"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АЛТЫН АДАМ» СЕНІҢ ҚАЛАҢДА!

09.09.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдің облыстық тарихи – өлкетану музейінде ҚР Ұлттық музейінің бастауымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған  «Ұлттық музей сенің қалаңда» атты мәдени турдың ашылуы өтті.

Ұлттық музейдің айтулы шарасы осы уақытқа дейін Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Шымкент, Павлодар қалаларында ұйымдастырылып, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген еді. Мәдени турдың басты кейіпкері — Қазақ елінің брэндіне айналған «Алтын адам» жәдігері. Бұл жоба аясында мемлекет қорғауындағы, тек музей төрінде  ғана тұратын асыл мұра өзге облыстар мен қалалардың тұрғындары және қонақтарының назарына ұсынылады. Ел тұрғындарының кемел тарихымызға деген сүйіспеншілігін оятып, жас буынның бойында патриоттық сезімді қалыптастыру  шараның басты мақсаты болды. Семей қаласында өткен ауқымды іс-шара барысында көрермен қауым Ұлттық музейге «саяхат» жасап, рухани орда туралы видеороликтерді тамашалады.

Музейде өткен мәдени турға қатысқан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Көпбаев іргелі жобаның өңірімізде бастау алып жатқанына ризашылығын білдірді.

— Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл. Егемендіктің символы саналатын «Алтын адам» ұлылар еліне әкелінді. Баршаларыңызды осы бір айтулы мерекемен құттықтаймын. «Алтын адам» — Ұлттық музейдің басты жәдігері. Тәуелсіз Қазақстанның бұл жәдігері барша әлемді таң қалдырып отыр,- деді Берік Көпбайұлы.

Осыдан кейін қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов пен Семейдің облыстық тарихи – өлкетану музейінің директоры Бекен Теміров сөз алып, айтулы шараның мән-маңызы мен рухани мұраның құндылығына тоқталып өтті.   Қазақстандағы Ұлттық музей  – музей ісінің талаптары бойынша Азиядағы ең үлкен музей, нысан үлкендігі жағынан әлемдік ондыққа кіреді. Мәдени шарада салтанатты түрде ашылған еліміздің брендіне айналған «Алтын адам» жәдігері  көрермен көзайымына айналды.  Сонымен қатар  көрермен назарына ұсынылған  «Ұлттық музейге саяхат» видеороликтері де көпшілікке тың мәліметтер берді. Ұлттық музей — өткен тарихымызды байыптайтын, рухани мұрамызды зерделейтін аса ірі мәдени орталық. Отанымыздың бай тарихын түгендеу, салт-дәстүрін таныстыру, көнені көздің қарашығындай сақтау барша халықтың міндеті екендігін дәріптейтін жиында көпшілік қауым «Алтын адам» экспонатын қызыға тамашалады.

Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын мега жоба алдағы уақытта еліміздің басқа да қалаларында ұйымдастырылмақ.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 час бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС