"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШЕЖІРЕЛІ ШИРЕК ҒАСЫР

13.12.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы-драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдық мерейтойына орай салтанатты жиын болып өтті. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қатысқан мерекелік шарада түрлі салада өңірдің өркендеуіне сүбелі үлестерін қосқан бір топ азаматтарға, мерейтойлық медальдармен қатар, Семей қаласының Құрметті азаматы атағы табысталды.

Салтанатты жиынға Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Семей өңірінің әлеуметтік – экономикалық дамуына күш салған қоғам қайраткерлері, денсаулық сақтау және құқық қорғау органы мамандары, Қарулы Күштер өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, сондай-ақ мәдениет пен спорт саласының үздік майталмандары, зиялы қауым өкілдері жиналды. Қала әкімі Ермак Сәлімов еліміздің ширек ғасырлық тарихына тоқталып, осы 25 жыл ішінде семейліктердің жеткен жетістіктері мен табыстарына көз жүгіртті.

— Құрметті жерлестер, ардақты ағайын! Баршаңызды ұлы мереке — Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл бабалар аңсаған арманның орындалған күні болып саналады. Тәуелсіздік — болашақтың бастауы. 25 жыл ішінде халқымыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын қолдап, дамудың даңғыл жолына түсті. Жасампаз еңбектің арқасында экономика жақсарып, Қазақстан қуатты мемлекетке айналды. Президент «Қазақстан – 2050» Стратегиясында «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынды. Оны орындау үшін татулықты сақтап, аянбай еңбек ету қажет. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі Семей халқы әрқашан да Мемлекет басшысы қойған міндеттерді лайықты орындап келеді. Алдымызда ұлы мақсаттар тұр. Жарқын болашақты ұрпаққа табыстап, Қазақстанды дамыған елдердің қатарына қосу жолында баршаңызға сәттілік, амандық және толағай табыстар тілеймін. Егемен ел қуанышы құтты болсын,- деді Ермак Бидахметұлы

Бұдан кейін қала әкімі Елбасының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалін табыстау рәсімін өткізді. Аталмыш марапатқа ие болғандардың қатарында соғыс ардагері, ШҚО-ның Құрметті азаматы Ғабдулғазиз Ахмеров, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы шахматтан Әлем чемпионы Болат Қабжанов, Семей қаласы перинаталды орталығының дәрігері Гүлжазира Дүйсекенова, «Чернобыль мүгедектері» ерікті қоғамының төрағасы Вениамин Слетников, кикбоксингтен әлемнің төрт дүркін чемпионы Бауыржан Құдайбергенов және өзге де салалардың үздіктері болды. Сонымен қатар шара барысында Семей қаласының Құрметті азаматы атағы ҰҚК-нің ардагері, генерал-майор Қамза Ибраевқа, ІІМ-нің еңбек сіңірген ардагері, юстиция генерал-майоры Рүстем Қайдаровқа және СММУ-дің құрметті профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты Тәңірберген Тоқтаровқа берілді. Өз кезегінде марапат иегерлері осындай құрметке лайық деп танылғандарына алғыстарын білдіріп, Тәуелсіздік жылдарындағы жылы естеліктерімен бөлісті.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС