен, өңір журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін «2015 жылғы мерейтой даталары» номинациясы бойынша «Семей таңы» газетінің бас редакторы Ерзат Жанатұлын арнайы дипломмен марапаттады.

Сонымен қатар облыс журналистикасының дамуы жолында еңбек етіп жүрген республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі әріптестеріміз де аймақ басшысының марапатына ие болды.

«СТ — ақпарат»

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 часа бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

2 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

3 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

4 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

5 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС