"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАСШЫҒА ДА, МАЛШЫҒА ДА СЫН КЕЗЕҢ

09.12.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 7 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин мен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов бастаған топ табиғи сипаттағы төтенше жағдай орын алған Абай ауданына қарасты Саржал ауылдық округі мен Семей қаласына қарасты Абыралы өңірінде жұмыс сапарымен болып, жергілікті халықпен жүздесті.

Алдымен Саржал ауылына барған атқарушы билік өкілдері тұрғындармен кездесіп, орын алып отырған қиындықтардың алдын алу мәселелерін талқылады. Аталған өңірлерде қараша айының басында толассыз қар жауып, арты жаңбырға ұласып, кейіннен аяз қысып, малдың жайылымын қиындатқан болатын.

Ауылдың барлық бағытында қыстамаларға баратын жол қатынасы қиындағандықтан, Абай ауданы әкімшілігі тарапынан арнайы штаб құрылып, аталған мәселе бойынша ауыл тұрғындарының және шаруа қожалық жетекшілерінің қатысуымен отырыс өткізілген. Алдымен, жекеменшіктегі үш табында 2 мың бас жылқы малына жол аршу үшін аудан орталығынан 2 бірлік  К-700 тракторы ДАГ-пен жіберілген. Аудан әкімінің қызметкерлерімен Саржал ауылында кезекшілік ұйымдастырылған.

Бүгінгі күні Саржал ауылындағы 9 шаруа қожалығы малымен көршілес ауылдық округтердің қыстамаларына көшіріліпті. Сондай-ақ басқа ауылдардағы 24 қыстаққа бірлесіп отыру және жайылым жер беру мәселесі шешілген. Бұған қоса көршілес Павлодар облысының Аққу ауданынан және Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха, Глубокое, Шемонайха, Үржар ауданынан мал азығы күнделікті тасымалдануда.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин Саржал ауылдық округіне жұмыс сапарымен келіп, жергілікті халықпен кездесу өткізді. Бүгінгі күні облыс әкімінің тапсырмасымен Саржал ауылына қосымша 3 бірлік К-700 тракторы ДАГ-пен және шынжыр табанды арнайы техника (тягач) жіберіліп отыр. Сондай-ақ облыстың басқа аудандарынан қажетті шөп жеткізілуде. Ал аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбековтің тапсырмасымен Саржалдағы 9 шаруа қожалығы көршілес жатқан Медеу және Тоқтамыс ауылдық округтерінің жайылымдарына көшкен. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қазіргі уақытта округтегі жағдай қалыпты. Тұрғындар дәрі-дәрмекпен, азық-түлікпен толықтай қамтамасыз етілген.

Соңғы он күнде екінші мәрте сапармен келген облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин халықпен кездесіп, осы уақытқа дейін атқарылған жұмысқа бағасын берді. Оның айтуынша, Саржалдағы жағдай бүгінгі күні қалыпқа келе бастаған, дегенмен қыстың енді басталғанын ескерсек, күнделікті жұмыс істеп, жағдайды бақылауда ұстау қажет.

— Орын алған жағдайға байланысты Саржал ауылдық округінде төтенше жағдай жарияланған болатын. Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің  тапсырмасымен екінші рет келіп отырмын. Бұл мәселе аймақ басшысының күнделікті назарында және бақылауында. Даниал Кенжетайұлының тапсырмасы бойынша, аудан әкімдігі мен Саржал ауылдық округінің әкімдігі бірлесе жақсы жұмыс ұйымдастырған. Халықтың 2 мың бас жылқысы ауылға жеткен. Күйі нашар малды бөліп алып, тұрғындар үйлерінде ұстап отыр. Тамақ, жанармай қоры, жемшөп жеткізу мәселелері де жүйелі түрде ұйымдастырылған. Осы соңғы он күннің ішінде үш тоннаның үстінде шөп, осынша мөлшерде жем жеткізілген. Әрине, барлығын сатып алып жатыр. Тегін ешнәрсе жоқ. Бірақ кейбір жағдайы төмен, әлжуаз топтағы азаматтарға көмектесу мәселесі де қарастырылған,- дейді облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Дүйсенғазы Мағауяұлы өткен жолғы сапарында аудан басшылығына біраз мәселелерді шешу керектігін ескерткен еді, бүгінгі күні оның орындалу барысы жайында айта келіп, жұмыс осы деңгейде жалғаса беретін болса, тығырықтан шығуға болатынын жеткізді. Дегенмен аймақ басшысының орынбасары ішінара мал шығынының орын алғанын да жасырған жоқ. Осы ретте ол қытымыр қысқа дайын болу керектігін ескертті.

— Алдымызда үш ай бар. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы әлі алдымызда. Сондықтан әлі көп жұмыс күтіп тұр. Бұл өңірде мал азығын дайындау дәстүрлі қалыптаспаған. Мәселен, бұл жақта 10 мыңға жуық жылқы малы бар. Бірақ шөп дайындалмайды. Жайылыммен шығады. Сондықтан биылғы қыстың ерте түскенін ескеріп, күнделікті жұмыс істеу керек. Қиындықтар алда деуге болады,- деп түйді облыс әкімінің орынбасары.

Саржал ауылдық округіндегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Ыбырай Серікбай да биылғы қыстың қатты басталғанын, салдары ауыл тұрғындарына ауыр тигенін айтады. Дегенмен ол абдырап қалған халыққа көмектің дер кезінде жеткенін атап өтті.

— Қарашаның басынан бастап қар, жауын жауып, арты қатты аязға айналды.  Жалпы, Саржал ауылы ежелден мал өсірумен, оның ішінде жылқы өсірумен шұғылданады. Дегенмен қыстың қатты болатындығы жайлы жан-жақтан ескертулер болған. Бірақ өзіміз жай қалып қойдық, оны қайталап айтқаннан ештеңе шықпас. Осы жағдайымызды ескеріп, көмек көрсеткен облыс әкімі Даниал Ахметовке Саржал ауылының тұрғындары алғысымызды айтамыз. Аудан әкімдігі де шама-шарқынша жұмыс атқаруда. Арнайы екі техника бөлініп, бірқатар шаруа қожалықтарына жол салынды. Ең бастысы, жекеменшіктегі жылқы малы қиыншылыққа ұшырады. Бұған да көмек жасалды. Техникалар күнделікті қатынас жасап отырды. Барлық жұмыс ойдағыдай атқарылып жатыр. Көпшілік малымыз осы техникамен жеткізілді. Ауылдың халқы малын жеткізіп алды. Ендігі мақсат ұйымшылдықпен қысты өткізу,- дейді саржалдық Ыбырай Серікбай.

Осы орайда ауыл ақсақалы Мұхаметқали Мұқанов та қытымыр қыс қыспаққа алған сәтте шұғыл көмек көрсеткен облыс басшылығына зор алғысын жеткізді.

— Жағдайымыз алғашқыда өте қиын болды. Жылқыларды жеткізе алмай, қиындық көрдік. Дегенмен облыс, аудан әкімдерінің көмегімен арнайы техника бөлініп, малымызды жинап алдық. Қазір жаман емес, малымыздың барлығы қолда тұр. Жан-жақтан жемшөп әкелініп жатыр. Мұның барлығы біз үшін үлкен қамқорлық,- дейді сексенді алқымдаған ауыл ақсақалы.

Қолайсыз ауа райына байланысты Семей өңірінде де жағдай қиындаған. Бүгінгі күні шаһарға қарасты сегіз ауылдық округте де төтенше жағдай жарияланып отыр. Бұл өңірлерде де қарашаның алғашқы күндерінен бастап жауын-шашын мол болды. Қар аралас жаңбыр жауып, боран соқты, содан кейін аязды күндер басталды. Осыған байланысты Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қалаға қарасты  Абыралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Жазық, Жиенәлі, Знаменка, Қараөлең, Таңат ауылдық округтері аумақтарын арнайы аралап шықты. Айта кетейік, Абыралы өңіріндегі ауыл әкімдері осы өңірден сайланған облыстық мәслихат депутаты Марат Құрманбайға қалыптастқан ахуалға байланысты бұдан бұрын хат жолдаған еді. Сапар барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин мен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов бастаған топ шалғайда орналасқан Қараөлең ауылдық округіне қарасты бірқатар қыстақтарды аралап, шаруалардың жай-күйімен танысты, кейін Қайнар ауылында болып, жергілікті халықпен жүздесті. Жолай бақташымен жолыққан билік өкілдері жайылымның жайын сұрады. Мал мен жанның амандығын сұрасты. Өзін Ербол Абдулин деп таныстырған бақташының   айтуынша, бүгінде өңірде мал жайылымы қиынға соғып тұрған көрінеді.

— Жайылым жоқ, жердің барлығы мұз. Өрістегі мал қияқтың басын ғана жейді. Жылқылардың аяғы қиылып, қиынға соғып отыр. Мал жүдеп барады.  Әзірге мал шығыны орын алған жоқ. Тек жайылым жағы қиындық туғызуда. Бұрын мұндай жағдай болмаған,- дейді бақташы жігіт.

Атқарушы билік өкілдері Қайнар ауылына жетпей бұрылып, өңірге қарасты қыстақтарға жол тартты. Тау етегіндегі қыстаққа келген билік өкілдеріне «Жұлдыз» шаруа қожалығының төрайымы Ырысқайша Тұмарбаева жағдайдың аса мәз емес екенін жеткізді.

— Жаздай жауын-шашын болып, шөп шаба алмадық. 200-дей қойымыз бар. 60-70 сиыр бар. Екі үйір жылқы бар. Жер мұз болғандықтан, қойдың жайылымы жоқ болып тұр. Жылқы, бір ай болды, қайда екенін білмейміз. Қар қалың, жылқы іздеген кісінің өзін зорға алып келдік. Ат болдырып, тұяқтары қиылып қалды,- дейді қожалық иесі.

Осы ретте сөз алған Дүйсенғазы Мусин қожалықтағы мал басы санын сұрап, қысқа әзірліктің жасалмағанын айтып, қысқа қатаң түрде дайындалу керектігін, табиғи апаттың айтып келмейтінін атап өтті.

— Біраз ірі қара, екі үйір жылқы ұстап отырсыздар. Ұсақ мал да бар. Шаруа қожалығы болғандықтан шөпті өздеріңіз жаздай дайындауларыңыз керек еді. Жылда жайылымға сеніп кеткенсіздер де, жемшөпті дайындамағансыздар. Бұл табиғат апаты ғой. Жауын жауып, жер көк мұзға айналғандықтан, біраз қиналып отырсыздар. Шаруа қожалықтары малдың азық қорын жасамаған. Мәселен, сіздердегі ірі қараның өзіне кем дегенде 120-130 тонна шөп керек. Сондықтан бұл жағынан кемшіліктер көп. Жекеменшік болғаннан кейін, ешкім сіздерге дайындап беруге міндетті емес. Оны да дұрыс түсіну керек,- деді Дүйсенғазы Мағауяұлы.

Өңірдегі бірқатар қыстақтарға қатынас жоқ. Мұндағы ағайынның біраз жылқысы әлі күнге дейін табылмай жатқаны да белгілі болды. Осы ретте сөз алған Қараөлең ауылдық округінің әкімі Сағынғали Қапақовтың ақпаратынша, өңірдегі Бөрілі, Олжай, Қаратас, Қабанбай, Айтжан, Байсейіт, Айнашолақ, Мазақбай, Келдібай, Қарашоқы, Асқарбай, Сөрелі деген қыстақтармен байланыс үзілген. Олардың төртеуіне телефон арқылы шығуға мүмкіндік болса, қалғандарына байланыс жоқ. Қалың қар техниканың да жүруіне мүмкіндік бермей отыр. Бұл ретте облыс әкімінің орынбасары, төтенше жағдай орын алып отырғандықтан, шынжыр табанды техника тарту керектігіне тоқталса, қала әкімі Ермак Бидахметұлы арнайы техника жіберілетінін атап өтті.

Дүйсенғазы Мағауяұлы орын алған жағдайды реттеу жұмысы жиырма күндей кешігіп жатқанын айтып, ауыл әкімінің жұмысын сынға алды.

— Бір ай болды, әлі жүрсіздер. Мүмкін, жылқылар қырылып жатқан шығар. Ал адамдардың жайы қалай? Бұл — төтенше жағдай. Сондықтан дер кезінде дабыл қағу керек еді,- деді облыс әкімінің орынбасары.

Бұдан кейін Қайнар ауылында тұрғындармен кездесу өтті. Жиында сөз алған Дүйсенғазы Мусин өңірге облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы келгенін, бүгінгі күні Семей өңіріне қарасты бірқатар ауылдық округтерде төтенше жағдай жарияланғанын айтып, ауыл әкімінен соңғы он күнде атқарылған жұмыс барысын баяндауды өтінді. Одан кейін Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов сөз алып, табиғат жағдайына байланысты орын алып отырған қиындықтарға өз тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

— Семейге қарасты бірқатар ауылдық округтерде төтенше жағдай жариялау туралы шешім шығардық. Қала бюджетінен 15 млн. теңге бөліп отырмыз. Қазіргі таңда он жүк көлігі жемшөп әкеле жатыр. Жаңа жылға дейін тағы да үш рет осылай көмек жасалатын болады. Бұған қоса Қарағанды облысының Қарқаралы өңірімен келісімге келіп, мал азығын жеткізуді ойластырып отырмыз. Тағы бір мәселе техника қажеттілігі болып отыр. Төтенше жағдайлар басқармасына тапсырма бердім. Осы жаққа бір шынжыр табанды техника жіберетін болады. Жіберілген мал азығын ақсақалдармен кеңесіп өздеріңіз бөлесіздер. Жемшөпті өз қаражаттарыңызға сатып аласыздар. Ал жол шығынын жергілікті билік көтеріп отыр,- деді Ермак Сәлімов.

Ауыл әкімі С.Қапақов мал азығын бөлу бойынша ауылда арнайы комиссия құрылғанын атап өтті. Осы ретте облыс әкімінің орынбасары ауыл әкімінің жұмысын сынға алып, мал азығы мен арнайы техникаларды дайындауға ерте қамдану керектігін, ауылда мал есебінің де дұрыс жүргізілмей отырғанын атап өтті. Дегенмен ауыл тұрғындары өңірде мұндай табиғи құбылыстың бұрындары болмағанын айтады. Қайнар ауылының тұрғыны Серік Ақышев:                                                                                                             — Бізде бұрын-соңды мұндай болып көрмеген. 1977 жылдан кейін қайталанып отырған қатты қыс. Қар қалың. Оның үстіне жауған жаңбыр, жер мұзға айналып, тек мал шаруашылығымен күн көріп отырған халықтың жағдайын қиындатып жіберді. Он шақты күн болды, облыс басшылығы ауылымызға келіп халықтың жағдайын өз көздерімен көріп отыр. Бүгінгі күні ауылымызға жемшөптің келе жатқанын естідік. Бұл облыс және қала әкімінің бізге деген үлкен көмегі деп есептейміз. Ауылдың ардагерлері атынан үлкен алғысымды айтамын. Әрине, ауыртпашылық бар. Сондықтан халық болып шама келгенше шығын шығармай қыстан алып шығамыз деп ойлаймыз.

Қайтар жолда Абыралы өңіріне бағыт алған бірнеше жүк көліктерін кездестірдік. Керуенге әдейілеп жолыққанымызда, алдымыздан Семей қаласы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев қарсы алды. Оның айтуынша, төтенше жағдайға байланысты өңірге қаланың бағасымен он жүк көлігі мал азығын әкетіп барады.

— Ауылдарға бөлетін боламыз. Жақын күндері Қарағанды облысының Қарқаралы ауданынан 200 рулон және 1,5 мың түк шөп жеткіземіз. Алдағы жұмаға тағы мал азығы дайындалуда,- дейді бөлім басшысы.

Бөлім басшысының ақпаратынша, төтенше жағдай жарияланған ауылдық округтерде тиісті жұмыстар атқарылуда. Жолдар күреліп, шаруашылықтарға қатынас жақсартылған. Ал шығынды азайту мақсатында малдар жауын жаумаған ауылдарға жөнелтілуде екен. Мәселен, Таңат ауылдық округі Шұбартауға жақын орналасқан. Бүгінгі күні ол жаққа Абыралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ  ауылдық округтерінің жылқылары айдалып жатса, қалаға жақын Знаменка, Жазық ауылдық округтерінің 1,5 мың бас жылқысы Абай ауданының Қасқабұлақ ауылдық округіне жеткізілген.

Облыс әкімі қысылтаяң шақта шаруаларға қамқор болу керектігін мықтап тапсырды. Жемшөптен тарығып отырған ауылдағы ағайынға қолдау болады. Бірақ, жеткізілген жемшөпті шаруалар сатып алуы қажет. Бұл ретте судың да сұрауы бар екенін ұмытпайық.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

05.07.2025
Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, мекеменің бүгінгі ахуалымен танысты. 1978 жылы салынған...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

05.07.2025
Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданына сапары барысында жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, олардың талап-тілектерін тыңдады. Кездесу...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

04.07.2025
Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданының орталығында жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

04.07.2025
Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында орналасқан облыстық балалар биологиялық орталығына барып, мекеменің тыныс-тіршілігімен...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

04.07.2025
Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы №42 жалпы орта білім беретін мектепке барып, білім ошағының жағдайымен...

Толығырақ...Details

Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

04.07.2025
Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

Мәдениет Semeytany.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шілденің алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады. Бұл туралы ол...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Астана күнімен құттықтап, елорданың ел дамуындағы рөліне тоқталды

2 дня бұрын

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

3 дня бұрын

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

3 дня бұрын

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

4 дня бұрын

Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

4 дня бұрын

Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

4 дня бұрын

Облыс әкімі Семейдегі Қарттар үйі мен психоневрологиялық орталықтың жағдайымен танысты

4 дня бұрын

Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

4 дня бұрын

Абай облысында 10 қаржы пирамидасы әшкереленіп, 88 миллион теңге шығын келген

4 дня бұрын

Абай облысында есірткімен күрес күшейіп жатыр: жарты жылда 300 келіден астам зиянды зат тәркіленді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС