"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛУ БЕРУ НЫСАНДАРЫ ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

09.09.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қалалық мәслихатының кезекті сессиясына дайындық барысында өндірісті дамыту, әлеуметтік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша тұрақты комиссия құрамындағы депутаттар бірқатар жылу нысандарын аралап, жылу маусымына дайындық барысымен танысты.

Қыс қыр астында. Жылу маусымына да бір айдан сәл асатын уақыт қалды. Осы ретте халық қалаулылары қысқы маусымға жылу беру нысандарының дайындығын көру мақсатында «Дорожник», 14-шағын аудан және №1 ЖЭО-да болып, қазандықтардағы мердігер мекемелердің жұмыстарын көрді.

«Теплокоммунэнерго» мекемесінің техникалық директорының орынбасары Аслан Оқасовтың айтуынша, «Дорожник» қазандығы өткен ғасырдың 80-ші жылдарында пайдалануға берілген. Оған 2015 жылдан бастап «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында  толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстың соңғы кезеңі атқарылуда. Жылыту маусымына дейін жөндеу жұмыстары аяқталып, тұрғын үйлерге уақтылы жылу беріледі деп жоспарланып отыр.

— Үш жарым шақырым жаңа жылу жүйесі тартылып, қуаты 1,8 гигакалория болатын ресейлік үш жаңа қазандық орнатылды. Нысанға барлығы 22 тұрғын үй қосылған. Орнатылған қондырғының қуаты барлық тұтынушыны сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жылу жүйелері дайын. Жалпы, жылу беретін нысан қысқы маусымға дайын болады,- дейді «Дорожник» қазандығының басшысы Мұрат Бухаев.

Халық қалаулылары барған екінші жылу орталығы — 14 – шағын аудандағы қазандық.

Мұнда да «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жылу жүйелері, қондырғылары 1 қыркүйек күні толығымен аяқталуы керек болған. Осында жұмыс істеп жатқан «Ралли-С» мердігер мекемесі белгіленген жұмыстардың  тек 70 пайызын ғана орындаған. Яғни, қалған 30 пайызы бір ай көлемінде еңсерілмесе, 1600-ден астам абоненттің мерзімінде жылуға қосылмай қалуы ғажап емес. Бұл жердегі келеңсіздікке куә болған  депутаттар мердігер жұмысын сынға алып, тиісті шара қолдану керектігін мәлім етті.

— Бұл жағдайға қатысты біз өз тарапымыздан шара қолданамыз. Облыс әкімінің орынбасары Д.Гариков те қысқы маусымға дайындық барысын жіті қадағалап отыр. Келісімшарт жасасқан құжаттағы екі тарапқа жүктелген міндеттерді ескерген жөн деп ойлаймын. Онда жүктелген міндетті мерзімінде аяқтамағаны үшін, мердігер мекемеге айыппұл салу жағы қарастырылуы керек,- деді  қалалық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Марлен Көкірекбаев.

Халық қалаулылары жауапсыз мердігер мекемеге қатысты шара қолданылатынын атап өтті.

Сонымен қатар депутаттар №1 ЖЭО-ның қысқы маусымға дайындық жұмыстарына да қанықты.

Әйгерім ЖАҚЫП, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 часа бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС