"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ

19.08.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бейсенбі, 18 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Амантай Өтелбаев, тұрғын үй инспекциясының басшысы Светлана Заурбекова және Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Юрий Пазына қабылдау жүргізудің кестесі шеңберінде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға алғаш кіргендердің бірі Қабылтай Сегізбаев баспана мәселесімен келгенін айтты. 1998 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған ол ағымдағы жылдың мамыр айында ХҚКО-нан кезегінің  49 орында тұрғанын біледі. Ал шілде айында қайтара білгенінде 60 орынға сырғып кеткен. Осыны айтқан қала тұрғыны мәселенің мән — жайын анықтауды өтінді. Осы ретте сөз алған Семей қаласының тұрғын үй инспекциясының басшысы Светлана Заурбекова тұрғын үй кезегі жасалғаннан кейін өзгермейтінін, алайда прокуратура ұсынысымен кезектен алынған ата – ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар қайта енгізілгенін атап өтті. Светлана Заурбекованың айтуынша, бұған дейін ондай азаматтар басқа өңірге көшіп кетуіне байланысты тұрғын үй комиссиясы шешімімен кезектен алынып тасталған. Сәйкесінше тұрғын үй кезегі де аздап жылжыпты. Алайда қадағалаушы орган өкілдері кезекте тұрған азаматтар басқа өңірге көшіп кеткен жағдай орын алса да, оларды кезектен алып тастауға ешкімнің құқығы жоқ екенін ескерткен. Осыған байланысты прокуратура ұсынысымен кезектен шығып қалған бірқатар жетім балалар тұрғын үй кезегіне қайта енгізілген. Қабылдауға келген азаматқа түсінік бере кеткен Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Амантай Өтелбаев қала тұрғынына осы мәселе бойынша әкімдікке келіп,  кезегінің жылжу себебіне анық көз жеткізуіне болатынын атап өтті. Ол сондай-ақ, қажет болған жағдайда жазбаша жауап беруге дайын екенін тілге тиек етті.

Қабылдауға келген келесі қала тұрғыны Рымжан Камалбекова туысы Алуа Ибрагимованың баспана мәселесімен келгенін айтты. Ол туысының көп балалы ана екенін, алайда тұрып жатқан баспаналарының апатты жағдайда тұрғанын жеткізіп, жергілікті билік өкілдерінен қол ұшын созуларын сұрады. Өз кезегінде Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Амантай Өтелбаев мәселеден хабардар екенін айта келе, алдымен тәуелсіз сарапшылар арқылы тұрғын үйдің аппатты жағдайда екенін нақтылайтын сараптама жасату керектігін түсіндірді. Ол аталған құжат мәселені шешуге көмектесетінін, алдағы уақытта сала мамандары баспананы қарап шығатынына сендірді.

Қоғамдық қабылдауда жұртшылық тарапынан бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, қаладағы қоғамдық көлік қатынасы, ағаштардың заңсыз оталуы, пәтер иелері кооперативтерінің тиімсіз жұмыс жасауы мен ШҚ АЭК орнатқан жоғары кернеулі трансформатордың тұрғындардың денсаулығына тигізер әсері, Цементшілер кентін ыстық сумен қамтамасыз ету сынды бірқатар мәселелер көтерілді. Ашық түрде өткен кездесуде жергілікті билік өкілдері келіп түскен өтініштердің әрқайсысының жеке бақылауға алынатынын жеткізді.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 часа бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС