"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН — ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ

22.12.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ағымдағы жыл өңіріміздегі медицина саласы үшін де біршама табысты жыл болды. Аймағымызда жаңадан есік   ашқан бірқатар денсаулық сақтау нысандары  ел мүддесі жолында қызмет етпек. Мұндай жағымды жаңалықтар қатары 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне орай жуырда қаламызда да орын алды.

Семейдегі 72 — квартал аумағынан жаңадан «In Vitro»  консультациялық-диагностикалық емханасының филиалы ашылды. Айта кету керек, осыған дейін қалалықтар денсаулығын нығайтуда қалтқысыз үлес қосып келе жатқан бұл нысан ендігі арада өз қызметін кеңейте түспек. Мерекеге орай ұйымдастырылған айтулы шараға қала әкімі Ермак Сәлімов арнайы қатысты.

Аталмыш саланың ардагерлері  салтанатты түрдегі лента қию рәсімін өткізген соң, меймандар жаңа ғимараттың ішіне еніп, қызмет көрсету барысымен, заманауи құрылғылар қатарымен танысты. Мұнда кәсіби біліктілігі жоғары арнай мамандар қалалықтарға тұрақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар аурудың диагнозын қоюда лабораториялық зерттеулер жүргізіліп және инфаркт пен инсульттен кейінгі оңалту бойынша қызметтер ұсынылады. Аталмыш медициналық мекеме әсіресе қимыл-қозғалысында кемістігі бар жандар үшін жоғары дәрежеде қызмет көрсетеді. Себебі мұнда қазіргі заманғы массаж үлгілері жасалады. Яғни, аталмыш емханаға мүгедектер жиі келеді. Сонымен қатар «In Vitro» УЗИ аппараты мен ЭКГ, ЭХО КГ-ға түсіру, клиникалық, биохимиялық, гормондық, иммунологиялық анализ сараптамалар жасау арқылы да халыққа сапалы қызмет көрсете алады. Қорыта айтқанда, Семей қаласы бойынша 2008 жылы клиникалық зерттеулер жүргізетін шағын зертхана ретінде жұмысын бастаған «In Vitro+» бүгінде – әлемдік өндірушілердің жоғары технологиялық жабдықтарымен жабдықталған, EQAS BIO-RAD америкалық сыртқы сапа жүйесіне қатысу құқығына лайық деп танылған заманауи емхана деңгейіне дейін көтерілді. Айта кету керек, бұл нысанды ашу үлкен қажеттіліктен туындапты.

Жаңа ғимараттың негізгі мақсат-міндеттерімен таныстырған емхана басшысы Нәзипа Изатоллаева мемлекеттік тапсырыс аясында екі жыл ішінде екі мәрте қаржы алып, жаһандық үлгіге сай мекеме ашуға мүмкіндік алыпты.

-Қазіргі таңда жекеменшік медициналық мекемелер ашуға Елбасының өзі ерекше ден қойып отыр. Ендігі аралықта Президент сенімін ақтауға тырысамыз, — дейді өз қызметтері жөнінде пікір білдірген            Н. Сұлтанқызы.

Қосымша ретінде ашылған емханада емделушілер күндізгі стационарда ем қабылдайтын болады. Яғни, жүрек-қан тамыр аурулары бойынша ауыр сырқаттардан айыққан жандар тиісті кеңес алып, толық айығып кеткенше дәрігерлер қарауында болады. Бұл ретте инсульттен кейін қаралған науқастар үшін көрсетілер көмек айрықша. Аталмыш емханада сонымен қатар балалардың церебральды сал аурулары үшін уқалау ем-домдары да жасалады екен. Ол үшін келушілерге арналып остеоденситометрия кабинеті жабдықталған.

Жаңа нысандағы халық денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстармен танысқан қала әкімі Ермак Бидахметұлы қызметкерлер жұмысына табыс тіледі.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 часа бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

2 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

3 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

4 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

5 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС