"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗАҢДЫЛЫҚ САҚТАЛҒАН ЕЛДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

04.10.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Семей қаласы ішкі істер басқармасының басшысы Жұмабек Исаділов пен «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дархан Жұмаділов және өңірдегі құқық қорғау органының жауапты басшылары құқық қорғау органдары қызметкерлерінің немқұрайлығын  және сот шешіміне қатысты келіспеушілігін жеткізген алты азаматтың арыз-шағымын тыңдады.

Семей қаласының тұрғыны Зәуре Ахметова 2005 жылы мемлекеттен 10 сотық жер телімін алып, бір жыл ішінде жеке тұрғын үй тұрғызғанын, ал 2006 жылы заң жүзінде құжаттарының барлығын түгендеп алғанын айтады. Зәуре Темірбекқызының айтуынша, 1998 жылы жер алған көршісі жалған құжаттармен оның жерінің жартысын өз атына рәсімдеп алған. Сотқа жүгінгенімен, құқық қорғау органы құжаттарының дұрыстығын тексерместен, істі көршісінің пайдасына шешіп берген. Осылайша, шағымданушы азаматша 33,7 шаршы метр жерінен айырылып қалған.

— Көршім онысымен қоймай, менің барлық жерімді заңдастырып алды. Менің ойымша, оған көмектескендер бар. Жарты жыл өтпестен менің жерімнің жартысын қосып алып, оның актісін жасатып алған. Тіпті әділет басқармасына тіркеп алыпты. Осы жылдар ішінде нақты деректерді көрсететін құжаттарға қол жеткізе алмадым. Дегенмен қазір қажетті  құжаттарды жинадым. Прокуратураға жүгіндім. Осы жағдайға байланысты алаяқтық ісі бойынша іс қозғалды. Бұл өткен жылы болған еді. Бірақ іс сол күйі қаралмай қалды,- деген қала тұрғыны құқық қорғау органынан көмек сұрады.                                                                                                      Өз кезегінде Семей қаласы ішкі істер басқармасының басшысы Жұмабек Исаділов аталған істің қайта қозғалғанын, қазір ол бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айта келе, осыдан былай азаматшаның барлық тергеу амалдары барысынан хабардар болып отыратынын айтып сендірді. Сондай-ақ шаһардың бас полицейі аталған мәселені өзінің жеке қадағалауына алғанын жеткізді.

Ал Николай Косинский өзінің азаматтық некедегі жұбайы, бүгінде он жылға істі болған Н.Левандовскаяның мәселесімен келгенін жеткізді. Бұл тұрғыда Николай Геннадьевич азаматшаға қатысты  жүргізілген тергеу амалдарына көңілі толмайтынын, істің бір жақты жүргізіліп, зайыбының нақақтан сотталып кеткенін айтып шағымданды. Ал басқарма басшысы өз кезегінде қазір осы іс бойынша тергеу амалдары қайтадан қолға алынғанын айтып, қандай да бір көңіл толмаушылық болса, заң аясында жүгінуге болатынын атап өтті.  Қоғамдық қабылдауды қорытындылаған Семей қаласы ішкі істер басқармасының басшысы Жұмабек Исаділов ішкі істер саласының басшылығына арыз-шағымдар негізінде жүйелі әрі сапалы жұмыс жүргізуді жүктеп, өтініштерді заң аясында шұғыл қарап, шешуді тапсырды. Ол сондай-ақ қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін өз бақылауына алып, заң аясында шара қолданатыны жөнінде хабардар етті. Қабылдауға келген басқа да азаматтар өз сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.

Асан МЫРЗАХАН,«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

50 минут бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС