"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАЙНАЙ БЕР, ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДА!

08.07.2016
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Арқа төсіндегі еңселі елордамыз  Астана күні Есіл жағасында ғана емес, ерке Ертіс пен еліміздің барлық өңірлерінде кең көлемде аталып өтілді. Дәстүрге айналған мерекені семейліктер де атаусыз қалдырмады. Шаһардың әр жерінде түрлі шаралар ұйымдастырылып, оған қалың көпшілік ерекше ықыласпен қатысты.

Семейде Астана күніне арналған мәдени шараның шымылдығы қалалық Достық үйінде ашылды. Бұл жерде қала тұрғындарының назарына шаһардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтау үшін концерттік бағдарлама алдында сөз алған қала әкімі Ермак Сәлімов береке мен бірлікті ту етіп, тату–тәтті өмір сүріп жатқан ұлттар достығына айрықша тоқталды. Осыдан кейін жергілікті өнерпаздар Астанаға, ел мен туған жерге арналған әндерін орындады.

Сондай-ақ, елордамыз Астана күні мейрамы мен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, шаһардың темір жол вокзалы аумағында қымызмұрындық ұйымдастырылды. Бұл мерекенің тамыры сонау көшпенділер дәуірінен бастау алатыны тарихтан белгілі. Қымызмұрындық дәстүріне сәйкес, алғашқы өндірілген қымыз көрші-қолаң мен мәртебелі меймандарға беріледі. Міне, бабалар салтын берік ұстанған семейлік жұртшылық та «Аяла» мейрамханасының алдында ақ боз үй тігіп, игі дәстүрді қайта жаңғыртып отыр. Мерекелік шара аясында темір жол вокзалы аумағында концерттік сахна қойылып, қаланың жас өнерпаздары патриоттық рухтағы әндерді шырқап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

— Құрметті қала тұрғындары! Осы мереке күндері біздің әсем шаһарымызда жоғары деңгейдегі түрлі іс-шаралар өткізілуде. Осыдан он жыл бұрын біз қымызмұрындық дәстүрін «Ахау, Семей» ұжымының көмегімен ұйымдастырған едік. Бұл ретте осы шараның өтуіне ұйытқы болған Гүлжихан Жұматаеваға ризашылығымды білдіргім келеді. Сол кісінің арқасында игі дәстүр үзілмей жалғасып келе жатыр. Барлықтарыңызды Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің атынан мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!- деген лебізін жолдады қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Көпбаев.

Бұл күні қымызмұрындық дәстүрін көруге көптеген мәртебелі қонақтар келді. Олардың арасында қалалық Достық үйіне қарасты этномәдени бірлестіктердің өкілдері және шаһардың зиялы қауымы болды. Айтулы мерекедегі қуаныш тағы бір игі жаңалықпен толықты. Атап айтқанда, осы аумақтың маңынан қаладағы Спорт колледжінің директоры С.Тоқтарғазиннің тікелей мұрындық болуымен жаңа қымызхананың тұсауы салтанатты түрде кесілді. Лента қию рәсімінен соң, жиналған қауым қымыз бен ыстық бауырсақтан дәм татуға мүмкіндік алды.

Ал осы сәтте спортсүйер қауым үшін айтулы жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Атап айтқанда, «Ертіс» спорт кешенінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Астана күніне арналған пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде қала әкімі Ермак Сәлімов қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, сәттілік пен жеңіс тіледі.

— Қайырлы күн, құрметті спортсүйер қауым! Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын. Елордамыз Астана – еліміздің жүрегі, еліміздің символы. Астана —  ол Қазақстанның рухани байлығы, жаңа келбеті. Мен барлық астаналықтарды, барша қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтаймын,- деді Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы өз құттықтауында.

Байрақты бәсеке қаламызда осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. Бұл жолғы сайысқа еліміздің 400-ден астам мықты спортшысы бақтарын сынай келіпті. Жарыс алда Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып отыр. Зілтеміршілер шілде айының 11-ші жұлдызына дейін бақтарын сынамақ. Жарыстың бас төрешісі Андрей Алтайбаевтың айтуынша, сайыстың алғашқы күнінен-ақ жергілікті спортшылар жақсы өнер көрсеткен.

— Алғашқы күні қыздар арасында сайыс өткізілді. Шығыс Қазақстан облысының қыздар командасы нәтижелі өнер көрсетті. Айта кетуіміз керек, жалпыкомандалық есепте алғаш рет қыздарымыз үшінші орынға ие болды. Бұл өте жақсы көрсеткіш деп есептеймін. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында, оның ішінде Семей қаласында пауэрлифтинг жоғары деңгейде дамып келеді деп айтуға толық негіз бар. Қалада жалғыз бұл емес,  барлық спорт түрлері қарқын алуда. Бұл — жастарымыз үшін үлкен мүмкіндік. Барша жарысқа қатысушыларға тек жеңіс тілеймін. Астана күні құтты болсын! Тәуелсіз еліміз, еңселі елордамыз жасай берсін,- деді Андрей Алтайбаев.

Елорда мерекесі «Астана – ару қала» атауымен қалалық Мәдениет сарайында жалғасын тапты. Салтанатты жиынды Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова ашып, қала әкімі Ермак Сәлімовтің атынан абыройы асқақтаған Астана күнімен құттықтады.                          — Астана еліміздің жүрегі ғана емес, ол әрқайсысымыздың  жүрегімізде. Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз. Бұл атаулы күннің де еңселі еліміз үшін маңызы өте зор. Астананың туған күнімен баршаларыңызды құттықтаймын, бейбіт еліміз әрқашан гүлдене берсін. Мерекелеріңіз құтты болсын! — деп құттықтау сөзін қорытындылады Надежда Шарова.

Ресми құттықтау сәтінен кейін концерттік бағдарлама да басталып кетті. Мерекелік бағдарлама барысында Астана жайлы әсем әндер орындалып, жергілікті өнерпаздар халықтың қошеметіне бөленді. Айтулы мереке қаланың Орталық саябағында да көтеріңкі көңіл — күймен аталып өтілді. Бұл мәдени орталықта да жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін паш етіп, көпшіліктің көңілінен шықты. Осылайша, жоғары деңгейде ұйымдастырылған ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қатарлас келген Астананың 18 жылдық мерекесі қала тұрғындарының көңілінен шықты.

Асан МЫРЗАХАН,

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

02.07.2026
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Бейжіңдегі Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және Қазақстан–Қытай AI-кино мен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

02.07.2026
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және...

Толығырақ...Details

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

02.07.2026
Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

Абай облысында еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының Абай облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес мүшелері және Бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды....

Толығырақ...Details

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

02.07.2026
Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

Жаз мезгілінде жіті ішек инфекциялары мен сальмонеллездің таралу қаупі артады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

02.07.2026
Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен биыл атқарылып...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

5 часов бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

9 часов бұрын

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

9 часов бұрын

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

10 часов бұрын

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

11 часов бұрын

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

16 часов бұрын

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

1 день бұрын

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

1 день бұрын

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

1 день бұрын

Қазақстан тарихында алғаш ретәкімшілік рақымшылық жасау жүргізіледі – Президент заңға қол қойды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС