"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АГРОСЕМЕЙ» ТЫҢ ӘДІСТЕРМЕН БӨЛІСТІ

27.09.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында ауылшаруашылық өнімдерін шығарушылардың «АгроСемей-2016» халықаралық көрмесі өтті. Көрмені ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті ұйымдастырды. Көрме ветеринария, мал шаруашылығы, экология сынды бірқатар тақырыптарды қамтыды.

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған көрмеге, елімізден бөлек, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Франция, АҚШ пен Қытайдан келген мәртебелі меймандар қатысты. Делегаттар алдымен дәріс залында бас қосып, аталған саланың бүгінгі жетістіктерімен бөлісті. Нарықтағы қарым-қатынасты екшелеп, әріптестік жөнінде әңгіме өрбітті. Бұдан кейін қонақтар ашық аспан аясындағы көрме мен павильонды аралады. Көрме жұмысына төрт түліктің төлін баққан өңір шаруалары қатысты. Оқу орынның аграрлық факультеті базасында өткен көрме алыс-жақын шетелдермен байланыс орнатып, тәжірибемен бөлісуге бағытталған. Сонымен қатар бұл шара Семей өңірінің экономикасын қуаттандырып, жаңа инвестиция тартуға жол ашады және экологиялық таза өнім өндіру жұмыстарына тың серпін беретінін айтады отандық ғалымдар.

Көрмеде келушілер назарына өңірімізде мекендейтін асыл тұқымды жылқылар, қазақтың ақбас сиыры, түйе мен ұсақ малдардың түрлері ұсынылды. Сан түрлі құстар, оның ішінде «Пекин үйрегі» мен үй қояндары көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұған қоса көрмеге сүт пен нан өнімдері, көкөніс пен бал да қойылған. Мұндай шара өндірушілер арасында бәсекелестік қалыптастырады. Нәтижесінде сапаның артуына да жол ашылады. «Бастысы — бір-бірімізден үйренеріміз көп»,- дейді шетелдік мамандар.

— Бүгінгі шара ауыл шаруашылығы саласындағы белді ғалымдардың басын қосып отыр. Баршаға мәлім, Беларусь елі сүт өндірісінде өзінің экологиялық таза өнімдерімен мақтана алады. Тауарларымыздың құрамында химиялық қоспалар жоқ. Сондықтан осы салада қазақ ғалымдарымен тығыз байланыс орнатып, бірігіп жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырмыз,- дейді беларусьтық ғалым Артем Финогенов.

Шара аясында әртүрлі тұқымдас иттердің көрмесі де ұйымдастырылды. Кинологтер олардың көмегімен жарылғыш заттарды іздеудегі іс-тәжірибелерін көрсетіп, жұмыстарындағы тың әдістермен бөлісті.

«СТ — ақпарат»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 час бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС