"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАРЫСТА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР

24.06.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

23 маусым — Мемлекеттік қызметші-лердің кәсіби мерекесіне орай, шаһардағы «Спартак» стадионында мемлекеттік қызметкерлер арасында қалалық спартакиада ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау әрі бұқаралық спортты дамыту болып табылды.

Сайысқа қалалық әкімдіктің дербес бөлімдері, ішкі істер басқармасы және өзге де мемлекеттік мекемелердің құрама командалары қатысуға ниет танытыпты. Кәсіби мерекенің құрметіне ұйымдастырылған спартакиадаға қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болғанын атап өткен жөн. Жарыс барысында қатысушылар спорттың жеті түрінен – шағын футбол, волейбол, жеңіл атлетика, армрестлинг, арқан тарту, тоғыз құмалақ және дойбыдан — өзара кіл мықтыларды анықтады. Семей қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев, бұл доданың жылма-жыл аясы кеңейіп келе жатқандығын тілге тиек етіп, республикалық турнирлерде жерлестеріміз айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп жүргендерін атап өтті.

— Ең алдымен, осы сәтті пайдалана отырып, барша мемлекеттік қызметкерлерді, яғни өз әріптестерімді, кәсіби төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Өздеріңіз білетіндей, аталмыш мерекеге орай, қалалық әкімдікте жас мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады. Біз де өз тарапымыздан осы кәсіби мейрамды шет қалдырмай, қалалық спартакиада өткізуді ұйғардық. Бүгінде Семей қаласы бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері спорттан да осал емес екендіктерін нақты дәлелдеп келеді. Олардың қатарында спортты жандарына кәсіби тұрғыда серік еткендері де жоқ емес. Кейбірі әлі де байрақты сайыстарда өз өнерлерін көрсетуді жалғастыру үстінде. Енді бұл жолғы жарыс мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне арналғандықтан, сайыскерлер жан алысып, жан беріспейді. Дегенмен де оқ бойы озып шыққандар міндетті түрде марапатталатын болады. Арнайы әзірлеп қойған жүлделеріміз де бар. Спартакиаданың қорытындысына сәйкес, барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хаттар және медальдар табысталатын болады,- деді Мұрат Мұрсаханұлы.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

10.09.2026
2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

Мүлік салығын Салық кодексінде көрсетілген салық салу объектілері бар жеке тұлғалар төлейді. Оларға пәтерлер, тұрғын үйлер, саяжайлар, гараждар, автотұрақтар және...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

4 дня бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

4 дня бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

4 дня бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

5 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

5 дней бұрын

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

5 дней бұрын

Жаңа мүмкіндіктер: Абай облысында мерзімді әскери қызмет қалай өзгерді

6 дней бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

6 дней бұрын

Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

1 неделя бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС