"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

15.07.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облысы филиалының жанындағы саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы филиал төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтархановтың төрағалығымен өтті. Күн тәртібінде, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов «Индустриялы-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша және облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың «ТҮКШ инфрақұрылымын, су және жылу желілерін жаңғырту және тұрғын үй құрылымдарын жаңғырту» бағыты бойынша есеп берді. Сонымен бірге облыстық саяси кеңестің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысының орындалу барысы назарға алынды.

Кеңес отырысына партияның барлық өңірлік филиалдарының төрағалары мен орынбасарлары, облыстық мәслихат депутаттары, Саяси кеңес Бюросы мүшелері, партияның өзге де бақылау ұйымдарының өкілдері қатысты.

Нұрымбет Сақтағанов «Индустриялы-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөніндегі өз есебінде Индустрияландыру картасы аясында облыста 236 млрд. теңгеге 48 жобаның эксплуатациясы жасалғанын және осы аумақта 7 мың жұмыс орны ашылатынын жеткізді. Жұмыс орындары, негізінен, металлургия, машина құрылысы және ауылшаруашылық кешендері бағытында ашылмақ. Аталған жобаларды іске қосудың бастапқы кезеңінде, яғни биылғы жылға арналған 7 жоба бойынша, 435 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделуде.

Шығыс Қазақстан облысында «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде тұрғындарды еңбекпен қамтуға баса көңіл бөлінуде. Осы бағыттағы жоспарларды орындау барысында 2016 жылы 554 адам уақытша еңбекке тартылса, 35 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылмақ. Отырыс барысында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтің «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының «ТКШ мен су және жылу желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту» бағыты бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Бүгінде облысымыздағы жылу құбырларының 60 пайызы, су және кәріз жүйесінің 68 пайызының тозығы жеткен. Тозығы жеткен жүйелерді жаңалау үшін облысқа Ұлттық қордан 8 492,0 млн. теңге бөлінген. Бұл қаржыға өңір бойынша 26 жоба жүзеге асырылуда. Олардың басым бөлігі Өскемен және Семей қалаларының коммуналдық қызметін жаңғыртуға бағытталған. Биылдың өзінде 4,46 млн. теңгеге 14 жаңғырту жобасын жүзеге асыру көзделген. Д.Гариковтің айтуынша, осы жылға бекітілген жобалар уақтылы аяқталуы керек, бірақ Семей қаласындағы бір жоба мердігер компанияның жауапсыздығынан кестеден кешігуде. Аталмыш мәселе бойынша облыстық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы  Владимир Кошелев Семейдің №35  орамындағы жобаға жауапты мердігердің мәселесін тез арада шешу қажеттігін алға тартты. Комиссия мүшелері осы аталған нысанда болып қайтыпты. Белгілі болғандай, ол нысанда атқарылуы керек жұмыстың 10 пайызы ғана орындалған екен. Егер де алдағы айда ешқандай өзгерістер болмаса, мердігерге қатысты іс қаралып, қажет болған жағдайда, өзге бір жауапты компанияға ауыстыру қажет.

Отырыс барысында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов партияның саяси кеңесі қаулысының орындалу барысы туралы мәлімдеме жасады. Әнуарбек Мұхтархановтың айтуынша, бес айдың қорытындысы бойынша, 869 адам қоғамдық қабылдауда болып, келіп түскен 2400 өтініштің жартысына қанағаттанарлық жауап берілді.

Келесі кезекте Курчатов қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Курчатов қалалық филиал төрағасы Нұрбол Нұрғалиевтың атқарған жұмысы қаралды.

Саяси кеңестің Бюро мүшелері бір ауыздан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының инфрақұрылымдық дамуының іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында комиссия басшыларына партиялық бақылауды күшейту керек деген шешім қабылдады.

Бюро отырысы соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Сақтағановтың ақпараты қабылданып, облыс әкімінің орынбасары Д.Гариковке «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын «ТКШ мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту» бағытының жұмысын жандандыру және ұйымдастыру жұмыстары бойынша қаулы қабылданды.

«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облысы филиалының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

3 часа бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС