"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЯДРОСЫЗ ӘЛЕМ — ЖАҺАНДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ

31.08.2016
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

29 тамыз — Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс – қимыл күні. 2009 жылдың желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың Халықаралық күні ретінде жариялау туралы Қазақстанның қарарын бірауыздан қолдады. Бұл атаулы дата, яғни 29 тамыз БҰҰ, әлем елдері, үкіметаралық және ҮЕҰ-дың Ядролық сынақтарды тоқтатуға бірлесе күш салатын күні. 1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонында 450 сынақ жүргізілген. Осының салдарынан 1,5 миллион адам қасірет шекті. Бұл күні Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық мемлекетте ядролық сынақ құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алады.

Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай Бейбітшілік акциясы өтті. Оған Жапониядан арнайы келген мәртебелі меймандар қатысты. Бейбітшілік акциясына 10 мыңға жуық адам қатысты. Шара барысында зұлмат жаңғырығын естіген азат елдің ұрпағы — 25 бүлдіршін көкке 25 шарды ұшырды. Осылайша, кемел келешегімізге қадам басқан ұлы дала елінің, ұлы армандарын аспандатқандай болды. Акцияда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов сөз алып, ядролық қаруға қарсы іс-қимыл күніне арналған акцияға қатысушыларға өз құттықтауын жеткізді.

— Қадірменді қауым, құрметті жерлестер! Ядролық қаруға қарсы іс-қимыл күніне арналған Бейбітшілік акциясына қош келдіңіздер! Жас Қазақстан мемлекеті осыдан 25 жыл бұрын – бүкіл әлем елдерін бейбіт өмір сүруге шақырудың теңдессіз үлгісін көрсетті. Дүниежүзі бойынша төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартты. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлығы ядролық державалар басшыларына тағылым болды. Бүгін Қазақстан — ядролық қарусыз әлем жолындағы қадамдардың бүкіл әлем мойындаған лидері. Береке мен бірлікті, тыныштық пен татулықты мұрат еткен халқымыз мақсатына жетті,  бір кездегі үрей даласы — бейбітшілік жолындағы  жаһандық бастамалар бесігіне айналды. Бұл біз үшін – зор мақтаныш. Ядролық қаруды жою – адамзат қауымының ең басты арманы. Бүгінгі акция — бүкіл әлем елдерін ортақ мақсатты  іске асыруға шақырудың тағы бір  айшықты көрінісі, — деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Қазақстан халқының мызғымас достығы бүгінде бүкіл әлем назарында. Оған 29 тамыз — Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс – қимыл күні өткізілген Бейбітшілік акциясына орай келіп түскен көптеген құттықтаулар дәлел бола алады. Полигонның жабылуының ширек ғасырлық мерейтойы құрметіне Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун мырзаның жолдаған құттықтауы оқылды. Сондай-ақ ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата сынды көптеген ресми тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінен құттықтау хаттар келгені айтылды. Акция барысында мәртебелі мейман Токио университетінің профессоры Тэкуо Окадо сөз алып, Қазақстан халқына өзінің қолдауын білдірді.

— Мен үшін Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуына арналған Бейбітшілік акциясында мінберге шығып, сіздердің алдарыңызда сөз сөйлеу үлкен мәртебе. Мен Хиросима қаласында туып, осы қалада өстім. 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларында орын алған, Жапония тарихындағы сол бір ауыр кезеңді біз үнемі жадымызда ұстаймыз және ұмытпаймыз. Бұл күллі адамзат баласы үшін орын алған қасірет деп айтар едім. Біздер мұндай алапат тек Хиросима және Нагасаки қалаларында ғана орын алған деп ойлайтынбыз. 1989 жылы «Невада — Семей» антиядролық қозғалысы жайында естіп, қозғалыс жайында білгенімде сіздердің бастарыңыздан өткен, қабырға қайыстырар ауыр кезеңдерді сөзбен айтып жеткізу қиын екенін ұғынғандаймын. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 29 тамыз 1991 жылы Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойғанын әлемде жаңа тарихи дәуірдің бастау алғанымен толықтай байланыстыра қарауға болады. Өйткені әлемде қуаттылығы жағынан төртінші орында тұрған ядролық қарудан бас тарту, адамзатты бейбіт өмір сүруге үндеу кез келген мемлекет басшысының батылы жетпейтін қадам деп бағалауға болады. Бұл жарқын болашаққа бағыт алған Қазақстанның тарихи таңдауы. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы әлем елдері үшін үлгі һәм өнеге. Осы ретте тарихтың тезіне түскен халықтың мұқалмай, еңсесін тік ұстауы — қазақ халқының қайсарлығы деп баға беруге болатындай, — деп атап өтті.

Жыл сайынғы дәстүрлі жиында Халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының  мүшесі, Ақтөбе қаласынан арнайы келген Болат Қамысбаев та сөз алып, ядролық сынақтардың зардабын Семей халқымен бірге тікелей көрген тағдырлас ел екендерін атап өтті.

— Мен Болат Хайруллаұлы, өзімнің осыдан 27 жыл бұрын Қазақстанда бірінші болып құрылған «Невада-Семей» халықаралық  қоғамдық ұйымының мүшесі екенімді мақтан тұтамын! Баршаңызға белгілі ядролық сынақтардың зардаптарын Семей жері ғана емес, бүкіл қазақ даласы тартты. Сол бір зұлмат кезеңде біздің Ақтөбе облысының Байғани ауданының Жарқамыс елдімекенінің аумағында да 11 ядролық  сынақ өткізілді.  Сондықтан біз жаппай қырып — жоятын аждаҺа қарудың  зардабын Семей халқымен бірге  тікелей көрген тағдырласпыз. Сол бір жылдары қазақ даласынан бүкіл әлемге жар салған «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының арқасында, халқының мұңы мен зарын әлемдік трибуналарда табанды түрде, ашық та ашына айтып жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында қазақ даласындағы сынақ алаңдары мәңгілікке жабылды. Нұрсұлтан Әбішұлының  Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлығы, жас мемлекетіміздің алғашқы жеңісі, ядролық қаруға қарсы құрылған қоғамдық ұйымның іс-әрекеттерінің жемісі болғаны анық. Бейбітсүйгіш қазақ елінің дауысын барша әлем естіді, бүкіл дүние  әлемдік өркениеттер қатарына ұмтылған  Қазақстан мемлекетінің  бұл жеңісін мойындады. Біз бүгін, біздің далаларымызда жарылыстар тоқтады деп, үнсіз қалмақ емеспіз. Мен бүгінгі мәртебелі трибунаны пайдаланып, өзгелерді  ядролық қаруымен қорқытпақ болып отырған елдерге «отпен ойнамаңдар» демекпін. Болашақ ұрпағымыздың  бүгінгі ұрпақ алдында ешқандай кінәсі жоқ. Жерімізді оларға аман-сау аманат етейік! Сөзімнің соңында бүкіл планета жұртына:  «Ядролық сынақтарды тоқтатайық», «Зұлмат қарудан біржолата құтылайық» деген Қазақстан халқының үнін тағы бір рет жар салып жеткізгім келеді, — дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Болат Қамысбаев.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Бейбітшілік акциясынан кейін қаланың бірқатар нысандарында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Өңір басшысы алдымен қалалық әкімдікте мердігерлермен арнайы жиын өткізіп, шаһарға жасаған соңғы сапарында берген тапсырмаларының орындалу барысынан хабардар болды. Даниал Кенжетайұлы сонымен қатар Семейдің жылыту маусымына дайындық барысын талқылады.

Өңір басшысы қаланың ағымдағы жылғы жылыту маусымына дайындығы өткен жылмен салыстырғанда жоғары деңгейде екенін, дегенмен жылыту қазандықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кейбір мердігерлердің жауапсыздығынан жұмыстардың кешеуілдеп жатқанын атап өтті. Жиында қала әкімі Ермак Сәлімов осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Қала әкімінің айтуынша, «Зооветинститут» жылу қазандығын жөндеуден өткізіп жатқан мердігермен келісімшартты бұзу үшін заң аясында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дегенмен нысанда  жөндеу жұмыстары толықтай жүргізілуде. Ісіне салғырт қараған мердігердің сылбыр қимылдағанына қарамастан барлық жөндеу жұмыстары қазан айына дейін аяқталмақ.

Өз кезегінде Даниал Ахметов жауапсыз мердігермен келісімшартты бұзып, жақын уақытта жаңадан байқау өткізіп, жөндеу жұмыстарын сапалы атқарылуын қадағалауды тапсырды.

— Семей қаласы тұрғындарының алдағы жылыту маусымына еш алаңдауларына негіз жоқ. Оны толық сеніммен айта аламын. Барлық дайындық жұмыстары уақытылы аяқталып, жылыту маусымы көрсетілген мерзімде іске қосылатын болады, — деді Даниал Ахметов.

Жиын барысында аймақ басшысы екі көп қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізген мердігер «КазГрадСтрой» ЖШС-нің нысандарда жіберген қателіктерінің қаншалықты орындалғанын да сұрады. Облыс әкімі Семейге жасаған  соңғы сапарында қала тұрғындарының нақты осы мердігердің жұмысына шағымданғанын айтты.  Осы ретте сөз алған қала әкімі Докучаев көшесіндегі тұрғын үйге қатысты туындаған барлық мәселе шешілгенін, бүгінгі күні мемлекеттік комиссия аталған нысанды толықтай қабылдағанын жеткізді. Сондай-ақ әкімнің сөзінше, құрылысы өткен жылдан бері созылып келе жатқан Новостройка көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдегі жұмыстар да қыркүйек айында аяқталмақ. Айта кетейік, өңір басшысы өткен сапарында Новостройка көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйде болып, құрылыс жұмыстарын жүргізген «КазГрадСтрой» ЖШС-нің жұмысын сынға алған болатын. Бұл жолы да аймақ басшысы жауапсыз мердігерлер алдағы уақытта құрылыс жұмыстарынан шеттетілетінін қайталап айтты.

Бұдан кейін аймақ басшысы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жүргізіліп жатқан жылу желісінің құрылысы жайында сұрады. Өткен сапарында облыс әкімі мұндағы атқарылып жатқан жұмыстың тым созылып кеткенін айтып, құрылыс жұмыстарына қаражат толықтай бөлінгенін жеткізген еді. Сонымен қатар жауапты мердігерге жұмыстарды қыркүйек айына дейін аяқтауды жүктеген болатын. Алайда жиында мердігер компанияға қаражаттың толықтай бөлінбегені белгілі болды. Атап айтар болсақ, әлеуметтік нысанға тартылып жатқан жылу желісінің жобалық құны 377 млн. теңге болса, бүгінгі күні  оның 57 млн. теңгесі әлі аударылмапты. Облыс әкімі Д.Ахметов туындаған мәселені осы уақытқа дейін неліктен көтерілмегенін айтып, бұл үшін бірқатар тұлғалардың жауапқа тартылатынын жеткізді. Өңір басшысы мәселе алдын ала айтылғанда қаржы мәселесін уақытылы шешуге болатынын атап өтті.

Аймақ басшысы Семей қаласына жасаған сапары аясында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан Ертіс өзені жағалауында болды. Бұл жерде де Даниал Кенжетайұлы жағалауды жөндеу жұмыстарының кешіктіріліп жатқанын сынға алды.

— Ертіс жағалауына шағын спорт алаңын немесе балалар ойын алаңын орнату үшін қандайда бір арнайы білімнің керегі жоқ. Бүгін маған «Бұл жұмыстар келесі жылы атқарылады», «Қазір жобалық – сметалық құжаттар дайындалуда» деген секілді кезекті рет бос уәделер берілуде. Айта кетуіміз керек, біз қазірдің өзінде Семей қаласын абаттандыру үшін 2,5 есе артық қаражат бөлдік. Жылу жүйелеріне де қомақты қаражат бөлінуде. Қазір мен қаланың әуежайын күрделі жөндеуден өткізу үшін Үкіметпен жұмыс жүргізіп жатырмын. Алайда қалаға әркез келген сайын сол қалпында екенін көремін. Алдағы қыркүйек айында әкімдіктің көшпелі отырысын Семей қаласында өткізетін боламын. Сол жиында қаланың алдағы үш жылдық даму жоспары қаралатын болады. Алайда қазіргі жағдай менің көңілімнен шығып отырған жоқ. Қазір шаһарды дамыту үшін барлық табысы өзінде қалып отыр. Бұл алғаш рет қолға алынып отырған шаруа. Ал нәтижесінде не көріп отырмыз? Жұмыстар тым баяу жүргізілуде. Алдағы уақытта осы жұмыстардың барлығы жылдам орындалады деп үміттенемін, — деді Даниал Кенжетайұлы.

Сапар барысында Даниал Кенжетайұлы қаламыздағы жалпы білім беретін №2 орта мектебі мен Геологиялық барлау колледжінде болып, білім ошақтарының жұмысымен танысып, ұстаздар қауымымен кездесті. Облыс әкімі  Даниал Ахметов жұмыс сапарының соңында «Агрофирма Приречное» ЖШС-нің картоп, пияз және жүгері алқаптарын аралап, күзгі жиын – теріммен танысты. Аймақ басшысы өңірдегі егістік алқаптарының жыл сайын ұлғайып келе жатқанын айтып, өңірдің ауылшаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берді.

 

Асан МЫРЗАХАН, «Семей  таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

В городе Курчатов запускается пилотный проект по бронированию талонов электронной очереди

19.02.2026
В городе Курчатов запускается пилотный проект по бронированию талонов электронной очереди

Филиал Государственной корпорации «Правительство для граждан» по области Абай сообщает о запуске пилотного проекта по предварительному бронированию талонов электронной очереди....

Толығырақ...Details

Абай облысында инвестициялық жобалар мен кәсіпкерлікті қолдау қарқынды дамып келеді

19.02.2026
Абай облысында инвестициялық жобалар мен кәсіпкерлікті қолдау қарқынды дамып келеді

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында өңірдегі бірқатар инвестициялық жоба мен шағын кәсіпкерлік бастамалар таныстырылды. Жиында облыстың...

Толығырақ...Details

Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығы мен инвестициялық жобалар дамуда

19.02.2026
Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығы мен инвестициялық жобалар дамуда

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері Семей қаласының тұтыну нарығы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ)...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

19.02.2026
Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

АҚШ, Вашингтон Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт...

Толығырақ...Details

Құқықтық сауаттылық – тәртіп кепілі

19.02.2026
Құқықтық сауаттылық – тәртіп кепілі

Абай гарнизонына қарасты 44793 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті арттыру және отбасылық жанжалдардың алдын алу мақсатында түсіндіру кездесуі...

Толығырақ...Details

Жаңа Конституция педагогикалық ұжым алдында талқыланды

19.02.2026
Жаңа Конституция педагогикалық ұжым алдында талқыланды

Бүгін Жалпыұлттық коалицияның Абай облыстық филиалының мүшелері М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу барысында педагогикалық қызметкерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

В городе Курчатов запускается пилотный проект по бронированию талонов электронной очереди

3 часа бұрын

Абай облысында инвестициялық жобалар мен кәсіпкерлікті қолдау қарқынды дамып келеді

3 часа бұрын

Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығы мен инвестициялық жобалар дамуда

3 часа бұрын

Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

3 часа бұрын

Құқықтық сауаттылық – тәртіп кепілі

10 часов бұрын

Жаңа Конституция педагогикалық ұжым алдында талқыланды

10 часов бұрын

Жетісуда жаңа Конституция білім, ғылым және инновацияларды дамытуға қосымша кепілдіктер беретіні талқыланды

22 часа бұрын

Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістерін талқылады

22 часа бұрын

ІРІ КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫ АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ҚОЛДАЙДЫ: РЕФЕРЕНДУМ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

24 часа бұрын

Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды

24 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС