"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАЛАҚЫҢЫЗ КЕШІКСЕ, ПРОКУРАТУРАҒА ШАҒЫМДАНА АЛАСЫЗ

25.11.2016
36
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының прокуратурасы кең көлемді  «Жалақы — уақтылы» жобасын жүзеге асыруда. Акция аясында әрбір қызметкер қадағалау органының өкілдеріне жүгініп, жалақы мерзімінің кешігуі туралы хабарлай алады.

Сәрсенбі күні Семей қаласының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланған баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Аталған шара «Жалақы — уақтылы» жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды. Жиынға Семей қаласы прокуратурасының прокуроры Тимур Сыздықов, Семей аймақтық салалық кәсіподақтардың координациялық кеңесінің төрағасы Сәбит Ибраев, еңбек заңдылығы бөлімінің басшысы Тоқтарбек Түсіпбаев пен Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Юрий Осьмаков қатысты.

«Жалақы — уақтылы»  акциясы — аса маңызды жобалардың бірі. Оның негізгі мақсаты — әрбір семейліктің еңбек құқығын қорғауға көмектесу. Дағдарыс кезінде көптеген кәсіпорындар мен фирмалардың қызметкерлерге жалақыны уақытымен бермейтіні немесе айлап кешіктіретіні жасырын емес. Мұндайда көптеген жандар не істеу керектігін білмей жатады. Айта кетуіміз керек, аталған шара облыс көлемінде қолға  алынған.

— Шараның мақсаты – жалақыға қарызы бар мекемелер мен ұйымдарды анықтау. Борышкерлер көп жағдайда жұмысшыларына жалақы бойынша қарыздары барын жасырады, ал қызметкерлер тиісті құзырлы органға жүгіне бермейді. Осыған орай, қалалық прокуратура бұрындары қарызы болған мекемелерге сараптама немесе жасырын сауалнама жүргізу арқылы жалақының кешіктірілгенін анықтайтын. Егер еңбекақы уақтылы төленбеген болса, мекеме немесе кәсіпорын басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Шараның мақсаты — қарапайым жұмысшылардың уақтылы жалақыларын алуларына қол ұшын созу. Қазақстан Конституциясы бойынша, әрбір азамат заң аясында уақтылы еңбекақыларын алулары тиіс,- дейді Семей қаласы прокуратурасының прокуроры Тимур Сыздықов.

Аталған акция ағымдағы жылдың  26 қазанында басталған. Шара барысында шаһардағы бірқатар кәсіпорындардың  жалақыға қарызы бары анықталыпты. Бүгінгі күні оның кейбірі борыштарын өтесе, кейбірі қаржылық қиындықтарға байланысты біртіндеп қайтарып жатқан көрінеді. Қадағалау органы өкілдерінің мәліметі бойынша, бүгінгі күнге дейін 60 млн. теңге көлеміндегі жалақыға қарыз жабылып, 200-ден астам азамат заңды еңбекақыларына қол жеткізген. Бұдан өзге шаһар кәсіпорындары қызметкерлеріне  24 млн. теңгеге жуық қарыз болып отыр.

Семей қаласының прокуратурасы «Жалақы — уақтылы» кең көлемді жобасын жыл соңына дейін жалғастырмақ. Ал егер нәтиже айтарлықтай болса, шара келер жылы да жалғасын таппақ. Айта кетейік, прокуратура өңірдегі еңбек құқығы бұзылған әрбір қызметкерді арнайы сенім телефонына хабарласуға шақырады. Семей қаласы прокуратурасындағы сенім телефоны: 8 (7222) 52-39-50. Бүгінгі күнге дейін аталған желіге алты адам хабарласып үлгерген. Тағы бір айта кетерлігі, өтініштері мен шағымдарын сенім телефоны арқылы  білдірген тұрғындардың құпиялылығы сақталады.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС