"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛГЕНІҢ — ДҰРЫС ӨМІР СҮРГЕНІҢ

28.06.2016
26
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптаның соңында «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында республикалық «Әділет кеңес береді» акциясы аясында азаматтарды құқықтық сұрақтары бойынша қабылдау өткізілді. Шара аясында қалалық әділет басқармасы қызметкерлері, адвокаттар мен нотариустер тұрғындарға жан-жақты құқықтық көмек көрсетіп, заңнама нормаларына түсініктеме жасап, кеңестер берді.

Қабылдауға алғаш келгендердің бірі Семей қаласының тұрғыны Дария Қабылғазинова мекенжайлық әлеуметтік көмектің тоқтатылып қалғанына шағымданып, оның қаншалықты заңды екенін білгісі келетінін айтты. Осы ретте сөз алған «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова қабылдауға қатысып отырған адвокаттардан осы шағымға қатысты түсінік берулерін өтінді. Сала мамандары шағымданушының барлық құжаттарын қарастыру керектігін, содан кейін барып мәселенің анық-қанығына жетуге болатынын атап өтті. Сонымен қатар заңгерлер қабылдауға келген азаматшаға барлық қызметтердің тегін жүргізілетінін де атап өтті.

Халық партиясынан қаладағы Нұрбаев көшесінде тұратын бір отбасы да көмек сұрай келіпті. Көршісімен неше жылдан бері жер дауын шеше алмай жүрген жанұя заң қос тарапқа теңдей жүзеге асырылса деген шағыммен жүгінді. Айтуларынша, көршісі заңды аттап басып, неше жылдан бері осы отбасыға тиесілі болып келген жер телімін иеленіп алмақ ниетте екен. Сәйкесінше, заңсыздыққа барған көршісін де отбасы сотқа беріпті. Заңгерлер өз кезектерінде әділеттілікті талап етіп келіп отырған отбасының мәселесін тек сот орындары ғана шешетінін, дегенмен де қазақ халқының көршісімен әрқашан тату болғандығын айтып, туындаған мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысуға кеңес берді.

Бұл жолғы қоғамдық қабылдауға келген тұрғындарды, негізінен, құқықтық мәселелер толғандырғанымен, әлеуметтік мәселелер де сырт қалған жоқ. «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының хабарлауынша, республикалық «Әділет кеңес береді» акциясы халықтың құқықтық сауаттылығын көтеруге және олардың қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша жауап алуларына мүмкіндік береді. Шараның негізгі мақсаты азаматтардың азаматтық санасын және жауапкершілігін көтеру үшін тұрғындар арасында консультативтік жұмыс жүргізу және кең көлемді құқықтық көмек көрсету, сонымен қатар азаматтармен кері байланыс орнату болып табылады.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

4 часа бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС