"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛУҒА ҚАРЫЗЫ БАРЛАР ЕСІКСІЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН

07.10.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жылуға берешегі бар семейліктер пәтерлерінің есіктерінен айырылуы мүмкін. Бұл туралы сәрсенбі күні арнайы жүргізілген рейд барысында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов мәлім етті. Белгілі болғандай, 5 қазан күнгі жағдайға сәйкес, «Теплокоммунэнерго» мекемесіне қала тұрғындарының қарызы 318, 6 млн. теңгені құрайды.

Аталған қарыздың 249,6 млн. теңгесі жеке тұлғалардың еншісінде екені анықталды. Осы ретте аймақ басшысы Даниал Ахметов ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап «Теплокоммунэнерго» мекемесінің кредиторлық және дебиторлық қарызын азайтуға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеген. Жауапкершіліктен жалтарып, жылуға берешегін бермей жүргендермен күрес сол мамыр айынан басталған болатын. Міне, қоңыр күзге дейін аталмыш жұмыс жалғасын тауып келе жатыр. Ал сәрсенбі, 5 қазан күні ұйымдастырылған рейдке қала әкімінің өзі де араласты. Рейдке учаскелік полиция инспекторлары, жеке сот орындаушылары және өзге де жауапты ведомстволар өкілдері тартылды. Айта кетсек, мамыр айында жылуға қарыздың көлемі 767, 4 млн. теңге мөлшерінде болыпты. Алайда кешенді жүргізілген шаралардың нәтижесінде бұл көрсеткіш біршама төмендеді. Десе де бүгінгі күні жеке сот орындаушыларының қолында «Теплокоммунэнерго» мекемесіне қатысты бекітілген мерзімде орындалмай отырған 1700-ден астам сот орындау парақтары бар болып шықты. Берешекке белден батып, оны өтеуге асықпаған тұрғындарды жазалау мақсатында құзырлы орган мамандары шұғыл қадамдарға баруға мәжбүр болып отыр. Атап айтқанда, сот шешіміне сәйкес, борышкерлердің жеке мүлкі ретінде пәтерлердің сыртқы есіктерін шешіп алу көзделіп отыр екен.

— Қаладағы барлық жылу орталықтары ағымдағы жылыту маусымына дайын. 17 жылу пунктінің 10-ы өз жұмысын бастап отыр. Бұл орайда жылу қуатына ең алдымен әлеуметтік нысандар қосылғандығын атап өткім келеді. Олардың қатарына медициналық мекемелер, мектептер, балабақшалар мен интернаттар кіреді. Көмір қоры жеткілікті. Біздің жұмысымызды тек қана жылуға қарызы бар жеке тұлғалар кешеуілдетуде. Жеке сот орындаушылармен кездестік. Олар жауапсыз абоненттерге қатысты 2 мыңға тарта іс қозғалғанын айтты. Заңгерлермен кеңесе отырып, борышкерлердің жеке мүлкі ретінде пәтерлерінің сыртқы есіктерін тәркілеуге бел будық,- деп нақтылап атап өтті Ермак Бидахметұлы.

Анықталғандай, биыл шаһардағы тұрғын үйлердің 86%-ы жылуды қабылдауға дайын. Ал жылыту науқанына дайындық төлқұжаты тұрғын үйлердің 70%-да бар екен. Аталмыш рейдтің нәтижесінде Бөгенбайұлы, Узбекская және Дулатов көшелері мекенжайы бойынша тұратын абоненттерден жылу берешегінің басым бөлігі өндірілді.

Қала басшысы бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретінін атап өтті.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

25 минут бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС