"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАСПАНАДАН ҮМІТКЕР ЖАСТАРҒА БАҒЫТ

22.07.2016

«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Қанат Дырынбаев қабылдады.

Өскемен қаласының тұрғыны, екі баланың анасы 29 жасар Аида Маратқызы жас отбасы ретінде мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алудың жолдарын сұрастыра келді. Қ.Дырынбаев «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жол» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» сынды мемлекеттік бағдарламалар бойынша жастарды баспанамен қамту тетіктері бар екенін айтып, нақты мысалдар келтірді. Бүгінде бір ғана «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында алты бағытта тұрғын үй құрылысы қолға алынған. Соның бір бағыты бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы 29 жасқа толмаған жас отбасылардың баспаналы болуға мүмкіндігі бар. Баспананы бағдарламаға қатысушы алғашқы сегіз жылда жалға пайдаланып, кейін өз меншігіне сатып алуына болады. Маманның жауабына көңілі толған Аида Маратқызы берілген кеңес бойынша құжаттар жинауға кірісетінін айтты.

Ал «Элхон» ЖШС директоры, кәсіпкер Ұлықбек Тумашинов көтерген мәселе 200 орындық қалалық балалар ауруханасының құрылысына қатысты болды. Мердігер мекеменің иесі тиісті қаражаттың түспеуіне байланысты аталған құрылыс әзірге кестеден кешігіп жатқанын айтып, партиядан кеңес сұрай келіпті. Қанат Дырынбаев бұл мәселе басқарманың тікелей бақылауында екенін жеткізіп, жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылатындықтан, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қатынас хат жолданғанын мәлімдеді.

Қоғамдық қабылдауда облыс орталығындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының санын арттыру мәселесі де көтерілді. Бүгінде Өскемен қаласы аумағында төрт бірдей орталық тұрғындарға қызмет етуде. Қала тұрғыны Айдын Кенжиханов халықтың қарасын азайту үшін осы ретте өз ұсынысын жеткізді. Басқарма өкілі жаңадан орталық салу бағытында 2014 жылы жобалық — сметалық құжаттар жасалғанын, бұл жоба 2014 – 2017 жылдар аралығында аяқталуы керектігін жеткізді. Ал осы құрылысқа жауапты мердігер компания өкілдері нысанды кестеден кешіктірмей тапсыратындарына сенімді. Тек ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінен бөлінуге тиіс қаржы әлі түспеген. Министрлік қаржы тапшылығына байланысты бұл жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жолдарын қарастыруда.

Қабылдау барысында ұсынылған барлық мәселелер бойынша толыққанды жауаптар беріліп, филиал мамандарының назарына алынды.

«Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облысы филиалының баспасөз қызметі.

 

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

16 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

16 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

16 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

1 день бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

1 день бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС