"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘКІМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ бұқарамен байланыстың тың тәсілі

06.12.2016
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ғаламтор деген ұғым қазір ешкімге таңсық емес. Жаңа медиа технологиялардың  мүмкіндіктерін қазір жас пен кәрі бірдей өз пайдасына жарата біледі. Бүгінгі таңда әлеуметтік желіні қолданушылардың саны күн санап артып келе жатқанын кез  келген статистикалық мәлімет айғақтап бере алады. Біздің елде танымал «Мой мир», «ВКонтакте», «Твиттер», «Фэйсбук», «Инстаграм» желілеріне «саусақпен сипайтын» ұялы телефоны барлардың кем дегенде біреуіне тіркелгені аян. Тіркеліп қана қойған жоқ, күндегі тірлігі де осы желімен байланысты. Осыған қарап – ақ бүгінгі заманауи адамның өмірін ғаламторсыз елестету әсте мүмкін емес. Қазір ғаламторға үңілмейтін адам жоқ шығар, сірә.

Соңғы жылдары ауылдық округтің әкімдігінен бастап облыстағы басқармалар мен министрліктердің, мекемелердің бір-бірден ашылған аккаунттары бар. Бөлім мен басқарма басшылары, әкімдер мен орынбасарлары, тіпті министрлер де парақша ашып, пайдалы жағына жаратуға жақсы қадамдар жасауда. Бұрынғы министр, бүгінгі әкім Әсет Исекешев, Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтар — «Facebook» желісінің белсенділері. Біздің Шығыс Қазақстан облысында да «Facebook» әлеуметтік желісін белсенді қолданатын шенеуніктер бар. ШҚО әкімінің орынбасары Қуат Тұмабаев, Курчатов қаласының әкімі Нұрбол Нұрғалиев, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Жуасбаева сияқты мемлекеттік қызметтегі басшыларды аталған әлеуметтік желіден жылдам тауып ала аласыз. Енді бұл тізімге Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімов те қосылып  отыр. Өткен аптада ресми түрде тіркелген Ермак Бидахметұлы желідегі белсенділігін бірден танытты. Жаңашылдыққа жаны құмар Ермак Бидахметұлы, билік пен бұқараның арасын жақындата түсудің тың тәсілі ретінде, әлеуметтік желіге әдейі тіркелгенін жария етті.

«Құрметті «Facebook» пайдаланушылары!

«Facebook» әлеуметтік желісінде жеке парақшамды ашуды жөн санап, алғашқы пост жазып отырмын. Қазіргі таңда ақпараттар ағымы лезде алмасуда. Сондықтан Семей қаласында орын алып отырған жаңалықтарды Сіздермен бөлісіп, өздеріңізбен үнемі байланыста болуды басты мақсат санаймын. Тоғыз жолдың торабында орналасқан қарт Семей қаласының даму потенциалы қашанда жоғары. Қаламызды одан әрі өркендету үшін, алдымызға үлкен міндеттер қойылып отыр.

Осы парақша — тұрғындарға Семей қаласы әкімдігінің қызметімен танысып, қаланың экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуына өз пікірін қосуына және атқарушы органдардың жүргізіп отырған жұмыстарына әділ баға беруіне мүмкіндік тудырады деген сенімдемін. Қаламыздың өміріндегі оң өзгерістерді көргісі келетін баршаңызды қарым-қатынасқа шақырамын»,- деп жазды алғашқы алғы сөзін қала әкімі.

Әкім тіркелген сәттен-ақ желі қолданушы семейліктер ғана емес, республиканың түкпір-түкпірінде тұратын азаматтар түрлі тілектерін, мұң – мұқтаждары мен арыз – шағымдарын, пікірлерін толассыз жазып жатты. Шыны керек, әкімнің парақшаны өзі жүргізетініне күмәнмен қарап жатқандар да табылды. Мәселен, Шолпан Сәтиева есімді желі қолданушы: «Қош келдіңіз, əкім мырза! Парақшаңызды өзіңіз толтыратыныңызға сеніңкіремей тұрмын. Жұмыс басты адамға дер кезінде жауап жазу мен қарау қиынырақ болар. Уақыт жетер ме екен? Сəтті болсын істеріңіз! «Əкім бол, халқыңа жақын бол!» деген ұстанымды ұстанатыныңызға сенімді болайын»,- десе, Алма Әубәкірова: «Өте дұрыс болған екен! «Фэйсбук» желісі xалықпен байланысқа түсе отырып, дұрыс ақпарат беруге көмектеседі деп ойлаймын! Іске сәт!»- деген тілегін жазыпты.

Қала өміріне бейжай қарай алмайтын желі қолданушылар шаһардағы бірқатар мәселелерді жазып, әкім оған назар аударса екен деген тілегін де жеткізген. Белгілі тарихшы Амантай Исин өз пікірінде қоғамдық көліктердегі келеңсіздіктерді айтыпты. «Қоғамдық көлік мәселесі алаңдатады. Әсіресе қаланың Жаңа Семей бөлігінен оң жағалауға автобус арқылы қатынау қиындап кетті. Ол бағытта автобустар азайған. Тасымалдаушыларға қояр кінә жоқ, олар өздерінің шектеулі мүмкіндіктеріне орай еңбек етуде. Көлікте жүру ақысы 2013 жылдың сәуір айынан бері көтерілген емес. Бұл жақсы әлеуметтік саясат. Бірақ қоғамдық көлік жүргізушілеріне жанармай жеңілдік бағамен берілмейді екен. Жүргізушілер азайған, олардың жұмыс сағаттары ұзартылған, олар қатты шаршап жүреді. Таяуда рульде отырған жүргізушінің жанайқай назын естіп едім,- деп жазыпты Амантай Исаұлы.- Орынбасарларыңыз екі тілде еркін сөйлейтін қызметкерлерден тағайындалуы тиіс. Мемлекеттік тілде халыққа қызмет көрсете алмайтындығы қынжылтады»,- деген назын да білдіріпті.

Ал Рашида Нүрпейісова есімді желі қолданушы кешкілік көшедегі жарық мәселесіне Ермак Бидахметұлының назарын аударуды жөн санаған екен. «Қай мезгіл болмасын кешкілік уақыттағы көшедегі жарық  мəселесі — адам өмірі үшін ең бастысы. Цементшілер кентіндегі негізгі жол бойындағы жарық қарсы келе жатқан автокөлік жарығымен шағылысып, жүргізуші көзіне үлкен əсер етеді. Сол жол бойында бірнеше əрі жиі орналасқан жаяу жүргіншілер жолағы санын негізге ала отырып қарасаңыз құба-құп болар еді! Жəне де жылыту мезгілі басталысымен, жылуды аямай беріп, енді нағыз аяз басталғанда жылудың азаюы үйдің берекесін қашырды. Бұл — жылда қайталанатын жағдай! Осы сала бойынша басшыға жылуды реттейтин құрылғы қоюды талап етсеңіз, үлкен ысырап болмас еді»,- деп пікір білдіреді.

22 қараша күні Ермак Бидахметұлы парақшасына әуежайдан Роза Рымбаеваны қарсы алғаны жайында пост жазып, бірге түскен суретін жүктеді. «Бүгін әнші, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Роза Рымбаеваны қарсы алдым. Роза Қуанышқызы Семей қаласына ән кешін өткізу үшін арнайы келіп отыр. Құрметті қала тұрғындары және қала қонақтары, сіздерді Қалалық Мәдениет сарайында өтетін тамаша кештің куәгері болуға шақырамын»,- десе, келесі күні: «Қазақстанның алтын дауысы, белгілі әнші Роза Рымбаеваның мерекелік концерті жоғары деңгейде өтті. Семей тұрғындары бір марқайып қалды»,- деп лентасын жаңалаған.

Дәл осы күні «Зайырлы қоғамда ұлттық және рухани құндылықтарды нығайтудағы ақсақалдардың рөлі» тақырыбында Семей өңірі ақсақалдарының форумына қатысқан қала әкімі: «Бүгін Семей қаласында өткен «Қарты бар елдің қазынасы бар…» атты аймақтық ақсақалдар форумына қатысып, қатысушылар алдында сөз сөйледім. Қазақ халқы қашанда ақсақалға үлкен құрметпен қараған, сондықтан жастарымыз ата жолын бағалап, аманатты ақтайды деген сенімдемін. Форум барысында ұтымды ойлар айтылып, жиын өз мақсатына жетті деп ойлаймын»,- деген пікірін білдіреді.

Байқаған боларсыз, әкімнің әлеуметтік желідегі белсенділігі жоғары. Дегенмен шаһар басшысы әлеуметтік желіде отырып, қарбалас тірлік пен қауырт шаруаны ысырып қойды деп пікір айтсақ, әбестік болар. Бұл — бұқарамен байланыстың жаңа форматы.

P.S:  Қазір ғаламтор  қоғамдық пікірді қалыптастыратын күшке айналып келеді. Өзінің  жұмысын, алға қойған міндетін қоғамға дәлелдеймін деген азаматтар техниканың осы заманауи  игілігін тиімді пайдалануда. Әлеуметтік желі жұмысыңның алға басуы үшін идея жинауға мүмкіндік береді. Оның үстіне тіршілік бар жерде проблеманың болуы заңдылық. Мың жерден қырағы болсаң да, қоғамдағы кейбір жайттардан шет қалып, соңында сан соғып жатасың. Осы ретте Ермак Бидахметұлының қоғаммен байланысудың ашық  әдісін таңдауы осы ұғымдарға саяды.

Айтпақшы, әкім өзінің парақшасын өзі жүргізеді, өзі жауап береді. Оған күмәніңіз де, күдігіңіз де болмасын!

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында діни ғимараттардың қорғалуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды

08.04.2026
Абай облысында діни ғимараттардың қорғалуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды

Абай облысында террористік тұрғыдан осал объектілер қатарына жатқызылған діни ғимараттардың қорғалу деңгейін қамтамасыз ету бойынша жұмыс күшейтілді. Кезекті жұмыс кездесуіне...

Толығырақ...Details

Балконды жөндеуден кейін анықталған кемшіліктер жойылмағанына байланысты Абай облысында соттың қаулысы шықты

08.04.2026
Балконды жөндеуден кейін анықталған кемшіліктер жойылмағанына байланысты Абай облысында соттың қаулысы шықты

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 35-бабының 4-тармағына сәйкес, жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) оны орындау (көрсету) барысында табылған кемшіліктер және...

Толығырақ...Details

Жаңасемей ауданында тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасып келеді

08.04.2026
Жаңасемей ауданында тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасып келеді

Жаңасемей ауданында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімі Нұржан Әбдікәрімов...

Толығырақ...Details

Жаңасемей ауданында ауыз су жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

08.04.2026
Жаңасемей ауданында ауыз су жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

Жаңасемей ауданында елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімі...

Толығырақ...Details

Жаңасемей ауданында көшелер жарықтандырылып, абаттандыру жұмыстары күшейді

08.04.2026
Жаңасемей ауданында көшелер жарықтандырылып, абаттандыру жұмыстары күшейді

Жаңасемей ауданында инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Әбдікәрімов мәлімдеді. Қазіргі таңда ауданда көшелерді жарықтандыру...

Толығырақ...Details

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітім туралы келісімді құптады

08.04.2026
Тоқаев Таяу Шығыстағы бітім туралы келісімді құптады

Semeytany.kz - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу жөніндегі келісімнің жасалуын құптады. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында діни ғимараттардың қорғалуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды

5 часов бұрын

Балконды жөндеуден кейін анықталған кемшіліктер жойылмағанына байланысты Абай облысында соттың қаулысы шықты

5 часов бұрын

Жаңасемей ауданында тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасып келеді

5 часов бұрын

Жаңасемей ауданында ауыз су жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

5 часов бұрын

Жаңасемей ауданында көшелер жарықтандырылып, абаттандыру жұмыстары күшейді

5 часов бұрын

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітім туралы келісімді құптады

6 часов бұрын

Абай облысында туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы пысықталды

1 день бұрын

Шығыс кентінде 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді

1 день бұрын

ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ – СЕРГЕКТІК ПЕН ШЫМЫРЛЫҚ КЕПІЛІ

2 дня бұрын

Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артып келеді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС