"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АСТАНАДА ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

07.10.2016
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 8 — 9 қазан күндері «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді. Көрмелер, қойылымдар, концерттік бағдарламалар мен ауыл шаруашылығы өнімде-рінің жәрмеңкесінен тұратын іс-шаралар елордалықтарға ел Тәуелсіздігінің 25 жылында облыстың экономикалық және мәдени салада жеткен жетістіктері жайлы баяндайды.

Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын ұстанған Шығыс Қазақстан облысы 25 жылда әлеуметтік-экономикалық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет және спорт салалары бойынша жарқын жетістіктерге жетті.

Атап айтсақ, 25 жыл ішінде жалпы өңірлік өнім көлемі 8,8 миллиард теңгеден 2,3 триллион теңгеге дейін, немесе 260 есе өсті. Жалпы ішкі өнім, тұрғындар санына шаққанда, 5 мың теңгеден 1656,2 мың теңгеге дейін, немесе 330 есе ұлғайды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде өңірде 150 білім нысаны салынды, оның ішінде 129 мектеп, 21 балабақша бар. 100-ден астам денсаулық сақтау нысандары ашылды. Олардың қатарында 17 аурухана, 28 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 7 медициналық пункт, 13 стоматологиялық клиника бар. Мұнымен қоса 40 мәдениет нысаны ашылды, оның ішінде 11 Мәдениет үйі, 5 Достық үйі, 10 саябақ, 3 мұражай бар. Спорт саласында 300 жаңа нысан пайдалануға берілсе, оның ішінде17 сауықтыру кешені, 139 футбол алаңы, 137 хоккей қорапшасы, 2 ипподром, 3 хоккей модулі, Жекпе-жек сарайы, теннис корты, жеңіл атлетикалық манеж, орталық жабық жүзу бассейні, спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, тау шаңғысы кешені ашылды.

Өңірде іске асырылып жатқан жобалар тек дамуды ғана емес, бастысы, халықтың жағдайын жақсартып, біртектілікті нығайтып, бейбітшілікті сақтауға бағытталуда.

2016 жылғы 8 қазанда «Көрме» орталығында Шығыс Қазақстан облысының Берел қорымы, Шілікті обасы сынды бірқатар тарихи орындардан табылған құнды археологиялық артефактілердің көрмесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өңірдің бай мәдени өмірін таныстыратын «Шығыс Қазақстан суретшілері. Уақыт портретіне штрихтер» және «Үлкен жол кезеңдері» тақырыбындағы сурет және фото көрмелері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында «Тәуелсіздіктің жарқын жетістіктері: Шығыс Қазақстан» атты кітап көрмесі, театрсүйер қауымға дәл осы күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлтттық университетінде Өскемен қаласындағы облыстық драма театры сахналайтын К.Людвигтің «Жұлдызды сәт» қойылымы және Семей қаласының Абай атындағы облыстық театры ұсынатын Ф.Достоевскийдің «Дядюшкин сон» атты спектаклі көрсетіледі. «Қазақстан» спорт сарайында «Торпедо» және «Астана» балалар хоккей командалары арасындағы достық турнирі, «Барыс» хоккей клубының белді ойыншысы Талғат Жайлауовтың қатысуымен балаларға хоккейден шеберлік сағабы өткізіледі.

Қазан айының 8-9 күндері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алаңында «Қазақстанда жасалған» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылатын болады. Жәрмеңкеде елорда тұрғындарына 300 тоннаға жуық түрлі ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылмақ.

Екі күн бойы «Көрме» орталығында Шығыс Қазақстан облысының жетістіктерін паш ететін «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты бұйымдар мен өнімдердің көрмесі өтеді. Сондай-ақ іс-шара барысында Ә.Қашаубаев атындағы облыстық филармония ұжымы келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында екі күндік мәдени концерттік бағдарламасын ұсынады.

Шығыс Қазақстан Аймақтық

коммуникациялар қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

24 минуты бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС