"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ НӘТИЖЕСІМЕН ҚҰНДЫ

20.09.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптаның бейсенбісі, яғни 15 қыркүйек күні жеке және заңды тұлғалардың мәселелерін қарастырып, оларды шешуге көмектесу, қолдау көрсету мақсатында «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қабылдауға «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы қызметкерлері, Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Марат Аленов, мемлекеттік тұрғын үйді есепке алу және бөлу мәселелері жөніндегі орынбасары Диана Шаяхметова және Семей қаласының тұрғын үй инспекциясының басшысы Светлана Заурбекова мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қала әкімі орынбасарының қоғамдық қабылдауына жалпы саны жиырмадан астам адам жазылып, өздерін толғандырған сауалдарға нақты жауаптар алды. Келіп түскен өтініштердің дені қоғамдық маңызы бар мәселелер. Олардың басым бөлігі баспана мәселесіне  қатысты болса, қалғаны әлеуметтік көмек көрсету мен өзге де мәселелер төңірегіндегі сауалдар.

Қабылдауға келгендердің бірі — тоғыз баланың анасы Айжан Бекмұхамбетқызы. Көпбалалы ана мемлекеттік тұрғын үй кезегінде екі жылдан астам уақыт тұрғанын айтып, пәтер алуға көмек сұрады. Айжан Бекмұхамбетқызы балаларының біразы оқу орындарында ақылы оқитынын, алайда әлеуметтік көмектен де  қалыс қалып отырғанын жеткізді.

Аталмыш мәселе бойынша Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мемлекеттік тұрғын үйді есепке алу және бөлу мәселелері жөніндегі орынбасары Диана Шаяхметова азаматшаның әлеуметтік қорғалғандардың тізіміне жататынын, алайда бүгінде ондай отбасылардың көп екенін айтып, баспананың тек заң аясында шешілетінін жеткізді. Дегенмен бөлім басшысының орынбасары алдағы уақытта «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ жалға берілетін тұрғын үйлерді пайдалануға беретінін, мүмкіндік болған жағдайда, бөлімге хабарласып, сол үйлерге өтініш беріп көруге болатынын жеткізді.

Келесі кезекте қабылдауға жүгінгендердің бірі Ресей Федерациясының азаматшасы Людмила Скулкина болды. Кезінде елімізден көшіп кеткен азаматша Семейде қайтыс болған анасының пәтерін жекешелендіруге  көмек сұрады. Белгілі болғандай, Людмила Скулкинаның анасы 2014 жылдың соңында Энергетик кентінен жалдамалы пәтерге ие болады. Алайда анасы жылжымайтын мүлікті өз атына аударып үлгермей өмірден озыпты. Аталған мәселемен жүгінген пәтер иесінің жалғыз қызы Людмила Скулкина анасының пәтерін жекешелендіруге көмек сұрады. Бұл тұрғыда сөз алған Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков аталған мәселені қалалық тұрғын үй комиссиясы шешетінін, барлық құжаттарды тапсырып, тек күту қажеттігін айтты.

Қабылдауға келген барлық азаматтардың сұрақтары бойынша Николай Ушаков қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап беріп, азаматтардың өтініш-ұсыныстарын негізге ала отырып, әрбір азаматтың арызының дәйектілігін мұқият зерделеп, өзі бақылауға алатынын жеткізді.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 часа бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС