"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ТАЛАП ЖОҒАРЫ

12.07.2016
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алаштың көрнекті қайраткері Әлихан Бөкейханов: «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден»,- деген. Расында, білім мен білігі толысқан, алайда қарапайым елге деген жанашырлығы жоқ жаннан келісті басшы шығу екіталай. «Елге еткен қызмет – абыройлы міндет» деп білген біздің өңірдегі мемлекеттік қызметшілер де табысты қызмет етуде. Осындай білікті мемлекеттік қызметшілердің бірі — Семей қаласындағы ауыл шаруашылығы бөлімінің өсімдік шаруашылығы және техникалық қызмет көрсету секторының меңгерушісі Тоқтарқажы Стамбеков.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндет жүктеліп отыр. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Оның үстіне олардың кәсіби шеберліктері мен біліктіліктеріне иек артқан жандардың көңілінен шығу қашанда қиын. Мемлекеттік қызметте он төрт жыл еңбек еткен Тоқтарқажы Стамбеков мемлекеттік қызметкерлерге ең бірінші кезекте қарапайымдылық пен жұмыста табанды еңбек ете білу керектігін айтады.

— Мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеті — халыққа қызмет көрсету. Мемлекеттік қызметшінің тағы бір маңызды қасиеті –  халықпен тіл табыса білуі. Ұжыммен етене жұмыс жасау да маңызды орын алады. Өйткені жұмыс істейтін жерің — сенің екінші отбасың.  Жас маман есебінде келгенімде, алғашқыда осы ұжымым көп көмек көрсеткен болатын. Содан ысылып, қазіргі күні бір адамдай жұмыс істеудемін,- дейді Тоқтарқажы Аюбайұлы. — Мемлекеттік қызметшінің, Ар-намыс кодексінде жазылғаннан бөлек, ең бірінші, адамгершілігі мол болуы керек. Өйткені мемлекеттік қызметшіге кеңес сұрап, көптеген жағдайлармен азаматтар келеді. Ол қарапайым немесе қызметтегі адам болуы мүмкін. Міне, сол кісілермен тіл табысып әңгімелесу, жағдайына қарасу мемлекеттік қызметшіден төзімділікті талап етеді,- деп ойын айтты.

Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» еңбегінің кіріспесі халық мүддесіне қызмет ететін мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруден бастау алады. Расымен де, кәсіби маман қызығы мен қиындығы мол бұл саладан қысылмай шығатыны сөзсіз. Тоқтарқазы Аюбайұлы жұмыстың барлығы тіл табысудан басталатынын айтады. Оның пайымынша, мемлекеттің мүддесін қорғай білу де мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі.

— Міне, осы қағидаларды  ұстана білген мемлекеттік қызметші болашақта жақсы қызмет ете алады. Қазір ақпарат заманы. Біздің салада да күнделікті өзгерістер орын алып отырады. Заңдардың өзі жылына екі-үш рет өзгереді. Осының барлығына бейімделіп, уақыт бөліп танысып отыруың керек. Оған қосымша ізденіс, талап керек. Біз ауылды жерлерден келген азаматтармен көп жұмыс істейміз. Қарапайым шаруалар көбіне қаланың мән-жайын біле қоймайды. Кейбірі қалаға келгенде абдырап қалады. Сол кезде оларға жағдай жасап, жұмыстарын бітіруге көмек көрсетеміз,- дейді Т.Стамбеков.

Тоқтарқажы Стамбековтің айтуынша, қазір мемлекеттік қызметті дамыту мен одан әрі жетілдіру бағытында ауқымды шаралар қолға алынуда. Осыған сай мемлекеттік қызметке келіп жатқан жастар да баршылық екен.

— Қазір өзімізбен бір деңгейде жұмыс істеп жүрген жас азаматтар мен азаматшалар бар. Тіпті бізден жоғары деңгейде қызмет етіп жатқандар да кездеседі. Сондықтан оларға сенім мол. Жалпы, мемлекеттік қызмет деген — елдің сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру. Бұл — бәріміз үшін жауапты қызмет. Өз халқың үшін қызмет ету — түсіне білгенге зор бақыт. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, қолдан келгенше түсініп, дұрыс жауап беріп шығарып салу — біздің парызымыз», — деген болатын. Біз  осы парызымызды есте сақтауымыз керек деп есептеймін,- дейді Тоқтарқажы Аюбайұлы.

Елбасы Н.Назарбаев 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 қадамда» кәсіби мемлекеттік аппаратты құру жөнінде де айрықша атап өткен еді. Оның алғашқы 15 қадамы осы мемлекеттік қызметке арналып, мемлекеттік қызметке кіруді төмен лауазымнан бастау, лауазымдық өсуді іскерлік қасиеттер арқылы жүзеге асыру, жалақыны нәтижеге байланысты өсіру, еңбекақыны нәтиже бойынша төлеу, міндетті қызметтік пәтерлер беру, тұрақты оқыту жүйесін бекіту, мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу, этикалық ережелерді бекіту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау, мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізу сынды нақты міндеттер жүктеген болатын. Ал біздің айтарымыз — Мәңгілік Ел үшін қажырлы еңбек етер жандар көбейе берсін!

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

18.06.2026
Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

Абай облысында әскери міндеттілерді кезекті әскери жиынға шақыру науқаны басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының қорғаныс...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

18.06.2026
Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

Абай облысында мамыр айы бойы «Таза Қазақстан – Таза су айдындары» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Толығырақ...Details

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

18.06.2026
Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

Цифрлық технологиялар дәуірінде ғылымды дамыту тек зерттеу жүргізумен ғана шектелмейді. Заманауи университеттер үшін ғылыми деректерді тиімді талдау, болашақтағы зерттеу бағыттарын...

Толығырақ...Details

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

16.06.2026
Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында азық-түлік өнімдерін белгіленбеген орындарда сату фактілері әлі де кездеседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қаласының...

Толығырақ...Details

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

16.06.2026
Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

Абай облысында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар деректерін міндетті түрде түгендеуден өткізуі қажет. Түгендеуден өтпеген азаматтар кезектен шығарылмайды, алайда тұрғын...

Толығырақ...Details

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15.06.2026
Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15 маусым – Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туған күні. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отаны үшін отқа түсіп, ерлігімен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

8 часов бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

8 часов бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

8 часов бұрын

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

2 дня бұрын

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

2 дня бұрын

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

3 дня бұрын

Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

3 дня бұрын

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

3 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

3 дня бұрын

Қайта жаңғыртылған екі теміржол вокзалы елімізде алғаш рет Абай облысында пайдалануға берілді

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС