"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР АЛҚА ТАҚТЫ

02.09.2016
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қалалық әкімдігінде көпбалалы аналарға «Күміс алқа» төсбелгілері табыс етілді. ҚР Конституциясы күні қарсаңында ұйымдастырылған шараға қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Құрманғалиев қатысты.

Бүгінгі таңда Семей өңірі бойынша 1 129 нәзік жанды «Күміс алқа» иегері. Енді олардың қатары тағы да алты ақ жаулықты анамен толықты.

— Құрметті алтын құрсақты аналар! Сіздерді ие болып отырған мәртебелеріңізбен құттықтаймын және алғыс айтамын. Өмірге перзент әкелу, оны тәрбиелеп өсіру үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт тілеймін,- деген қала әкімінің орынбасары өзінің жылы лебізін жеткізді.

«Ана» деген ұлы есім екендігін тілге тиек еткен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов:

— Қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезов: «Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді»,- деген. Ғалым да, батыр да, алып та анадан туады. Ананың ақ сүтінен қасиеті артқан еш нәрсе жоқ. Сондықтан «Күміс алқамен» тоқталып қалмай, «Алтын алқалы» ана атаныңыздар,- деп тілегін білдірді.

Алқа таққан аналарды мемлекеттік марапаттарымен құттықтаған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Құрманғалиев төсбелгі иелеріне ай сайын 13 575 теңге мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатынын мәлімдеді. Марапат иелері атынан сөз алған Жазық ауылының тұрғыны Тұрғайша Бекбосынова әр баланың өз ырыздығы барын, көп балалы ана болу үлкен бақыт екендігін айтты. Алты баласынан 7 немере, 6 жиен сүйіп отырған әже жас келіндер ұрпақ сабақтастығын жалғастырудан жаңылмасын деген тілегін жеткізді.

— Өмірге ұрпақ әкеу бір бақыт болса, көп балалы ана атану екі есе қуаныш. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қолдау зор. «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деген сөз бар халқымызда. Құрмет көрсетіп отырған қала басшылығына, мемлекет басшысына алғысымыз шексіз. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болып, бейбіт аспан астында бақытты ғұмыр кешейік, — деп тілегін жеткізді Күміс алқа иегері.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 часа бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС