"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТІЛІ БӨЛЕК БОЛСА ДА ТІЛЕГІ БІР

23.09.2016
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

21 қыркүйек күні Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Хақ» Ертіс бойындағы татар және башқұрттар одағы» Ассоциациясының ұйымдастыруымен «Татар қоғамын дамыту мен сақтаудағы Ислам дінінің рөлі. Татарлардың Еуразия территориясында Ислам дінін таратудағы рөлі» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция болып өтті.

Бауырлас татар халқының тілі мен дінін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын ұлықтау мақсатында өткізіліп отырған конференция жұмысына Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат Алтыбай және еліміз бен шетелдің жетекші ғалымдары, өлкетанушылар және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысы «Хақ» Ертіс бойындағы татарлар одағының төрағасы және татар өнер мектебінің жетекшісі Ғабдулхақ Ахунжановтың кіріспе сөзімен басталды. Бұдан кейін Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Құрметті конференция делегаттары, қадірлі ағайын. Әлемге ұлы Абайды, Шәкәрім мен Мұхтарды сыйлаған Семей жерінде бүгін тағы бір маңызды басқосу өтуде. Ертіс өзенінің бойына орналасқан Семей  қаласы еліміздің мәдени, рухани орталығы саналады. Бүгінде Семей шаһарында сексеннен астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Шаһардағы Достық үйі өңірдегі 14 түрлі этностар бірлестігін бір шаңырақ астына жинады. Оның ішінде татар халқының қоғамдық ұйымдары еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап Қазақстан халқының  мәдениеті мен салт-дәстүрінің және тілдерінің дамуына орасан зор үлес қосып келеді. Семей шаһарының тарихы  татар ұлтымен байланысты екенін жақсы білеміз. Семейде халықтар арасын жалғаған көпестер мен саудагерлер болды. Татар халқы қайырымдылық шараларымен де көптеп айналысып, мешіттер мен ғибадатханалар салып, шаһардың архитектуралық келбетінің жақсаруына өз үлестерін қосты. Тарихи деректерге жүгінер болсақ, Семей татарлары қаладағы  ең білімді азаматтардың қатарында болған. Біз өңірдің дамуына  үлестерін қосқан татар бауырларымызға зор алғысымызды білдіреміз. Шаһарымызды мекендеген  басқа ұлттар секілді, татар халқы қазір де қоғамдық келісімнің нығаюы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз атсалысып келеді. Бүгінгі өткізіліп отырған шара түрлі ұлт өкілдері  арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайта түсетініне сенімдімін,- деді өз сөзінде қала басшысы.

Сонымен қатар отырыста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай, Ресей Федерациясы Қазан қаласындағы Ислам институтының дінтану пәндері кафедрасының меңгерушісі Рамиль Рахимбаев, Ресей Федерациясының Өскемен қаласындағы Бас консулдығының атташесі Айрат Хамидуллин баяндама оқыды.

Жиында «Татарлардың рухани тәлімгерлері», «Себердә татар тарихы», «Семейдегі ХІХ ғасырдағы мұсылман институттары және мұсылман тұрғындары», «Шығыс Қазақстан облысы мен Семей қаласындағы татар отбасыларындағы ислам дәстүрлерінің негізгі түсінігі және татар тілін сақтау мен дамыту», «Сібір жеріндегі ислам дәстүрлерінің дамуына үлес қосқан Томск татарларының еңбегі» сынды бірқатар баяндамалар жасалды. Үлкен жиын соңында қаламыздағы «Иртыш Моңнары», «Истәлек», «Илһам» сынды татар халқы ансамбльдері мен  татар өнер мектебі оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

 

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

10 часов бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

10 часов бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

1 день бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС