"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАС МАМАНДАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

24.06.2016
97
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған басқосу Семей қаласының әкімдігінде жас мамандардың салтанатты түрде ант қабылдауымен басталды. Еңбек жолдарын мемлекеттік қызметтен бастаған 9 жас маманға осы саланың алдыңғы буын өкілдері сәт сапар тіледі.

Жас мамандарға Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Зәуреш Исабаева, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов өздерінің ізгі тілектері мен құттықтауларын жолдады. Шара барысында алғаш сөз алған Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Зәуреш Исабаева жиналғандарды Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтап, жұмыстарына жеміс тіледі. Бұдан кейін мінберге барлық ант қабылдаушылар кезекпен шақырылып, салтанатты жағдайда ант қабылдады. Қазақ елінің өсіп-өркендеуіне үлес қосуға серт бергендер ҚР-ның  Ата Заңында көрсетілген қағидаттарды, азаматтық және халықаралық келісімді қатаң сақтауға, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге уәде етті. Ал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов Мемлекеттік қызметшілер күні еліміз үшін айтулы мереке екенін атап өтті.

— Құрметті жас мамандар! Мемлекеттік қызмет — өте жауапты іс. Әр мемлекеттік қызметкер өз жұмысына асқан жауапкершілікпен қарауға тиіс. Өйткені мемлекеттік қызметшінің беделінің жоғары болуы — мемлекеттің абыройы. Қызметтеріңде табанды, білімді болсаңдар, әрқашан жолдарың ашық. Халыққа адал қызмет етіңдер,- деген Амантай Айтмұрзаұлы қазіргі күні елімізде көптеген мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылып жатқанын, оның мемлекеттік қызметкерлердің қызмет көкжиегін кеңейтуге молынан мүмкіндік беретінін атап өтті. Сөз соңында жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің жұмыстарына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде сөз алған қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов барша мемлекеттік қызметшілерді төл мерекелерімен құттықтап өтіп, жас мамандарға қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада табандылық танытуға кеңес берді.

— Баршаларыңызды бүгінгі Мемлекеттік қызметшілер күні-мен құттықтаймын. Бүгін  бір топ жас маман ант беріп, үлкен жолға шығып отыр. Алдағы уақытта жұмыстарыңызды беделді атқаруға тілектеспін. Еңбектеріңіз жанып, сіздерге қарап қуана берейік, — деді мәслихат хатшысы.

Жиын соңында аппарат басшысы Зәуреш Рамазанқызы қызметімен ерекшеленген әкімдік қызметкерлеріне абыройлы еңбектері үшін Семей қаласы әкімінің грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

4 часа бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

4 часа бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

6 часов бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

6 часов бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

6 часов бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

7 часов бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС