"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ФРАНЦУЗДАРМЕН ӘРІПТЕСТІК — ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРГЕ

12.08.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 10 тамыз күні Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьен Семей қаласына жұмыс сапарымен келді. Француз елшісі бастап келген топ Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовпен кездесті. Елші алдымен Абай ескерткішінің басына гүл шоғын қойып, тағзым етті.

Мәртебелі меймандар сапарының негізгі мақсаты қос мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту және нығайту, сонымен қатар экономикалық салаларда тығыз байланыс орнату. Өңірімізге Фрунцуз елінен келген бір топ делегация алдымен қазақтың ұлы ақыны Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Кейін меймандар қалалық әкімдікте шаһар басшысы Ермак Сәлімовпен кездесіп, тараптар өңірдің экономикалық дамуы және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру бағыттары жайында әңгімелесті. Семей еліміздің мәдени орталығы, бизнесті жүргізудің барлық жағдайы қарастырылған ірі аймақ. Сондықтан қала басшысы шаһарға инвестициялық қызығушылық танытып отырған қонақтарды Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған қасиетті жерде көргеніне қуанышты екенін жеткізді. Сондай-ақ Ермак Бидахметұлы жұмыс тобына Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде екі ел арасында экономикалық байланыс орнатуына жол ашылып отырғанын, алдағы уақытта әріптестікті нығайта түсу керектігін атап өтті.

— Бүгінгі кездесуіміз Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толу қарсаңында өтіп отыр. Бұл атаулы күн қос мемлекетті байланыстыра алады деп ойлаймын. Өйткені сіздердің елдеріңізде де аталған сынақтың жасалғанын білеміз. Осы атаулы күн Семейде дәстүр бойынша шетелдік мәртебелі меймандардың қатысуымен аталып өтіледі. Биыл да 29 тамыз – Дүниежүзілік ядролық қарудан бас тарту күні қарсаңында үлкен жиын өткізуді жоспарлап отырмыз және осы шараға өзіңізді құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырамыз, — деген қала әкімі Ермак Сәлімов алдағы уақыттары өзара байланысты нығайтып, әр салада әріптестік орнатуға ниетті екенін жеткізді. Шаһар басшысы кездесуде Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын, бүгінгі күнгі жеткен жетістіктері жөнінде қысқаша ақпарат берді.

Кездесуде тараптар француздық және семейлік кәсіпкерлер арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамыту болашағын талқылады. Осы бағытта Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьен тараптарға тиімді ұсыныстарды бірлесе талқылауға шақырды. Франция елшісі сондай-ақ делегацияның жұмыс сапарына тоқтала келе:

— Франция елі делегациясының жұмыс сапарының негізгі мақсаты Семей қаласымен және оның тарихымен тереңірек танысу. Сонымен қатар алдағы уақытта өзара әріптестік орнатып, әртүрлі саладағы байланысты жетілдіруді көздеп отыр. Шаһарға келген бойды алдымен қазақтың ұлы ақыны Абайға құрмет көрсеттік. Мен қызметіме кіріскелі Абайдың барлық шығармаларын оқып келемін. Бізде Виктор Гюго, ағылшындарда Уильям Шекспир болса, ал сіздерде ұлы ақын Абайымен мақтанады, — деді Франсис Этьен.

Жиын барысында Франция мемлекетінің өкілдеріне бірқатар ұсыныстар айтылып, Семейдегі іргелі жобалар таныстырылды. Ал делегация жұмыс сапарының келесі күні қаланың кәсіпкерлерімен кездесті. Қалалық кәсіпкерлер палатасында өткен келелі басқосуда қос мемлекеттің өңіраралық әріптестігін дамыту тұрғысында сөз қозғалды. Айта кетейік, елшінің Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аптаның соңына дейін жалғасады.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

13.07.2026
Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Мақаншы ауданында «құрғақ порт»...

Толығырақ...Details

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

13.07.2026
Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылындағы «Тарбағатай» жазғы сауықтыру лагері биыл да балаларға есігін айқара ашты. Мұнда аз қамтылған және әлеуметтік...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

13.07.2026
Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

Абай облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мақаншы ауданында 2026–2027 оқу жылында жалпы 4549...

Толығырақ...Details

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

12.07.2026

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

12.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

23 часа бұрын

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

24 часа бұрын

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

1 день бұрын

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

2 дня бұрын

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

2 дня бұрын

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

2 дня бұрын

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

2 дня бұрын

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС