"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Сүлеймен МЕДЕУОВ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ТАБАНДЫЛЫҚ КЕРЕК

24.06.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы керек. Өйткені атқарушы билік пен халық арасын жалғайтын — мемлекеттік қызметшілер. Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардың білімі мен біліктілігіне, адамгершілігі мен тәлім-тәрбиесіне айтарлықтай назар аударылып келеді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы өзінің Жолдауларында Тәуелсіздігімізді баянды етуде мемлекеттік қызметшілердің міндеттеріне айрықша тоқталуы да осының айқын дәлелі. Семей қаласында «Біздің міндет – халыққа қызмет» деген қағиданы өмірлік серігі еткен алдыңғы буынның алғы шебіндегі мемлекеттік қызметшілердің бірі – Сүлеймен Медеуов. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада өмірлік тәжірибесі мол Сүлеймен Медеуұлымен өрбіген сұхбатта мемлекеттік қызметшілерге жүктелген зор жауапкершіліктің қаншалықты екенін аңғарғандаймыз.

— Сүлеймен Медеуұлы, Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арналған. Заманауи мемлекет құруда кәсіби аппараттың рөлі өте зор. Маңызды құжат мемлекеттік қызметшіге нендей  міндет жүктеп отыр?

— Сауалыңыз орынды. Елбасы мемлекет дамуының ең басты кілті басқарушылық тетіктерде тұрғанын атап көрсетуде. Осы ретте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арналғанын білесіздер. Айта кетуіміз керек, «Мәңгілік Ел» идеясын ел санасына қалыптастыратын да, ілгері апаратын да мемлекеттік қызметшілер. Осы ретте мемлекеттік қызметшілер халыққа сапалы қызмет көрсетуді басты міндеті етіп алып отыр. Сондықтан да тұрғындарға «бір терезе» жүйесі арқылы қызмет көрсетілуде. Бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылды. Айталық, халыққа қызмет көрсету орталықтарында жер кадастры мен жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы біріктіріліп, жоғарыда аталған жүйе арқылы қызметтерін ұсынуда. Бір айта кетерлігі, ондағы қызмет көрсететін мамандардың біліктілігіне баса назар аударуымыз керек. Өйткені олар халықпен тікелей жұмыс жасайды. Әсіресе жас мамандардың біліктілігін арттырып отыруымыз керек. Мемлекет басшысы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіруді, халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету ісін қадағалауды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды тапсырғаны белгілі. Соған сәйкес кедергісіз қызмет көрсету, Интернет желісі арқылы кезекті брондау басты назарға алынған. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет сапасын арттыруды жаңғырту және ыңғайландыру бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Бір сөзбен айтқанда, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын одан әрі жетілдіру мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

— Маңызды құжатта: «Мемлекеттік қызметке қабылдау ең төменгі лауазымдардан басталуы тиіс»,- деп айтылған. Бұл мықты кадр қалыптастыру жолындағы жасалған игі қадам емес пе?..

— Кәсіби аппарат құрудың 15 қадамы азаматтарды мемлекеттік қызметке алғаш қабылдау рәсімінен бастап оларды кешенді аттестаттауға дейінгі аралықты қамтиды. Мысалы, ауылдық әкімдіктегі қызметтен бастап, биліктің аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі барлық баспалдақтарынан өткен және осы кезеңдерде үлкен тәжірибе жинақтаған мемлекеттік қызметкердің алғаш басынан өткен қиындықтары, тапсырмалар мен сынақтар, әр баспалдақ сайын кездесетін тосын сәттер ұмытылмасы, көкейінде сайрап тұрары анық. Төменнен бастаған азамат жергілікті жерде халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілегін терең түсініп, қоян-қолтық жұмыс істеп, олардың мәселелерін тап-тұйнақтай шеше алады. Ол үшін білім, кәсіби тәжірибе қажет екені анық. Қызметке деген адалдық, еңбексүйгіштік, Отанға деген патриотизм – Елбасының мемлекеттік қызметкерлер алдына үнемі қойып келе жатқан талабы. Енді осы қасиеттер мемлекеттік қызметтің есігін алғаш аттаған жас маманның бойына нақты қадамдар арқылы сіңірілмек. Кеңес үкіметі тұсында да төменгі лауазымнан өтпеген жағдайда жоғары қызметке ауыстырмайтын еді. Бұл өте дұрыс. Себебі төменнен бастаған адам төменде не болып жатқанын біледі. Жағдайлардың барлығын да біліп отырады. Бір сөзбен айтқанда, бұл реформа – азаматтардың құқықтарын құрметтейтіндей және олардың заңды мүдделеріне қызмет ететіндей мөлдір де тиімді модельді қалыптастырады.

— Сүлеймен Медеуұлы, осы ретте қызметкерлердің біліктілігі арттырылып отыратын шығар? Өзге емес, бір ғана өзіміздің Семей қаласы жайын меңзеп отырмын.

— Әрине, әр сала мамандары облыс орталығы Өскемен қаласында үш жылда бір рет сынақтан өткізіліп отырады. Бұдан өзге екі жыл сайын біліктілігін арттырып, арнайы оқып шығады. Бұл жұмыстар мамандардың біліктілігін арттыруға септігін тигізері анық.

— Ұлт жоспарының 13-ші қадамында жемқорлыққа қарсы күрсеті күшейту мәселесі көтерілген. Сіздіңше, жемқорлықпен күресті неден бастау керек?

— Ел сенген өкілдер – біз, мемлекеттік қызметшілер, бұл мәселелерге ерекше көңіл аударуға тиіспіз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – үнемі көтеріліп келе жатқан мәселелердің бірі. Негізі, қолы таза емес адамдар мемлекеттіқ қызметте жұмыс істемеуі керек.

– Көптеген азаматтар, мемлекеттік қызмет пен жеке секторда жұмыс істеу мүмкіндігі туған сәтте, жеке сектор ұсынған жұмысты таңдап жатады. Мұның себебі неде?

— Дұрыс айтасыз. Бұл жерде ең бірінші себеп — мемлекеттік қызметтің табысының аздығы. Адам дұрыс өмір сүріп, отбасын асырауы үшін, айлық табысы жетіп тұруы керек. Дегенмен өткен жылы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 25 пайызға көтерілді. Бұл мәселе өз деңгейімен шешіліп келе жатыр деуге болады. Біз оған, әрине, ризамыз. Әйтсе де мемлекеттік мекемеде жұмыс істеп отырған азаматтар мен азаматшалардың табыстары алдағы уақытта да көтерілсе екен дейміз. Онда ол келіп тұрған адамға тәуелді болмас еді. «Тұрмыс адамның санасын билейді» деп бекер айтылмаса керек. Тұрмыс сананы билемеу үшін, олардың жалақыларына көңіл аударуымыз керек.

— Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейі қаншалықты? Бұл жөнінде Елбасы ұдайы айтып келеді.

— Мемлекеттік тіл – халқымызды біріктіріп, оны «Мәңгілік Ел» идеясының айналасында топтастыратын үлкен құрал. Ал мемлекеттік қызметшілер қоғамның алдыңғы саптағы озық ойлы, мәдениеті терең, білімді санаты ретінде Елбасының тапсырмасын бірінші кезекте орындаулары керек. Туған тіл – тұғырымыз. Тау қыраны Расул Гамзатов: «Егер менің тілім ертең жойылар болса, мен бүгін өлуге даярмын»,- депті. Қазір қалада жұмыс істеп жатқан азаматтардың көбі ауылдан өсіп жетілгендер. Ал қазіргі алмағайып заманда барлығын бір күнде мемлекеттік тілге аудару мүмкін емес. Келген хаттарды қай тілде алатын болсақ, сол тілде жауап береміз. Дегенмен ішкі құжаттар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қазір тәуелсіз Қазақстанда мемлекеттік тілге үлкен мән берілуде. Өзге ұлттың арасынан мемлекеттік тілді еркін меңгергендерді де көріп жүрміз. Бұл өте қуанышты.

— Мемлекеттік қызметшінің бойында қандай қасиеттер болуы керек.

— Ең бірінші, адамға табандылық, білім керек. Бұл жерде тәжірибе мен сауаттылық та ерекше маңызға ие. Ұстамды, рухы жоғары азаматтар ортамызда көбірек болса игі.  Осының барлығы сайып келгенде мемлекеттік қызметшінің бейнесін қалыптастырады.

– Сүлеймен Медеуұлы, мемлекет мәртебесі мен ел игілігі жолында атқарып жатқан қызметтеріңізге толайым табыстар тілейміз.

Сұхбаттасқан Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

13.07.2026
Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Мақаншы ауданында «құрғақ порт»...

Толығырақ...Details

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

13.07.2026
Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылындағы «Тарбағатай» жазғы сауықтыру лагері биыл да балаларға есігін айқара ашты. Мұнда аз қамтылған және әлеуметтік...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

13.07.2026
Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

Абай облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мақаншы ауданында 2026–2027 оқу жылында жалпы 4549...

Толығырақ...Details

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

12.07.2026

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

12.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

4 дня бұрын

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

4 дня бұрын

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

4 дня бұрын

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

5 дней бұрын

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

5 дней бұрын

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

5 дней бұрын

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

5 дней бұрын

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС