"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАЙКЕРЛЕР СПОРТ САҢЛАҚТАРЫН ҚОЛДАУДА

15.07.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарына да аз уақыт қалды. XXXI мәрте алауы тұтанатын төрт жылдықтың басты бәсекесіне Қазақстанның атынан 100-ден аса спортшы қатысады деп күтілуде. Атап айтқанда, ел саңлақтары спорттың 27 түрінен бақтарын сынайды. Осыған байланысты Қазақстан байкерлер қауымдастығы отандық спортшыларды қолдау мақсатында мотокросс-эстафетасын қолға алып, ел аймақтарын аралауға жолға шығыпты. Ал аптаның екінші күні, яғни 12 шілдеде, эстафета қатысушылары Семей қаласына да келіп жетті.

Белгілі болғандай, байкерлер тобын Қазақстан байкерлер қауымдастығының президенті, әйгілі жиһанкез Дмитрий Петрухин бастап келіпті. Шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арнайы орайластырылған екен. Сонымен қатар саяхатшылар осы эстафета арқылы еліміздің  допинг дауына іліккен ауыр атлеттеріне де қолдау білдіруді көздеп отыр.

— Біздің спортшыларды халықаралық деңгейдегі жарыстардан шеттетіп тастағаны көңілге кірбің түсіреді, әрине. Алайда бұл күрмеулі сұрақ та жуық арада оң шешімін табады деген үмітіміз жоқ емес. Дей тұрғанмен де осындай сәттерде барлығымыз жұмылып өз отандастарымызды мейлінше қолдауымыз қажет деп есептеймін. Алматы қаласынан 6 шілде күні сапарға шыққан едік. Семей — біз аялдаған үшінші қала. Осының алдында Өскемен қаласында болдық. Онда Олимпиада чемпионы, жеңіл атлет Ольга Рыпакованың атындағы спорт кешенін аралап көрдік. Облыс орталығының тұрғындары бізді жылы қабылдады. Биыл елімізде бірнеше мерейлі даталар аталып өтілуде. Осы эстафетаны да сол мерекелі шараларға арнауды жөн санадық. Өткен жылы мотошеруді Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырған болатынбыз. Ол кезде де мемлекетіміздің түкпір-түкпірдегі аймақтарын аралап шықтық. Саяхат  барысында әр өңірдің спортшыларымен кездесу жоспарымызда бар. Олар мотокростың арнайы туына өз қолтаңбаларын қалдыратын болады. Қазірдің өзінде ол байрақта кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин, Олимпиада чемпиондары Александр Винокуров және Илья Ильин сынды бірқатар майталман спортшылардың қолтаңбалары бар. Бұл мотошеруді 5-ші тамызда тамамдайтын боламыз. Дәл сол мерзімде Риодағы жазғы Олимпиада ойындары басталады. Туды ҚР Тұңғыш Президенті мұражайына  табыстауды ойластырып отырмыз. Семей еліміздің қасиетті рухани ордасы болып саналатынын жақсы білеміз. Бұл шаһардан қаншама ұлы тұлғалар шықты. Семейліктерге ризашылығымызды білдіреміз. Өте қонақжай. Осы сәтті пайдалана отырып, барша қала тұрғындарын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің береке — бірлігі нығая берсін. Семейліктерді Олимпиада ойындары кезінде біздің спортшыларға жанкүйер болуға шақырамын,- деп түйіндеді өз сөзін Дмитрий Петрухин.

Семейдегі сапарлары барысында Қазақстан байкерлері қаладағы бірнеше спорттық нысандарды аралап, өңір саңлақтарының жетістіктерімен жіті танысып, спортшылармен тікелей тілдесуге мүмкіндік алды. Осыдан кейін мотокросс-эстафетаға қатысушылар көрші Павлодар облысын бетке алды.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

02.09.2026
Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

Кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамуына қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелер ғана емес, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы да тікелей әсер ететіні...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

01.09.2026
Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

Семейде өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School Semey ашылып, алғашқы қатысушылар оқуын бастады. Іс-шараға Абай облысы цифрлық технологиялар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

4 дня бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

4 дня бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

5 дней бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

6 дней бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

6 дней бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

6 дней бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

1 неделя бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

1 неделя бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС